Сабақты етістіктің жасалуы. Етістік тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі грамматикалық



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі151,26 Kb.
#18566
түріСабақ
1   2   3
 

Үшінші  сала.  Бұл  топқа  енетін  етістік  саны  аз.  Оларға  өздеріне  тән 

әуелгі  лексикалық  мағыналарын  я  жартылай,  я  бүтіндей  жоғалтып,  тек  қана 

грамматикалық мағына жамап, грамматикалық формаға лекер болып қызмет 



ететін  яғни  бірыңғай  көмекші  есебінде  ғана  жұмсалатын  е,  еді,  екен,  жазда 

етістіктері ғана жатады. 

 

Морфологиялық  құрылмы  жағынан  етістіктер  жалаң  және  күрделі 



болып  екі  салаға  бөлінеді.  Жалаң  етістіктерге  түбір  етістіктер  және  жұрнақ 

арқылы  жасалған  туынды  етістіктер  жатады.  Жалаң  етістіктер  құрылымына 

қарай түбір және туынды етістіктер болып екіге бөлінеді. Түбір етістіктер деп 

арнаулы 


морфологиялық 

бөлшектері 

жоқ, 

демек, 


қазіргі 

кезде 


морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге болмайтындай 

етістік формалары аталады. Мысалы: аз, ал, айт, алда, бат, бер т.б. Сонымен, 

қазіргі  тіліміздегі  етістік  түбірі  неше  қилы  формалар  (есімше,  көсемше,  рай, 

етіс,  шақ  т.б)  тудыратын  қосымшалардың  барлығын  алып  тастағанда, 

сақталатын,  яғни  әрі  қарай  тағы  да  бөлшектеуге  болмайтын  түпкі  бөлшек 

болады.  Мысалы:  берілген,  берілсе,  бергіздіртіпті,  бергізіліпті  деген 

формалардың бәріне де ортақ түпкі бөлшек бер бөлшегі түбір саналады. 

 

Туынды  етістіктерге,  әдетте,  түбірлерден  арнаулы  жұрнақтар  арқылы 



жасалған  етістіктер  жатады.  Туынды  етістіктерді  тиісті  түбірге  және 

жұрнаққа  бөлшектеуге  болады,  бірақ  ол  туынды  тұлға  есебінде  қолданыла 

береді. Мысалы: ой-ла, той-ла, тер-ле, сүр-ле, ем-де, тоқпақ-та т.б. 

 

Жұрнақ  арқылы  жасалатын  әрбір  туынды  етістіктің  семантикасы, 



әдетте,  оның  құрамына  енетін  түбір  мен  қосылатын  жұрнақтың 

мағыналарынан  құралады.  Мысалы,  тұзда,  үтікте,  шегеле,  емде  сияқты 

туынды етістіктерді алсақ, бұларға тұз, үтік, шеге деген зат есімдердің түпкі 

мағыналары  негіз  болған  да,  оларға  қосылған-да,  а(-е)  жұрнақтары  бұл  зат 

есімдерді  етістікке  айналдырған.  Жұрнақ  арқылы  жасалатын  туынды 

етістіктердің  мағыналары,  негізінен  алғанда  құрамындағы  екі  компоненттің 

мағыналарынан 

құралса 


да, 

ол 


екеуінің 

құрылымы 

бір-бірімен 

ажырамайтындай  болып  бірігеді  де,  туынды  форма  бір  бүтін  тұлға  есебінде 

тұтасады.  Осы  себептен  кейбір  туынды  етістіктер  бөлшектенбейтіндей 

болып, түбір сөз қалпына көшеді. 




 

Туынды етістіктің семантикалық құрылымына оған негіз болатын есім 

сөздің мағынасы үлкен әсер етеді. Өйткені (есім сөздің мағынасы үлкен әсер 

етеді)  қызметі  неғұрлым  саяз  я  шағын  болса,  етістіктің  мағынасы  да 

соғұрлым  тайыз  я  тар  болады  (бұрғы-ла,  асфальт-та),  керісінше  есім  сөздің 

қызметі  кең  я  өрісті  болса,  етістік  те  соншалықты  көп  мағыналы  болады. 

(қолда, көзде). 

 

Түбірлерден  немесе  негіздерден  жұрнақ  арқылы  жасалатын  туынды 



сөздердің  белгілі  морфологиялық  құрылымы  болады.  Әдетте,  сол 

құрылымның  бір  компоненті  жаңа  форма  жасауға  негіз  болатын  дербес 

мағыналы  сөз  болса,  екінші  компоненті-сол  бірінші  компоненті  белгілі  бір 

табына  айналдыратын  жұрнақ  болады.  Туынды  етістіктер  тіліміздегі  негізгі 

сөз  топтарының  қайсысынан  болса  да,  жасала  беретіні  айқын  көрінеді. 

Осыған  орай,  туынды  етістіктер  жасалатын  енгіздеріне  қарай,  есімдерден 

жасалған  етістіктер  және  етістіктен  жасалған  етістіктер  деген  екі  салаға 

бөлінеді.  Есім  негізгі  етістіктерге  етістіктерден  өзге  сөз  таптарынан 

жасалатын  етістіктер  жатады,  олар  арнаулы  жұрнақтар  арқылы  көбінесе  зат 

есімнен,  сын  есімнен,  үстеуден,  еліктеуіш  сөзден,  әредік  одағайдан 

жасалады. 

 

Есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар мыналар: 



 

1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнағы арқылы дене мүшелері атауларынан 

көп етістік жасалады: төбеле, өкпеле. 

 

2. -лан, -дан, -тан жұрнағы -ла  және -н  қосымшаларынан пайда болған 



құранды қосымша. Осы себептен бұл  жұрнақ алды-алдына жұмсалып, жеке-

жеке  қосымша  ретінде  қызмет  етіп,  сараланатын  бастапқы-ла  жұрнағы  және 

өздік  я  ырықсыз  етіс  тұлғасын  жасайтын-н  жұрнағы  тіркесімен  түрлес  те, 

азды көпті мағыналас та келеді. 

 

3.  -а,  -е  жұрнағы  -көне  қосымшаның  бірі.  Әуелгі  баста  есім  сөзді 



етістікке  айналдыратын  өнімді  қосымша  болғанымен,  бірте-бірте  кнеленіп 

тек  бұрынғы  кезде  жалғанған  сөздерінің  аясында  ғана  қалып  қойған. 

Мысалы: ата, аса, өрте, тіле, т.б. 



 

4.  -ырай,  -ірей  жұрнағы-әуелгі  -ыр  және  -ай  формаларынан  құралған 

көне  қосымша.  Бұл  жұрнақ  көбінесе  сын  есімдерге,  бейнелеуіш  сөздерге 

жалғанып,  олардан  сыртқы,  ішкі  бейне,  кескін,  келбет,  мүсін  тәрізді 

көріністер  мен  құбылыстарды  білдіретін  туынды  етістік  жасайды.  Мысалы: 

кішірей, тікірей, бақырай. 

 

Қазақ тілінде кемі екі я одан да көп компоненттерден құралып, сөйлеу 



тілінде  де,  жазба  тілде  де  бірдей  қолданыла  беретін  етістік  тіркестері  мен 

етістікті тіркестер тіпті көп. Мысалы: жәрдем ет, көмек көрсете көр, жәрдем 

беретін бол, қол ұшын жалғап жібере ғой, ала келсе игі еді, лақтырып тастай 

салғысы  келіп  отыр  екен.  Құрамы  мен  құрылысы  жағынан  әр  түрлі  бола 

тұрса  да  осындай  есімді  тіркестер  мен  етістікті  тіркестердің  бәрі  де  қазақ 

тілінде  бір  категория  ретінде  қаралып  күрделі  етістік  деген  терминмен 

аталып жүр. Осы күнгі күрделі етістіктер әуелгі жай тіркестерден туған. 

 

Күрделі  етістіктердің  түрлері  және  олардың  қысқаша  сипаттамалары 



мынадай : 

 

1.  ....жәрдем  ет,  ән  сал  ....  деген  күрделі  етістіктер  (есім  мен  көмекші 



етістік) 

тек 


семантика 

жағынан 


ғана 

емес, 


күрделі 

етістіктің 

грамматикалануына таяныш болады (жәрдем етеді, жәрдем етті, жәрдем етсе 

игі  еді,  жәрдем  еткен  адам  т.б.)  Бұл  үлгі  бойынша  жасалатын  күрделі 

етістіктің  лексикалық  мағынасына  бірінші  компонент  (есім)  негіз  болса, 

екінші  компонент  сол  есім  сөзді  етістікке  айналдыратын  дәнекер  есебінде 

қызмет  етеді,  бірақ  көмекші  етістік  қызмет  жағынан  жұрнаққа  ұқсас 

болғанымен, формасы мен мағынасы жағынан ешуақытта да онымен тең түсе 

алмайды.  Сөйтіп  күрделі  етістіктің  бұл  формасы  сыртқы  тұрпаты  жағынан 

да,ішкі  мазмұны  жағынан  да  кұранды  болып  келеді.  Осы  себептен  бұл  үлгі 

бойынша жасалған етістіктер күрделі құранды етістіктер деп аталады (ағалық 

ет,үлгі қыл қабыл ал, бас қатыр т.б.). 

 

2....  алып  кел,  барып  кел,ала  кел,  келе  кет,сұрап  ал  тәрізді  жеке-жеке 



тіркестерді  алсақ,  олардың  әрбір  компонентінде  өзді-өзінше  дербес 

лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем 




емес, бір-бірімен тең түседі. Күрделі етістіктің бұл түріне тән әрбір тіркестің 

лексикалық  мағынасы  құрамындағы  екі  компоненттің  мағыналарынан 

құралады.  Мысалы  алып  кел,  келіп  кет  деген  күрделі  етістіктерді  талдап 

қарасақ, дәлме-дәл болмағанымен шамамен айқындағанда біріншісі ал да кел, 

екіншісісі  кел  де  кет  деген  ұғымдарды  білдіреді.  Күрделі  етістіктердің  өзге 

топтарынан  ажырату  үшін  бұл  топты  құрама  күрделі  етістік  не  жай  күрделі 

етістік деп атауға болады. 

 

3.  ....бетке  шіркеу  сала  көрме,  бойын  аулаққа  сала  берді  місе  тұтса  игі 



еді,  жігері  құм  бола  жаздады....  деген  күрделі  етістіктер-тұрақты  тіркестер, 

яғни 


идиомаланған 

тіркестер. 

Бұлар 

грамматикалық 



жағынан 

бөлшектенбейтіндей  болып,лексика-семантикалық  жағынан  бір  ғана  негізгі 

мағынаны  білдіретіндей  болып  орныққан  бір  бүтін  тұлға  есебінде 

қолданылатын  тұрақты  тіркестер,  күрделі  етістіктер  еркін  жұмсала 

беретіндіктен,  күрделі  етістіктердің  жүйесі  мен  құрамы  идиомаланған, 

лексикаланған  күрделі  тобы  деген  атпен    қаралады.  Мыс:  опық  жеді,  ауыз 

жаласты, арамтер болды, жан алқымға алды, жек көрді т.б. 

Етістіктің  грамматикалық  категориялары.  Етістік  формаларының 

жүйесін  айқындау  үшін,  сол  жүйеге  енетін  формалардың  негізгі 

грамматикалық сыр-сипаттарын ашып алу қажет. Өйткені ол жүйе етістіктің 

арнаулы  формаларынан  құралады.  Формалардың  ерекшеліктері  олардың 

семантикалық  және  морфологиялық  сипаттарын  анықтау  нәтижесінде 

ашылмақ. 

 

Грамматикалық  формаларының  көптігі  мен  мазмұнының  байлығы 



жағынан  және  қызметтерінің  қарымдылығы  мен  сан-салалығы  жағынан 

етістіктер  тіліміздегі  сөз  таптарының  жүйесінде  төтенше  орын  алады. 

Етістіктің бұл төтенше орны: 1) оның формаларының бәріне де тән, бәріне де 

ортақ,  бәрінде  де  болатын  жалпы  сипаттарымен,  2)  сол  формалардың  өзді-

өздеріне  ғана  тән,  өзгелерінде  жоқ  жалқы  ерекшеліктерімен  байланысты. 

Өйткені  етістік  формаларының  бәріне  тән,  бәріне  ортақ,  жалпы  сипаттары 

оларды  етістік  деп  аталатын  үлкен  категорияның  айналасына  шоқтайтын 



жалпы белгі болса, әр формаға тән жалқы ерекшеліктер оларды алды-алдына 

саралап,  бір-бірінен  ажырататын  семантикалық  және  грамматикалық 

сипаттарының көрсеткіші есебінде қызмет етеді. 

 

Етістік  негізі,  қашан  да  болсын,  өзіне  лайықты,  үйреншікті  болып, 



әбден  қалыптасқан  арнаулы  қосымшалары  қосылғанда  ғана  тиісті  киімін 

киіп,  дербес  лексика  -  семантикалық  мәніне  ие  болып,  грамматикалық 

қызметін 

мүлтіксіз 

атқаратын 

формаға 


айналады. 

Өйткені 


етістік 

қосымшалары  әрбір  семантика-грамматикалық  топтың  (форманың  өзіндік 

сипаттарын)  ерекшеліктерін  ашады.  Ендеше,  етістік  формаларында  жалпы 

қасиет  те,  жалқы  қасиет  те  болады.  Олардың  алды  -  алдына  сараланатын 

жалпы  қасиеттерінен  бір-бірін  толықтырып,  бірімен  -  бірі  селбесіп,  өз  ара 

ұштасатын жалқы қасиеттерінен бүтін сөз табының етістіке тән барлық сыр - 

сипаттары  құралады.  Солай  болса,  етістік  формаларынын  түр  -  түрін, 

олардың  мағыналары  мен  қызметтерін  анықтау-етістікке  қатысты  сөз 

формаларын жан-жақты етіп талдау, білу, баяндау болмақшы. Осы тұрғыдан 

қарағанда,  талданылмақшы  етістік  формаларының  жүйесі  төмендегі 

грамматикалық категорияға бөлінеді:  

 

1. Етістік негізі.                                                     6. Амалдың өту сипаты 



категориясы. 

 

2.  Қимыл  атау  категориясы.                                                                  7.  Есімшелер 



категориясы. 

 

3.  Салттық  және  сабақтылық  категориясы.                  8.  Көсемшелер 



категориясы  

 

4. Етіс категориясы.                                               9. Рай категориясы 



 

5.  Болымдылық  және  болымсыздық  категориясы.            10.  Шақ 

категориясы 

 

Бұл категориялардың әрқайсысының мазмұны мен формалары, сондай-



ақ қызметтері де өз алдына бөлек-бөлек мәселелерді зерттейді. 

Етістікке  тән  грамматикалық  формаларға  да,  етістіктен  жасалатын  барлық 

басқа  сөз  топтарына  тән  туынды  формаларға  (Есім  және  басқаларға)  да  түп 



таяныш  я  түп  негіз  есебінде  қызмет  ететін  етістік-тұлға  болады.  Тілімізде 

осындай  грамматикалық  формаларының  бәріне  де,  сондай-ақ  етістіктен 

жасалатын  басқа  да  сөз  топтарына  тән  формаларға  да  түп  нұсқа  таяныш 

болатын ерекше тұлға бар. Осы тұлға етістіктің негізі деп аталады. Бұл тұлға 

тек  лексикалық  негіз  ғана  емес,  грамматикалық  тұлға  ретінде  саналады.  Бұл 

тұлға қашан да болсын, сөйлеуші адамның тыңдаушы адамға амал-әрекетіне 

жүзеге  асыруды  нұсқай,  сұрай,  екінші  сөзбен  айтқанда,  бұйыра  өтіне  айту 

семантикасын білдіреді. Мысалы: айт, оқы, жаз, бар, тұр. 

 

Сыртқы  құрылысы  мен  құрамы  жағынан  етістіктердің  негіздері  жалаң 



да, күрделі де болады. Мысалы: ал, аш, бар, бас, күл, күт, көр, қос, қоры, нан, 

тер,  сал  дегендер  -  жалаң  түбір  негіздер  де,  абайла,  арала,  ақылдас,  бағала 

дегендер-жалаң  туынды  негіздер.  Ал  кемі  екі  я  онан  да  көп  сөздерден 

құралатын  күрделі  негіздерге:  абай  бол,  айғай  сал,  жәрдем  ет,  алып  бер 

дегендер  жатады.  Сонымен  құрылысы  мен  құрамына  қарай  етістіктерді 

жалаң  және  күрделі  деп  бөлу  етістік  негіздерінің  осындай  нұсқаларына 

байланысты  туады.  Жалаң  етістіктің  де,  күрделі  етістіктің  де  лексика  - 

семантикалық  мағынасы  осы  негіздерге  байланысты  болады.  Етістіктің 

салттық,  сабақтылық  семантикасы  да  осы  негіздерге  қарап  анықталады. 

Мысалы:  ал,  айт,  ая,  арала,  орна,  күл  сияқты  негіздер  кімді?  нені  деген 

сұрауға жауап беретін табыс жалғаулы сөздерге сабақталып тұрады. Ал, бар, 

күл, қажы, көз жібер сияқты  негіздер табыс жалғаулы сөздерге сабақталмай, 

өздерін салт ұстайды. 

 

Етістіктің  қай-қайсысы  болсын,  мейлі  ол  іс  я  әрекетті  атасын,  мейлі 



қимыл я қозғалысты атасын бәрі бір-субьекті жасайтын амал-әрекетті немесе 

процесті білдіреді. Сондай-ақ іс я процесс сөйлеу тілінде обьектіге не тікелей 

тіреліп, сабақталып, не тірелмей, жанай жүзеге асырылып жатады. Етістіктің 

осылайша  обьектіні  тікелей  керек  ету  я  керек  етпеуі  оның  жалпы 

грамматикалық  семантикасына  байланысты.  Мысалы:  кейбір  етістіктер 

сөйлемде қолданылғанда табыс септікті сөзді-тура толықтауышты керек етіп, 

сабақталуды  тілеп  тұрса  кейбір  етістіктер  табыс  септікті  сөзді  қаламай  -  ақ 



оған  сабақталмай-ақ  салт  күйінде  жұмсалып  тұрады.  Етістіктің  табыс 

септіктегі сөздікерек ету якерек етпеу қасиеті олардың синтаксистік жағынан 

тура 

толықтауышты 



меңгеру 

я 

меңгермеу 



қабілетіне 

байланысты 

қалыптасқан.  Сен  кітапты  ал  да,  үйге  қайт  деген  құрмалас  сөйлемнің 

алғашқысындағы  амалда  (ал)  бірдемені  алуды  керек  етіп,  соған 

тіркелетіндей,  сабақталатындай  қабілет  болса,  соңғы  сөйлемдегі  амал  (қайт) 

ондай  обьектіні  керек  етпей,  оны  жанай  тек  үйге  қарай  кету  бағытын  ғана 

білдіріп тұр. 

 

Аш,  айт,  бақ,  бер,  ек,  ем,  жаз,  жай,  сеп,  сыз,  тап,  тер,  үз,  үй,  ыл,  іл 



етістіктерін  алсақ  бұлардың  бәрі  де  қолдана  қалсаңыз  кімді  нені  деген 

сұрауларға жауап беретін табыс септіктегі сөзге сабақталады. Сөйлеу тілінде 

табыс септікті сөзді демек, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар 

осындай етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. 

 

Етістіктердің  ішінде  кімді  нені  деген  сұрауларға  жауап  күтпейтін, 



табыс  септіктегі  сөзге  сабақталмай-ақ  жұмсала  беретін  етісіктер  де  көп. 

Мысалы:  ау,  бар,  бұқ,  жат,  жур,  тол,  тоң,  қажы,  қуан  т.б.  Мұндай  табыс 

септіктегі  сөзге  сабақталмайтын  етістіктер  әдетте,  салт  етістіктер  деп 

аталады. Етістіктердің бәрі бірдей я салт, я сабақты бола бермейді. Олардың 

ішінде  әрі  салт,  әрі  сабақты  болатындары  да  бар.  Әдетте,  мұндай  қасиеттер 

не  омоним  етістіктер  не  полисемиялы  етістіктерде  болады.  Мысалы:  арт, 

жүр, тара етістіктерін қолдана қалсақ, олардың әрқайсысынан }жүкті артық{, 

және  }ақылы  артты{  деген  сөйлемдер  құрауға  болады.  Ал  мұндай 

етістіктердің әрқайсысы әрі салт, әрі сабақты болып қызмет атқарады. 

Сұрақтар мен тапсырмалар. 

            1. Етістік туралы жалпы сипаттама жасаң? 

 

2. Етістіктің лексика-семантикалық сипаты қандай? 



 

3. Түбір етістіктер дегеніміз не?  

 

4. Туынды етістіктің морфологиялық сипаты қандай? 



 

5. Күрделі етістіктер және олардың жүйесі қандай? 

            6. Етістіктің  категорияларына жалпы сипаттама берің. 



7. Салт етістік дегеніміз не? 

            8. Сабақты етістік дегеніміз не? 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет