10 дәріс. Түйсік және қабылдау
Сабақтың жоспары:
Түйсіктің тарихы туралы психофизикалық және психофизиологиялық мәселелер.
Различные подходы к пониманию закономерностей восприятия в истории психологии (ассоцианизм, гештальтпсихология, когнитивная психология и др.).
Қабылдаудың негізгі қасиеттері мен феномендері.
Абсолютті табалдырық пен сезгіштік.
Көру процесіндегі көз қозғалысының рөлі
Қабылдаудың константтылығы.
Қабылдаудың заттылығы жайлы теория.
Қабылдаудағы практиканың рөлі.
Түйсік туралы жалпы түсінік
Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды. Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Оның себепшісі - адам айналасындағы реалдық шындық. Сол шындықтың адам сезімдеріне әсер етуіне байланысты ғана ми бейнелеуінен барып түйсік туады. Былайша айтсақ, түйсік-сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы. Біздің қоршап тұрған дүниеде заттар мен құбылыстар шексіз көп кездеседі. Ал олардың өзіне тән қасиеттері мен сипаттары болады. Белгілі зат не құбылыс адамға бетпе-бет кездесіп әсер етсе ғана түйсік туғыза алады. Кездеспеген зат пен құбылыс адамға әсер ете де алмайды, түйсік туғызуы да мүмкін емес. Тегі, дүние танудың алғашқы табалдырығы-осы түйсік.
Достарыңызбен бөлісу: |