Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:Тыңдалым және айтылым: 1.1.1.2 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну; Оқуға дайындық: 1.2.3.1 мәтін иллюстрациясы бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен); Жазуға дайындық: 1.3.4.3 сурет салу, түзу сызық, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін ретпен жазу;
Сабақтың мақсаты:[Ұ ] дыбысы және ұ әрпімен таныстыру.
Міндеттері: 1.Білімділік: [Ұ ұ] дыбысын анық айтуға тілді машықтандыра отырып, буында, сөздің құрамында бекіту. Дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру
2.Түзету – дамытушылық:Сөз қорын толықтыру, тілін ұстарту, сөйлем құрау қабілетін дамыту. Фонематикалық есту қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тұжырымдау, математикалық есептеу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:Сауаттылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа, оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу.