Сабақтың жалпы құрылымын бағалау: Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?



Дата10.12.2023
өлшемі16,65 Kb.
#136030
түріСабақ
Байланысты:
САМОАНАЛИЗ


Сабақты өзіндік талдау
1.Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

  • Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?

  • Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?

  • Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?

  • Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?

2.Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

  • Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?

  • Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?

  • Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?

  • Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?

  • Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма)

  • Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?

3.Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

  • оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?

  • Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?

  • Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?

  • Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?

  • Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?



4.Сабақ барысында тәрбиелеу.

  • Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?

  • Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?

  • Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?

  • Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?

5.Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

  • Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс — әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?

6.Оқыту әдістерін таңдау.

  • Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)

7.Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.

  • Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?




  • Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?



8.Оқушылардың сабақтағы жұмысы.

  • Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?

  • Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?

  • Сабақта қандай тәртіп болды және неге?

9.Сабақтың гигиеналық жағдайы.

  • Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?

  • Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?

  • Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?

10. Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет