Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім. Барысы



Дата24.09.2024
өлшемі0,94 Mb.
#145455
түріСабақ
Байланысты:
Отбасындағы сыйластық


Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасындағы сыйластық
Мақсаты: Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі:
 Қанатты сөздер, Қабырға газеті ойын элементтері: жағдаят жазылған үлестірмелі қағаздар
Сабақтың әдіс-тәсілі:
 Әңгіме, сұрақ-жауап, пікіртерім.
Барысы:  
Кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Жүргізуші: Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,
Сен де ұлысың мынау дархан даланың
Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын.
Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе?
Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиіспіз.
Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Сөзжұмбақты шеш. (Отбасы)

Енді ойынға кезек берейік, «Бақыт аукционы» атты ойын. Алдарыңыздағы ақ параққа Бақыт дегенді қалай түсінесіздер, сол туралы жазып, қағаздарыңызды жұмарлап бір – біріңізге лақтырасыздар. Әр топ өз алдарыңызға түскен бақыт парақшасын ашып бақыт туралы пікірлерді ортаға саламыз/ата – аналар бақыт туралы айтып шыққан соң педагог слайдтағы бақыт деген өлең арқылы бұл бөлімді қорытындылайды.
«Бақыт» деген жанарында жарыңның
«Бақыт»деген бал – бөбегің – тамырың.
«Бақыт» деген отауыңның шырағы,
«Бақыт» деген қанағаты барыңның.
Бақыт, бақыт отбасыңның төрінде,
Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде! 
Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.
Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Постер құрастыру

  1. Отбасы мүшелері

  2. Отбасы қандай болу керек

«Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады
Оқушыға «Менің ата-анам бақытты болсын десем….» деп әрі қарай сөйлем құрап жақсыны бір қорапқа, жаманды бір қорапқа жинақтайды
Топ жетекшісінің қорытынды сөзі. Отбасының екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке мен шеше баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет