Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік мақсаты: Ауызекі сөйлеу тілінде қажеттілік тудыратын



Pdf көрінісі
Дата30.03.2017
өлшемі181,74 Kb.
#10612
түріСабақ

Сабақтың жоспары

 

Тақырыбы: Табиғат тамашасы. Есімдік 

 

Сабақтың мақсаты:

 

1)

 

Білімділік  мақсаты:

  Ауызекі  сөйлеу  тілінде  қажеттілік  тудыратын 

есімдік жайлы түсініктерін қалыптастыру,білім дағдыларын кеңейту 

2)

 

Дамытушылық  мақсаты:  Оқушылардың  танымдық 

қабілетін, 

тілін,ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту 

3)

 

Тәрбиелік  мақсаты:  Тілге  деген  ынтасын  молайту,ад

амгершілік 

қасиеттерге  баулып,туған  жер  таби

ғатын  қорғайтын  азаматтарды 

тәрбиелеу 

Сабақтың  көрнекіліктері:  интербелсенді  тақта,сызба

-кестелер,үлестірмелі 

кеспе қағаздар 

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру, ойын сабағы, іздендіру

 

Сабақтың әдіс

-тәсілдері: дидактикалық ойын әдісі, эвристикалық әдіс 

Сабақта  қолданылған  оқытудың  жаңа  технология  түрлері:  «Жобалау» 

технологиясы, «Түсіндіре басқарып, оза оқыту» технологиясы 



Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушыларды сабаққа жұмылдыру. 

2.Жетек  сұрақтар  қоя  отырып,  өткен  сабақ  тақырыбына  шолу  жасау, 

түсініктерін тексеру 

     Оқушыларға  тақтадағы  сөйлемнен  зат  есім,  сын  есім,  са

н  есім  сөз 

таптарын анықтату 

Сайыскерлер өздеріне лайықты бірінші орынға ие болды

 

Сөз таптарын саралап айтқыза отырып, келесі сөз табы есімдік екенін айту 



Жаңа сабақ кезеңі:

 

Тақтадан  табиғат  суреті  шығады.

  Табиғатқа  қарай  отыра,бірнеше  сұраққа 

жауап алынады. 

-Табиғат көрінісі қандай? 

- Табиғаттың қандай болғанын қалайсың? 

-  Әрине  ,  тамаша    табиғатты  қалаймыз,-дей  отырып,  бүгінгі  тақырып 

«Табиғат тамашасы және есімдік» болатындығымен таныстыру. 


Тақтадан тақырып шығарылады да,оқушылар дәптерлеріне жазып алады. 

Келесі  кезекте  туған  жер  табиғатына  саяхат  жасалатындығы  ,ол үшін  жолда 

кездесетін қақпа  туралы айту. 

Сынып екі топқа бөлінеді. 



Тақтада «Алтын қақпа» ойынының кезеңдері шығарылады

 

«Алтын қақпа» ойынының кезеңдері:

  

• 

«Тас қақпа» – Зерттеушілік кезең 



 

«Қола қақпа» – Ізденушілік кезеңі 



 

«Күміс қақпа» – Тәжірибелік кезең 



 

«Алтын қақпа» – Шығармашылық кезеңі 



 

Қорытынды. “Кені байдың-елі бай ” 



 

 



 

Ойынның барысы:

 

 



«Тас қақпа» 

– Зерттеушілік кезең.  

 

Тас қақпа тапсырмасы:



 

Табиғат........... 

байлығымыз. 

Барыс...........жерді 

мекендейді. 

Таби


ғатты 

қорғау-..........  адамның  борышы.  .........қорықта  су  құстары  мекендейді.  ........ 

Қазақстанның  қай  жерінде  тұрасың?  Зайсан  көлінде  балықтың.............  түрі 

кездеседі. 

 

Қажетті сөздер: осы,мына, барлық,біздің,барша,сен. 



Екі топ жарыса ,тиісті сөздерді қойып шығады. 

Оқушылар зерттей отырып, мұғалім есімдік жайлы түсінік береді. 



Зертте:Түсініктерін  тексеру  мақсатында  алдарына  семантикалық  карта 

үлестіріледі.  Сөздерді  тиісті  ұяшықтарға  орналастырады.Ол  үшін  шартты 

белгімен белгілейді. 

 

  Сөздер 



    Зат есім 

  Сын есім 

  Сан есім 

  Есімдік 

  Үлкен 

 

 



 

 


  Кімдер 

 

 



 

 

  Бәрі 



 

 

 



 

  Жолаушы 

 

 

 



 

  Ешкім 


 

 

 



 

  Мынау 


 

 

 



 

  Үш жүз 

 

 

 



 

 Абыройлы 

 

 

 



 

 

Есімдік қатарын 2 топ дауыстап оқып береді. 



 

«Тас  қақпа»  кезеңі  тәмамдалып,  «Қола  қақпа»  –  Ізденушілік  кезеңінің 

басталғанын  жариялау.  «Қола  қақпа»  –  Ізденушілік  кезеңінің  шартымен 

таныстыру.  



Шарты:

 I  топ  тапсырмасы:  Берілген  сұрақтардағы  орыс  сөздерін  аудару,сол 

сұрақтарға есімдіктерді қатыстыра ,жауап беру. 

-Алматы көлі туралы /что /білесің? 

-/Это /көл тебе ұнай ма? 

-/Этот/ жерді /какой/ саяхатшы аралаған? 

-Алатау өңірінде /ты/ болдың ба? 

/Сөздікпен жұмыс жасайды,әрі диалог құрайды. 

II  топ  тапсырмасы:  Берілген өлеңдегі  негізгі  ойды  аны

қтау,  есімдікті 

анықтау,басқа есімдіктермен алмастыру. 

Ақсу,Көксу,Қарасу, 

Бұл сумен түстеп танысу. 

Ырғыз,Торғай ,Аякөз, 

Сай-саланың бәрі - су 

 


«Қола  қақпа»  кезеңінің  аяқталғанын  жариялай  отырып, «Күміс  қақпа»  – 

тәжірибелік

  кезеңінің  басталғанын  хабарлау.  «Күміс  қақпа»  кезеңінің 

шартымен таныстыру.  

Шарты: 2 топты жарыстыра, жұмбақтың шешуін шешу.

 

 



     Жұмбақ сұрақтар» Бұл қай есімдіктер?» 

1. Етікші аспабының бірімен ұқсас келетін есімдіктің қай түрі?  

2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды? 

3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды? 

4. Көпшіл және көңілшек, 

    Ештемені бөліп жармайды, 

    Көптік ұғым беріп, 

    Көпшілікті қармайды 

 

 

«Күміс  қақпа»  кезеңінің  аяқталып,  «Алтын  қақпа»  кезеңінің  басталғанын 



айту. «Алтын қақпа» – Шығармашылық кезеңінің шартымен таныстыру. 

 

Шарты: Берілген сызба бойынша шағын шығарма жазу

 

 

 

 

Сабақты бектіу:

 Тірек сызбаларды пайдалану арқылы сұрақтар қоя отырып, 

бүгінгі алған білімдерін бекіту.  

Сабақты  қорытындылау:

  «Кені  байдың  -  елі  бай»    қанатты  сөзбен 

оқушылардың  ойын  түйіндеу.Еліміздің  табиғатын  қорғап,  көркейтетін 

азаматтар болуына тілек білдіру. 

 

 


Үй тапсырмасын беру:

 Оқулықтағы 4- тапсырма.Берілген есімдіктермен сөз 

тіркестерін құрау. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

         

Есімдіктер

 - заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын 

білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына 

жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама 

түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен 

бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай 

айқындалады.          

Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

 

1.



 

жіктеу есімдіктер;  

2.

 

сілтеу есімдіктер;  



3.

 

сұрау есімдіктер;  



4.

 

өздік есімдіктер;  



5.

 

белгісіздік есімдіктер;  



6.

 

болымсыздық есімдіктер;  



7.

 

жалпылау есімдіктері;  



                          Жіктеу есімдіктері 

Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген 

сөздер жатады. 

Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен 

олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі 

деген ұғымдармен байланысты қолданылады

]

 

Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді 



болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. 

Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі: 

Атау 

мен 

сен 

ол 

Ілік 


менің 

сенің 

оның 

Барыс 


маған  саған  оған 

Табыс 


мені 

сені 

оны 

Жатыс 


менде  сенде  онда 

Шығыс  менен  сенен  онан (одан) 

Көмектес менімен сенімен онымен 

Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу 

септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз 


деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу 

жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді. 



           Сілтеу есімдіктері 

Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, 



сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, 

көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға 

жауап беретін аттрибутивтік сөздер. 

         Сұрау есімдіктері 

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? 



қашан? 

Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі 

жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған 

есімдіктер. 



        Өздік есімдік 

Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік 

көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және 

ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. 



       Белгісіздік есімдіктері 

Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды 

нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. 

Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы 

болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа 

есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: 

1.

 

Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше).  



2.

 

Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай.  

3.

 

Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан 



(алдақашан).  

     Болымсыздық есімдіктері 

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің 

бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, 

ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына 

білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен 

байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім 

айтпады т. б.). 


     Жалпылау есімдіктері 

Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар 

мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. 

Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, 



түгел

 деген сөздер ғана жатады. 



Пайдаланған әдебиет

 

1.

 



 Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, 

мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму 

институты, 1998 ж., 509 бет.  

2.

 



 Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын 

басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. 

3.

 

 Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, 



мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму 

институты, 1998 ж., 509 бет.  



4.

 

 А.Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет