Сабақтың тақырыбы: Ондықтармен және бірліктермен санау Сабақтың мақсаты: 1. Ондық, бірліктер ұғымдарын кеңейте отырып, есептердің әр түрін құру және шығару тапсырмаларын еске түсіре отырып, есептер шығару
2. 1-сыныпта алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, логикалық ойлау өрістерін кеңейту;
3. Сауаттылыққа, жылдам әрі дұрыс есептеуге, дұрыс ойлай білуге үйрете отырып, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: суреттер
Қосымша материалдар: дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау.
Өткенді сыныптағы материалдарды көрнекі құралдар арқылы еске түсіру
2. Жаңа сабақ: Психологиялық тренинг: Көңілді жаттығулар жасату
3. Кітаппен жұмыс: № 1 есеп: Берілген сурет бойынша саната отырып, ондық, бірлікұғымдарын таныстыру
(суретте неше жолақша бар екенін табу)
Бір жолақша - бір ондықты білдіреді.
ондық
- Бір шаршы бір бірлікті білдіреді.
Бірлік
- Соңғы жолақша барлығы неше шаршыдан құрастырылған? Оның нешеуі жасыл, нешеуі көк түсті?
№2 есеп: ауызша орындату
Берілген тапсырма бойынша сандарды санату. Бір таңбалы сандарды өсу ретімен, екі таңбалы сандарды кему ретімен жаздыру.
0, 2, 5, 7, 9.
80, 60, 40, 30, 10. (жазылмай қалған – 100 саны. Неліктен жазылмады?- деген сұраққа жауап алу)
4. Тақтамен жұмыс: № 3 есеп: Есепті оқып талдап, салыстырту, шығарту:
Н ұржан – 10 жас - ? жас үлкен Н ұржан – 10 жас
А йдар – 7 жас А йдар – 7 жас - ? жас кіші
Сергіту сәті: 5. Өздік жұмыс:
Тақтадағы суреттер бойынша есептер құрап шығару 6. Бекіту: 1. Дидактикалық материалдармен жұмыс
2. Сұрақтарға жауап алу:
- Бірліктерге неше таңбалы сандар жатады? Оларды ата.
- Ондықтар неше таңбалы сандар? Олар қай саннан басталып, қай саннан аяқталады?
7. Қорытынды: КЕЛ, ОЙНАЙЫҚ! «Гүл алаңы»
8. Шығармашылық тапсырма: Бірінші қораптағы - жасыл шар, екінші қораптағы – қызыл шар, үшінші қораптағы – көк шар, төртінші қораптағы – сары шар.
9. Үйге тапсырма: №4 есеп (5-бет) 10. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау