Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет4/22
Дата11.12.2023
өлшемі95,03 Kb.
#137349
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дәрістер

Әдебиеттер:

  1. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.

  2. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  3. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

  4. Намазбаева Ж.И., Жалпы психология: Оқулық / Ж.И. Намазбаева.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.



4 дәріс. Қарым-қатынас. Ұжым-топтар

  1. Қарым-қатынас туралы түсінік.

  2. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, атқаратын қызметтері.

  3. Қарым-қатынастың жақтары.

  4. Топтар психологиясы.

  5. Үлкен топтар мен шағын топтар.

  6. Топтардың даму деңгейлері.

  7. Топтардың классификациясы.

Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Адам баласы туылған сәтінен бастап, өмірден озған уақыты-на дейін басқа адамдармен әртүрлі өзара әрекеттесулер мен қаты-настардың символдық (таңбалық) кеңістігіне енеді. Бұл өзара әре-кеттесулер өзінің мақсаттары, формалары мен өту жағдайларына байланысты тым көп болады. Мысалы, адамдар жұп-жұппен неме-се шағын топтарда тікелей, не болмаса жанама түрде – байланыс құралдары, көптеген коммуникация, өнердің әр алуан түрлері ар-қылы өзара әрекеттесулері мүмкін. Әлеуметтік байланысқа жекеле-ген адамдар мен тұтас халық түсе алады, серіктестер арасындағы байланыс эмоциялық-тұлғалық, іскерлік, әлеуметтік-ресми және т.б. сипат алуы мүмкін. Адамның өз әлеміне қатынасы, оның басқа адамдарға деген қатынасымен жанамаланғандығы және оның зат-тық іс-әрекетінің өзі қарым-қатынас деп аталатын анағұрлым кең процеске енетіндігі маңызды.
Қарым-қатынас психологиясының атқаратын қызметтері
Қарым-қатынас адам мәнінің болу мен көріну формасы болып табылады. Бұл біздің бойымыздағы нағыз шынайы адамилық қарым-қатынас процесінде және соның арқа-сында танылады.
«Тек адам мен адам өзара әрекеттескенде және қарым-қаты-насқа түскенде ғана «адам адамға», өзгелерге, сондай-ақ, өзіне ашылады» (Леонтьев А.А.).
Дәл осы қарым-қатынас процесінде адамзат пайда болды. Ол – сана мен сөйлеуді игерген. Адамның ойлауының өзі қарым-қаты-настың ішкі формасы болып табылады. Л.С. Выготский айтқандай, адам өз-өзімен, жеке қалғанда да қарым-қатынас қызметін сақтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет