Сабақтың басталғанына бақандай екі апта. Алайда, балалардың бəрі бірдей мектепке барып жүр ме? Сабаққа əлі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.01.2017
өлшемі29,12 Mb.
#3126
түріСабақ
1   2   3   4   5

23:54

Суық қала жатырқап жатыр мұны. 

Дөңбекшіп жатып көзі ілінді. Түсінде 

ауылын, ата-əжесін көрді. «Тоңып 

жүрген жоқсың ба, құлыным?» деп 

қояды бұған…



Мөлтек сыр

ÒҮÑІÍÁÅÉÌІÍ

«Нан ауыз тиіп кетейін» дегенімде, 

көздері шарасынан шыға жаздап, түкке 

түсінбей қалған кісілерді көргем бірде. 

Қонағы үйінен шəй ішпей кетсе ренжіп 

қалатын қайран қазағымның қазіргі 

«қалалықтанған» кейпін түсінбеймін. 

Интернетте ағынан ақтарылып алып, 

ертесіне сені өмірінде көрмеген кісі 

құсап өте шығатын «Фейсбуктегі» 

«достарды» түсінбеймін. «Денсаулық 

үшін» деп ішімдік ішетіндерді түсін-

беймін. Тырнағы сынып қалғанын 

проблема қылатын қыздарды түсін-

беймін. Көмегің керек болғанда айдан 

болса да тауып алатын таныстар бар. Кімнің тарысы піссе, соның тауығы 

болуға даяр адамдарды түсінбеймін. Түсінбейтіндерім көп негізі. Мүмкін, əлі 

кішкентай шығармын…

Нұрайым СҮЙІНДІКОВА,

Сегізсай негізгі мектебінің

9-сынып оқушысы. 

Шыңғырлау ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

Жанайқай

ҚÛÇÛÌ ҮÉÄÅ,

ҚÛËÛҒÛ ÈÍÒÅÐÍÅÒÒÅ...

Əлеуметтік желіні ақтарып отырып, түрлі құрдастарымды көремін. 

Жазбаларын оқысаң, ойлары тəп-тəуір сияқты. Бірақ, бір-бірлерінің суретіне 

пікір жазғанда, жағаңды ұстайсың. Жазуы сауатсыз, санасы таяз. Мəнсіз-

пəтуасыз бос сөзге бейім. Өзім қатарлы қыздардың парақшасына кіріп қалсаң, 

жартылай жалаңаш фотолардан көз сүрінеді. 

Əлде өздеріне осы абырой көріне ме екен?! 

«Қызым үйде, қылығы интернетте» болып 

тұрған заман ғой қазір...

Нұрбол ƏУЕЛХАН,

Қожбанбет би 

атындағы 

орта мектептің 

11-сынып оқушысы.

Қоңырөлең ауылы,

Панфилов ауданы,

Алматы облысы

е 

п



жартылай жалаңаш фото

Əлде өздеріне осы аб

«Қызым үйде, қыл

тұрған


Бетті дайындаған Ботакөз ИКРАМОВА

Бақытты болу үшін міндетті түрде 

ғарышқа ұшу немесе жаһанды жалт 

қаратар жаңалық ойлап табу керек емес. 

Жай ғана күнделікті өмірде қарапайым 

қағидаларды есте ұста: 

– Өзіңмен өзгелердің қандай қарым-

қатынаста болғанын қаласаң, сен де 

олармен сондай қарым-қатынаста бол.

– Өзіңді де, өзгені де кінəлама.

– Өзіңді де, өзгені де кешіре біл.

– Күніне кем дегенде үш кісіге 

жылы сөз айт. Мейлі, тіпті, «Көйлегің 

əдемі екен» деген сияқты болса да…

– Əрқашан бірінші болып өзің 

сəлемдес.

– Адамдарға өздері сұрағанынан да 

көп беруге тырыс.

– Əрқашан күліп жүр.

– Кешірім сұраудан қорықпа.

– Ескі достарыңызды ұмытпа.

– Алғысты көбірек айт.

– Жылына кем дегенде екі рет бұрын 

ешқашан болмаған жерге бар.

– Шамаң келсе, көбірек саяхатта.

– Еш қалтқысыз сүй.

– Жаның қаламаған іспен айналыспа, 

одан жақсы дүние тууы екіталай.

– Күнделік жаз.

Мəдина ЖОЛШЫ,

Қ.Орымбетов атындағы 

орта мектептің 

9-сынып оқушысы. 

Қаракемер ауылы,

Еңбекшіқазақ ауданы,

Алматы облысы

жоғары сынып оқушыларына арналған бет



Бақылай жүріңдер! 

11

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл



№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

АЛТЫН АРҚАУ

АЛТЫН КЇН, 

АЛТЫН КЇН, 

ЌОЅЫР КЇЗ, 

ЌОЅЫР КЇЗ, 

ЌАРА КЇЗ


ЌАРА КЇЗ

ÑҮÍÄÅÒ – 

ÑҮÍÄÅÒ – 

ÏÀÉҒÀÌÁÀР

ÏÀÉҒÀÌÁÀР

ÑҮÍÍÅÒІ


ÑҮÍÍÅÒІ

Сүндеттеу – тазалықтың 

жəне деннің саулығының 

кепілі. Тазалықтың кепілі 

болатыны, əр дəретке 

барған сайын терінің 

астына микробтар 

жиналады. Ол кейін түрлі 

ауруларға əкеліп соқтыруы 

мүмкін. Ер адамдарда жиі 

кездесетін баланит, фимоз, 

баланопостит, парафимоз, 

уретрит деген аурулар 

болады. Сүндеттелген ер 



Сүндеттеу – əрбір мұсылманның парызы. Пайғамба-

рымыз Мұхаммедтің (с.а.у) сүннеті. О баста «сүндет» 

сөзінің өзі осы «сүннеттен» шықса керек. Ал қазақта 

«піштіру» деп те айтады. Əдетте балалар 3, 5, 7 жасында 

сүндеттеледі. Бұл ғұрыпты бұрындары молдалар атқа-

ратын болған. Қазір көбіне-көп хирург дəрігердің көмегіне 

жүгініп жатады. 

адамдар мұндаймен сирек 

ауырады. Сүндет жыныстық 

жұқпалы аурулардың да 

алдын алады. Этнограф 

Жағда Бабалық атамыз 

келтірген деректерге 

қарағанда, піштірілген 

балалардың 90 пайыздан 

астамы несеп жолдарының 

кеселдерімен ауырмайды 

екен. 


Өкінішке қарай, соңғы 

жылдары біздің елімізде ғана 

емес, бүкіл əлемде қатерлі 

ісік аурулары асқынып 

барады. Соның ішінде ер 

адамдардың жыныс мүшесі 

мен əйел адамдардың жатыр 

мойнының ісігі көптеп 

кездеседі. Ал сүндеттелген 

ер адамдардың мұндай 

кеселдерге душар болуы  

сирек. Онымен қоса, күйеуі 

сүндеттелген əйелдерде де 

қатерлі ісік аз кездеседі екен. 

Сүндет тойын жасайтын 

баланы атқа мінгізіп, 

үстіне оқалы шапан, 

басына тақия кигізеді. 

Беліне ақ кездеме байлап, 

атына екі басы шашуға 

толы қоржын салдырып, 

бір ересек адам ертіп 

жүреді. Туған-туыс, дос-

жаран, ел-жұртты сөйтіп 

тойға шақырады. Бала əр 

ауылға барғанда оны ауыл 

адамдары шашу шашып 

қарсы алады. Беліндегі 

ақ кездеме белдігіне кəде 

байлайды. Қоржынындағы 

шашудан алып, орнына 

тағы шашу салып қояды. 

Жақын туғандары мен 

нағашылары тай, құнан, ат, 



Білгенге – маржан

«СҮНДЕТ ТОЙҒА

 СҮЙКІМСІЗ ҚЫЗ БАРАДЫ»

қой-қозы атап, шапан кидіріп 

қайтарады. 

Қалыптасқан салт 

бойынша, сүндет той мен 

оның ойын-тамашаларына 

қыздар мүлде бармайды. 

«Сүндет тойға сүйкімсіз қыз 

барады» деп, қыздардың 

сүндет тойға баруын 

көргенсіздік санайды. 

«Ағаш бесіктен жер 

бесікке дейін» кітабынан... 

ÑҮÍÄÅÒÒÅËІÏ

 ÒÓÛËÓ

      Осыдан екі-үш ай бұрын Алматының іргесіндегі Жармұхамбет деп аталатын



   алақандай ауылда жұрт ғажайып бір оқиғаның куəгері болды. Ғайша деген апамыз-

дың бес жастағы немересі ұйқыдан сүндеттеліп ояныпты. «Кеше кешкілік жуындырып 

жатқызған екен, таңертең осындай болыпты» десіп, бүкіл ауыл шуласып-ақ қалды. Қазір, 

жалпы, жер-жерде осындай оқиғалар кездесіп жүр. Тіпті, сүндеттеліп туылатын балалар да 

болады. «Салт-дəстүр сөйлейді» атты отбасы хрестоматиясында осы сүндеттеліп туылуға 

қатысты мынадай дерек берілген екен: 



«Дəуіт пайғамбардың отыз ұлы дүниеден қайтқан 

соң,  Ұлық  Алла  оған  шекесі  торсықтай  ұл  береді.  Оның  отыз  ұлға  татитын  ерекше                            

қасиеті бар екен. Туғанда сүндеттеліп туылыпты. Діни наным-сенімдерде ең алғаш

   іштен сүндеттеліп туған бала Сүлеймен пайғамбар екен деседі. 

Осыдан бастап   сүндеттеліп туған баланы таза ұстаса, Сүлеймен

 пайғамбардың қасиеттері қонады деген түсінік 

пайда болыпты». 

Мұны да біле жүрейік

Жапырақтар сарғайып, айнала сары алтындай болып 

жататын мезгілді «алтын күз» деп əспеттейміз. Одан кейін 

күн салқындағанымен, жайма-шуақ болып тұратын уақытты 

«қоңыр күз» дейміз. Ал қыстың басына тақау қақаған суық 

күндерді «қара күз» деп жатамыз. 

Салт-дəстүрді зерттеуші Жəрдем Кейкіннің жазуына 

қарағанда, қыркүйек айындағы шуақты күндер 



«мизан 

шуағы» деп аталады. Ал айдың соңына қарай «киіктің 

матауы» деген амал бар. Айтпақшы, Жəрдем аталарың 

«қыркүйек» деген атауға байланысты мынадай анықтама 

берген екен:

 «Қыркүйек – күз басы, күзем айы. Саулықтар 

мен ешкілердің төлдеу мерзімін реттеу, оны жылы 

айларға келтіру мақсатында жаздың басында қошқарлар 

мен текелерге байланған күйек 90 күннен кейін 

алынатын мерзімге сəйкес келуіне байланысты айға 

«қыркүйек» атауы берілген».

Балалар, қыстың қандай боларын күздегі кейбір амал-

əрекеттерден де білуге болады. Сондықтан, айналадағы табиғат 

құбылыстарын бақылап жүргендерің абзал. Мəселен, күзде 

қайың мен еменнің жапырақтары тегіс түсіп қалса, келер қыс 

қаһарлы болады деген сөз. Ал егер ағаштың жапырақтары 

тұтас түспесе, қыстағы ауа райы бірқалыпты болады деген 

сөз екен. 



Мұхаметжан 

ТАЗАБЕКОВ,

 «Асыл арнаның» басшысы:

– Бала дүниеге келгеннен бастап сүндет-

теуге болады. Ол кезде бала есін білмейді, 

тез сауығады. Түрлі микробтардың түсу қаупі де 

төмен. Бізде көбіне мектепке барарда сүндеттейді. 

Ойын баласы болғаннан кейін əрнеге ұрынып 

қалуы мүмкін. Сондықтан, ертерек 

сүндеттеуде тұрған ештеңе жоқ.



Бетті дайындаған Жұлдыз ƏБДІЛДА

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

12

ЕЛТАНУ



(Жалғасы. Басы өткен санда)

Веналықтар 

Астананы біледі

Будапештпен қимай қоштасып, 

Венаға аттандық. Австрия астанасына 

түнгі 12-лер шамасында жеттік. 

Жол бойы ғаламтордан қаладағы 

хостелдерді қарап келгенбіз. Біздің 

қалтаға лайық бірі де жоқ. Бəрінің 

бағасы ұшып тұр! Енді қайттік дегенде, 

жалға берілетін екі бөлмелі пəтерді 

ЕУРОПА ӘСЕРЛЕРІ-2

ЕУРОПА ӘСЕРЛЕРІ-2

(жолсапар)

көзіміз шалып қалды. Құны басқаларға 

қарағанда біршама арзандау екен. 

Қанша дейсіңдер ғой? 169 еуро! Бұл, 

біздіңше, 40 мың теңгеден де көп. Иə-

иə, пəтерде бір түн қонып, түске қарай 

шығып кету үшін осы соманы төлеуіміз 

керек. Амалсыз келістік. Өйткені, 

Вена – əлемдегі ең қымбат қалалардың 

бірі. 

Хош, таң ата салысымен, серуенге 



шықтық. Ақшамызды Варшавада 

злотыйға, Будапештте форинтқа ауыс-

тырып əуреленіп едік, Венада оның 

қажеті болмады. Барлық жерде еуро 

жарамды екен. 

Орталықта ығы-жығы адам көп. 

Алдыңғы қалалардағыдай емес, мұн-

дағы ғимараттар биігірек əрі тығыз 

салынған екен. Ə дегеннен əйгілі «Вена 

операсы» жақтан бір-ақ шығыппыз. 

Алыпсатарлар бізге билет өткізбекші 

болып, жолымызды бөгеді: 

– Сəлем, қыздар! Операға билет 

аласыздар ма?

– Бүгін қандай қойылым?

– Джузеппе Вердидің «Травиа-

тасы»...

– О-о-о, Джузеппе Верди? Қаншада 

басталады? Бағалары қандай?

– Бүгін кешкісін сағат 8-де. Бағалар 

100 еуродан жоғары. 

Кешкісін кететін болғандықтан, 

операға үлгермейтін едік. «Келесі жолы 

сəті түсер» деп, өзімізді жұбаттық.

Ал əлгі кісілер біздің турист екенімізді 

түсініп тұр. «Қазақстаннанбыз» 

дегеніміз сол еді, ішіндегі пысықай-

лауы «Kazakhstan?! Astana?! Nazarba-

yev?!» деп, бізге қарап, бас бармағын 

көрсетті. Венада жүріп, Астананы 

білетін, Елбасыны танитын неміс 

жігіттің мұнысына біз таңдай қақтық, 

риза болдық. 

Қала көшелерінен кофе мен 

тəтті бəліштің иісі шығады. Венаны 

Еуропаның «кондитерлік астанасы» 

деп бекер айтпайды екен. Қайда 

бұрылсаң да, кофехана мен кафелерді 

көресің. Атақты француз круасанының 

ең алғаш Венада пісірілгенін де осында 

білдік.

Айтпақшы, тамақтанатын орындар-



ға барып, су сұрасаң, мұндағы даяшы-

лар суды тұп-тура краннан алып келеді. 

Өйткені Венаның суы əлемдегі ең таза 

ауыз су болып есептеледі. 



«Мұнда 

кенгуру жоқ!»

Американдықтардың біразы 

Австрия атауын Австралиямен 

шатастырады екен. Тіпті, елге келіп 

алып, кенгуруларды көргісі келетіндер 

көп деседі. Ондай туристерді жергілікті 

халық жақтыра бермейді. Сондықтан 

болар, сатылып жатқан кəдесыйлар мен 

«магниткалардың» бетінде «Австрия 

– Австралия емес!», «Мұнда кенгуру 

жоқ!» секілді сөздерді жиі көрдік. 

Түстен кейін Пратер саябағына 

жолымыз түсті. Онда 250 түрлі ойын-

сауық аттракционы бар екен. 117 

метрлік «Шынжырлы əткеншекке» 

отырмақшы болдық əуелі. Бұл – əлем-

дегі ең биік əткеншек. Венаға күнде 

келіп жатқан жоқпыз ғой, мұны да бір 

байқайық дедік. Қорқыңқырап тұрсақ 

та, қызығушылық жеңіп барады. 5 еуро 

төлеп, бір-бір орындыққа жайғастық. 

Жайғасқан жиырма бесімізді əткеншек 

жайлап жерден көтеріп, айналдырып 

əкетті. 30 метр... 60 метр... 100 метр... 

117 метр... О, ғажап! Əткеншектің 

ұшар басына жеттік. Өзіміз сағатына 

60 км жылдамдықпен əткеншек осінде 

айналып тұрмыз. Төмен қарадым. 

Бағана ғана «қандай үлке-е-ен» 

дегізіп таңдай қақтырған алып қала 

кіп-кішкентай болып, алақандай 

жерге сыйып кетіпті. Мегаполистегі 

құжынаған халық, ағылған көлік – 

бəрі-бəрі құдды бір ойыншық-макеттей 

көрінеді. Тілімізге «керемет» пен 

«мəссағаннан» басқа сөз келмеді... 

«Шынжырлы əткеншектен» 

түскен соң, «Катапультаға» қарай 

жүгірдік. «Катапульта» планетадағы 

ең қорқынышты 10 аттракционның 

қатарына кіреді екен. Өздерің ойлап 

көріңдер енді, биіктігі 110 метрлік 

бағанның ортасына арқан байланған. 

Екі кісі сол арқанның ортасындағы 

орындыққа отырады. Сигнал берілген 

соң, əлгі арқан түп-түзу боп тартылып, 

адамды аспанға қарай атады. Рогат-

каның тасы боласың, былайша айтсақ. 

Тəуекел деп, бұған да бардық. Сақтық 

белбеулерімізді мықтап байлады. 

Іштей санап, күтіп отырмын. 3... 

2... 1... Арқан тым тез тартылып, 

бізді Венаның аспанына қарай алып 

ұшты. Көз алдымда көкпеңбек 

əлем! Сол көкпеңбектің ішіне сүңгіп 

бара жатқандаймын. Одан басқа 

ештеңе көрінбейді. Бағанның ұшына 

жеткенімізде, «төңкерілдік» те, төменге 

қарай құлдиладық. Бағанағы қорыққан 

қорыққан ба, нағыз қорқыныш енді 

болды. Сұмдық жылдамдықпен құлап 

келіп, жерге бір-ақ кіріп кетеміз бе 

деп зəрем қалмады. Осы кезге дейінгі 

өмірімде ең күшті адреналинді сол 

сəтте сезіндім. Сөзім жоқ!

«Пратердің» қызығына түсіп, кеш 

батқанын да аңғармай қалыппыз. 

Жолға жиналу керек! Келесі аялдама – 

Берлин.   

Немістер 

нақтылықты сүйеді

Неміс жеріне табанымыз тие сала, 

ерекше тазалықты сезіндік. Жерде 

жатқан бір қоқыс жоқ. Халқы да аса 

мəдениетті екен. Турист екеніңді 

білгендер жаны қалмай көмектесуге 

əзір. Келген күні-ақ қала аралауға 

шыққанбыз. Орталық алаңға қарай осы 

барады-ау деп топшылап, автобусқа 

міндік. Тағы бір нақтылап алайық 

деп, автобустың ішіндегі бір жігіттен 

жөн сұрадық. Ол бізді тыңдап болды 

да, жалма-жан жанындағы досына 

бұрылып, «сен бара бер» дегендей иек 

қақты. Сөйтті де, есік жақтағы «стоп» 

түймесін басып, автобусты тоқтатты. 

Өзі бізбен түсіп, біз айтқан алаңға дейін 

бірге барды. Мұндай ілтипатқа риза 

болған біз алғысымызды жаудырып, 

əлгі құрдасымызға елден апарған 

«Қазақстан» шоколадын сыйға тарттық. 

Ертеректе пəкістандық бір саудагер 

Германияға барып келген екен. Үйіне 

қайтқан соң, туыстары мен көршілері 

«Германия қалай екен?» деп сұрапты. 

Сонда əлгі кісі: «Германияда мұсылман 

аз, бірақ ислам бар. Ал Пəкістанда 

мұсылман көп, бірақ мен ислам көр-

медім», – деп жауап берген екен. 

Неміс халқының адалдығын, əділдігін 

айтқаны да... 

Берлин көшелері көлікке толы. 

Бірақ ереже бұзып, шу шығарып жат-

қан бірі де жоқ. Ескі, күйі кеткен маши-

наларды да байқамадым. Бəрі де иненің 

көзінен өткендей су жаңа, жылтырап 

тұр. Біз жақта той кортежіне шығатын 

S-класты «Мерседестер» – мұнда такси.

Немістер нақтылықты сүйетін ел 

ғой. Берлинде жүріп, сəт сайын соған 

көзіміз жетті. Қала шетіндегі музейге 

барғымыз келіп, бір жүргіншіден 

жол сұрағанбыз. Ол дереу телефонын 

шығарып, бір бағдарламаны ашты. 

Керекті мекен-жайды жазды да, 

бізге көрсетті. О, ғажап! Минутына 

дейін анықтап, музейге қалай, қашан 

жететінімізді жайып сап тұр. «10:23-те

метроға отырып, 10:41-де мына бекет-

тен түсу керек. Сол бекеттен 5 минут 

жаяу жүресіз де, сағат 10-нан 46 кет-

кенде мына автобусқа отырасыз. Ол 

11-ден 18 минут өткенде, қажет мекен-

жайға апарады», – дейді. Əуелгіде сен-

бедік. Бірақ шынымен де уақыты тұп-

тура келіп, əлгі кісі айтқан мезгілде біз 

музейге жеттік. 

Граффитиі 

көп қала

Берлинге барып тұрып, Бранденбург 

қақпасын көрмеу – үлкен өкініш болар 

еді. Париж алаңында орналасқан бұл 

алып қақпа – Германияның басты 

символы. Биіктігі 20 метрден асады. 

Қақпаның сол жағында қаладағы ең 

əйгілі «Adlon» қонақ үйі орналасқан. 

Бұдан соң, Берлин қабырғасын 

көруге асықтық. 1989 жылға дейін 

қақпа қаланы батыс пен шығысқа бөліп 

тұрған. Бүгінде қабырға қирап қалса 

да, кішігірім бөліктерін Берлиннің 

əр бұрышынан көруге болады. Біз 

Потсдам алаңындағысына бардық. 

Мұнда келген туристердің бір қызық 

дəстүрі бар екен. Олар қабырға бетіне 

бір-бір сағыздан жапсырып кетеді. 

Бүгінде қабырғаның сағыздан сау жері 

жоқ. 


Қаланы аралап жүріп, мұнда стрит-

арттың кең таралғанын аңғардым. 

Ғимараттардың, үйлердің, түнгі 

клубтардың дуалдарына граффитидің 

түр-түрі салыныпты. Еш мағынасы жоқ 

вандалдық суреттерден бастап, саяси 

астарлы жазуларға дейін бар. Қаланы 

мəн-мағынасыз граффитилерден 

тазарту үшін жыл сайын Берлин 30 млн 

евро жұмсайтын көрінеді. 

Кешкісін Александрплатц алаңында 

серуендедік. Көлеңкелеу бір бұрышта 

əдеміше келген бір əйел синтезаторда 

ойнап, орысша əндетіп отыр. «Я могу 

тебя очень ждать, долго-долго и верно-

верно...» Қалықтаған қоңыр дауыс 

бүгінгі Берлин түнін одан əрі жұмбақ 

əрі əдемі ете түскендей... Алаңнан 

шыққан соң да біразға дейін əлгі əн 

естіліп тұрды. 

Уақыт та зымырап, бұл қаламен 

қоштасар мезгіл таяды. Сырттай қара-

ғанда сұрғылт көрінетін суықтау 

Берлинмен біз ертеңгісін қоштастық. 

Кетерімізде Рейхстагтың түбіне теңге

тастауды да ұмытпадық. Қайта жолы-

мыз түссе екен деген ой ғой біздікі... 

Алда Амстердам мен Париж 

күтіп тұр. Ол туралы əсерімді алдағы 

нөмірлерде бөлісетін боламын. 



Ботакөз ИКРАМОВА

Берлиндегі Бранденбург қақпасы

Берлиндегі Бранденбург қақпасы

Венадағы Өнер жəне 

Венадағы Өнер жəне 

тарих мұражайы

тарих мұражайы

13

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

ТОШ

С

К



А

Н

В



О

Р

Д



СКАНВОРД

Танымд

ы

қ ойындар ме

н сканвордты жасаған Қалима МҰҚАЖАН.

Алматы қаласы.

САНДАРДЫ ОРНЫНА ОРНАЛАСТЫР

Төмендегі сандарды кестедегі ашылған цифрларды пайдалана отырып өз орындарына 

орналастырыңдар:

3 таңбалы сандар: 217; 123, 965.

4 таңбалы сандар: 6898; 9815; 6467; 4986; 7938; 4439; 4679; 7583; 1267; 4817.

5 таңбалы сандар: 56879; 23146; 79368; 75397; 93674; 46791; 86437.

Бос тұрған торкөздерге бір-бір әріп қосып, сөзжұмбақты шешіңдер. Біз мысал үшін 

Ж+А+ПЫР+А+Қ  сөзін аштық.



Әрбір шеңбер мен көпбұрышқа үш әріптен келетін 

буындарды орналастырыңдар. Төмендегі берілген 

сұрақтың жауабын қалай орналастыру өз еркіңде.

1. Солтүстік және Орта Еуропа жағалауындағы теңіз. «Бақа, 

бақа ...». 2. Ыдыс беті.  Аң аулауға арналған құрал. 3.Ғаламшар. 

Ерке-тотай. 4. Әзіл сөз. Ертедегі батырлар қаруы. 5. Дәнді 

дақылдан ұнтақталып жасалған тағам. Шамшат тұқымдас ағаш. 

6. Он жастан асқан бүркіт. Ең жуан саусақ. 7. РФ құрамындағы 

ұлт. Жеңіл бас киім. 8. Жағал-жағал нәрсе. Опасыз адам. 9. 

Қашып-пысып жүрген кісі. Батыс Қытайдағы Шыңжаң-Ұйғыр 

автономиялық ауданындағы қала. 10. Қазақстандағы көл. 

Бұтқа киетін киім. 11. Эпостық батыр. Мейірімді жан. 12. Темекі 

салып тартатын трубка. Тапал.

БІР-БІР ӘРІПТЕН ҚОСЫП СӨЗ ЖАСА

ШЕҢБЕРЛЕР МЕН 

КӨПБҰРЫШТАР


№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

№37, 16 қыркүйек 2014 жыл

14

ҒАЛАМ ҒЫЛЫМ КӨЗІМЕН

Аргентинадан алып динозаврдың қаңқасы табылды. Палеонтологтар бұл 

шамамен 85 миллион жыл бұрын өмір сүрген деп отыр. Көлемі «Боинг-737» 

ұшағының көлеміндей екен. Ұзындығы 26 метрдей, ал биіктігі 10 метрге 

таяу. Салмағы – 65 тонна. 

Бұдан миллиондаған жылдар бұрын біздің жерімізде де динозаврлар 

мекендеген. Кейіннен жерге астероидтар мен кометалардың соқтығысуы 

салдарынан олар жойылып кеткен. Біздің жерімізді мекендеген динозаврлар 

мен мамонттардың қаңқасын Алматыдағы Ғылым ордасында орналасқан 

мұражайдан тамашалауға болады. 

Бұрыш-бұрыш, қуыс-қуысты 

жақсы көретін өрмекшілерді 

бақылағандарың бар ма? Инелік 

пен шегірткені ше? Оларды қойшы, 

көз тоқтатып қарауға болар, 

ал тырбыңдап бір тынбайтын 

құмырсқалар ше? Ал осы бір кіп-

кішкентай жаратылыс иелерінің 

жүрегі, өкпесі, тіпті миы бар 

екеніне кейде сене алмайсың. 

Алайда, оларда мұның барлығы 

бар. Сенбесеңдер, жорғалап бара 

жатқан жұлдызқұрттың жон 

арқасына назар салып көріңдерші! 

Жүрегінің бүлкілдеп соғып тұрғанын 

аңғарасыңдар. 

Жəндіктердің басында болатын 

орталық жүйке жүйесі мидың да 

Көгілдір киттің тілінің салмағы аюдың 

салмағымен пара-пар; 

«Титаник» кемесін құрастыруға 3 миллион 

доллар кетсе, аттас фильмді түсіруге 

100 миллион доллар жұмсалған; 

Адам бір жылда көзін шамамен

 4 миллион рет жыпылықтатады екен;

Кітаптың бір парағы жарты миллион 

атомнан тұрады; 

Адамның денесінде 50 миллиард клетка бар;

Адамның терісінің салмағы

 оның миының салмағынан 

екі есе ауыр екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет