Шаш және тырнақ күтімі.
Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100 тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.
- Балалар, жеке бас гигиенасын сақтау дегенге тоқталып өтейін.
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс - жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды.
2-тапсырма. Үш топқа бөлініп, келесі кластерлерді толтырасыздар:
- Денсаулыққа пайдалы;
- Салауатты өмір салты;
- Денсаулыққа зиян.
3-тапсырма.Сөзжұмбақ
1. Ақ халатты жан.(дәрігер)
2. Бұл денсаулықты қорғау және тазалық сақтау туралы ғылым.(гигиена)
3. Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне.(айна)
4. Тіс тазалаудағы көмекші.(паста)
5. Жуынамын деп жазған – ай, Күннен күнге азғаны-ай.(сабын)
6. Көлшігім бар төбемде, Жуынам тұмсықпен себем де.(душ)
7. Шомылған баланы, аймалап алады. Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды.(сүлгі)
8. Бұдан кір қорқады, Ол судан қорқады.(сабын)
9. Өзі жұқы, тісі көп, Тазалыққа ісі көп.(тарақ)
4-тапсырма.
«Ия, жоқ» ойыны
1-топ
1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия
2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет
3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия
4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия
5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.Жоқ
2-топ
1.Тамақты тойып ішу керек.Жоқ
2.Тіс щёткасын 6-ай сайын ауыстырып тұру керек.Жоқ
3.Адам 8-сағаттан кеш ұйықтамау керек.Ия
4.Адамның 32 тісі болады.Ия
5.Тәтті тағамдардың ағзаға зияны жоқ,Жоқ
3-топ
1.Суық кезде жеміс пен көкөністі көп жеу керек.Жоқ
2.Тамақ жегенде теледидар қарамау керек.Ия
3.Күніне 1,5 литр су ішу керек.Ия
4.Ұннан жасалған тағамдарды көп жеу қажет.Жоқ
5.Тамақтану кезінде су ішпеу керек.Ия
5-тапсырма
1.Қарап тұрсаң өзіңе
Ол суретің ұқсайды,
Сурет түсер көзіңе
. Дәл казіргі өзіңе. (айна)
2. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
3. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
4. Бәтеңкесін, пальтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
5. Көзінен жас кетпейді
Балалардан шеттейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
6. Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
7. Тіс тазартатын құралдар: (щетка, паста.)
8. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс)
Достарыңызбен бөлісу: |