Сәтті сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар Табыстылыққа ұмтылу – оқу мен оқытудың негізгі мақсаты. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу алдын-ала болжауға да мүмкін болмайтын көптеген жағдайларға тәуелді күрделі үдеріс.
Оқудың табыстылығы пәнінің ерекшелігіне сәйкес тиімді әдістерді таңдай білетін мұғалімнің шеберлігіне байланысты болатыны анық. Сонымен қатар мұғалімнің мәдениеті мен оқушыларға деген сүйіспеншілігінің де маңызы зор. Егер оқушы сабақтан жаңа нәрсе үйреніп, өзіне көңілі толып шықса, сабақтың жақсы өткені, мұғалімнің еңбегі табысты болғаны, ал егер оқушы сабақтан ештеңе үйренбей, немқұрайлы көңіл-күймен шықса – сабақтың сәтсіз болғаны; демек мұғалімнің ойлануы керек деген сөз. Дегенмен сабақтың табысты болуы тек мұғалімге ғана қатысты нәрсе емес, оқушының ынта-жігері мен өзінің білім алуына деген жауапкершілігіне де байланысты. Сабақта әрбір оқушының өзіндік маңызын және өзінің қаншалықты табысты болғанын сезіне білуі қажет. Бұл үшін мұғалім дайын, жаттанды білім беруден арылып, оқушыны жаңа білімді өздігінен игеруіне бағыттауы керек.
Сәтті сабақты қамтамасыз ететін қағидаттар: Еркіндік қағидаты: әрбір оқушының өзін таныта білуі мүмкіндігін шектемеу;
Серіктестік қағидаты: оқу үдерісінде мұғалім мен оқушының бір-бірімен түсініп, бірігіп әрекет жасауы, бірін-бірі қолдауы;
Сенімділік қағидаты: оқушының табысқа жетуіне деген өзіне сенімділігі, мұғалімнің сабақта оқушылардың жоғары жетістікке қол жеткізе алатынына сенім артуы;
Толеранттық қағидаты: оқушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оның өзіндік дамуына қолайлы орта жасау;
Шыдамдылық қағидаты: қолайсыз жағдайларды шиеленістірмей, ашуға бой бермей эмоциялық сабырлық жасау
Нәтижеге бағытталған сабақтыңтабысты екенін қалай білуге болады? Ричард Дарант «Үздік сабақтың алты белгісі» мақаласында табысты сабақты сипаттайтын келесі белгілерді анықтайды (www.cpm.kz):
сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы (басқаруы) және рефлексия жасауы
сабақта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауын жүзеге асыратын өзіндік жұмыстың және шығармашылық тапсырмалардың болуы;
оқу мақсаттарына қол жеткізу, т.б.
Сабақтың тиімділігін және табыстылығын қамтамасыз ету – мұғалімнің айтарлықтай күш-жігерін жұмсауын қажет етеді. Дегенмен, сабақтың тиімділігін арттыру әрбір педагогтің қолынан келетіні анық. Осы салада зерттеушілер тиімді сабақты ұйымдастыруда кездесетін келесі проблемаларды анықтаған:
оқушыларды жеке орындауға арналған тапсырмалармен толық қамтымау;
оқушыларды шектен тыс көп тапсырмалармен жалықтыру.
Аталған қиындықтарды шешу жолдарының бірі – сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып сабақты белсенді әдістер қолдану арқылы тиімді жоспарлау болып табылады.