Сабақтың мақсаты: а Мүсіндеу өнерінің сауаттылық негіздеріне үйрету. Практикалық дағдыларын қалыптастыру



Дата28.04.2023
өлшемі15,83 Kb.
#88250
түріСабақ

Сабақтың мақсаты: а) Мүсіндеу өнерінің сауаттылық негіздеріне үйрету. Практикалық дағдыларын қалыптастыру.
ә) Отандық, әлемдік өнер мұраларын талдау жасай білуге үйрету, білімдерін арттыру.
б) Талғамдық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту, жауапкершіліктерін, еңбекқорлығын нығайту.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, мүсіндеу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ермексаз, мүсін, суреттер, таратпа материалдар, қосымша әдебиеттер, шар, нақыл сөздер, мүсіндеу өнеріне қажетті заттар.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, әдебиет, музыка.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі. Зейін аудару. Құрал жабдықтар.
2. Үй тапсырмасы. Картиналарға қарап, перспектива (сызықтық,кеңістік) туралы айту, белгілеу (көкжиек).
3. Жаңа сабақ. МҮСІНДЕУ өнерінің тарихына тоқталайық.
Мүсін өнерінің тарихы.(оқушы)
Мүсін өнері-ежелден келе жатқан өнер түрі. Ежелгі Египет, Греция, Рим, Қытай,Үнді, Жапон елдері сияқты Қазақстанның жерінде өнер түрлерінің ең көп таралған және көзге түсер көркемдік ықпалы мол өнер-мүсін өнері.
Мысалы, Египеттегі «Аменемехеттің статуясы», Греция мүсіншілері Миронның «Дискоболы», Поликлеттің «Дорифоры» т.б.
Миронның туындылары- ер жүрек, келбетті, атлет, өз күшіне сенімді асқақ мүсіндерді сомдаған. Оның шығармаларында динамикалық қозғалыс көрерменді өзіне баурайды.
Поликлет атақты найзагер жігіт- Дорифорды сомдаған. Бұл бейне адам денесіндегі мінез, сұлулық пен рух үйлесімділігін паш етеді.
Сол сияқты қазақ даласындағы балбал тастар мен қотастар –қазақ халқының мүсін өнері туралы ой түсініктері мен өнерді меңгергені жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді.
Мүсіндеу өнері-бейнелеу өнерінің бір түрі. Мүсіндеу өнерінің кескіндеме, графика, сызбадан ерекшелігі, айырмашылығы- форманың барлық көлемінің анық көрсетілуінде. Мүсін-скульптура (латын сөзі). Мүсіндеу өнерінің негізгі объектісі-адам. Адамды сомдауда 3 түрге бөлінеді. Статуя- адамды толық сомдау, бюст-кеуделік мүсін, көп тұлғалы композиция-бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік шығарма.
Мүсін-жұмыр және рельеф болып бөлінеді.
Жұмыр-кеңдік, биіктіқ, жуандық деген үш өлшем, бағытты мүсіндеу.
Рельеф- жазақтық бетінде сомдалатын дене бір жағынан көрінеді.
Рельеф-барельеф (денелер фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрады). Горельеф-(дене немесе фигуралар жартысынан көп шығып тұрады) болып екіге бөлінеді. (Мысалы теңгенің беті).
Мүсіндеу техникасына-жабыстыру,ою, шекіме, гальванопластика, металдау, құю жатады.
Қолданатын заттар-мектепте ермексаз, саз балшық, ашық аспан астында болат, шойын, түсті металдар, тас, шамот, мәрмәр, ағаш, гипс және қазіргі кезде мүсіншілер сезондық мүсін жасауды да жасап жүр (мысалы мұздан мүсіндеу).
Саз балшық-аса құнды қасиеті бар, ырғаққа көнгіш құрал болып табылады. Дайындау технологияларын көрсету (Қызылтоған жерлерінде бар).
Мүсін шығармалары-қондырғылы, монументті, сәндік болып бөлінеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
Монументті шығармалар-қайда тұрады?
( Жауабы: жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композицияның компоненті болып табылады).
Шағын пішінді монументтік скульптураға мысал келтіру.
Балалар, логикалық ойлап көріңдер, монументтік мүсіндерде кімдер бейнеленеді. ( Жауабы: жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған, тарихи тұлғалар немесе оқиғалар сомдалады).
Қондырғылы (станоктық) мүсіндеу- көбіне портрет түрінде ұсынылады. Мұның негізгі міндеті - адам образы.
Сәндік мүсіндеу-сатуға,т.б арналған туындылар.
Қазақстанның әйгілі суретшілері: алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев. Е.Мергенов, Е.Сергебаев т.б. Балалар, мүсін жасамастан бұрын жалпы бейнелеу өнері сабағындағы қолданатын ережелер мен білімдерімізге тоқталайық, еске түсірейік.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
● Сурет салған кезде қанша кезеңмен саламыз? (Тақтамен жұмыс).
● Мүсіндеу кезінде жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға деген ұстанымдарды ұстанамыз ба?
● Композициялық құрылымды анықтау (сюжет).
Сұрақтарға жауап берейік (Таратпа материалдар).
1) Бейнелеу өнерінің түрлері.
2) Бейнелеу өнері туралы.
3) Нақыл сөздер (Мәтіннмен жұмыс).
4) Алған білімдерімізді жинақтай отырып, мүсіндеуге (практикалық бөлімге) көшеміз. (10-15 минут).
5) Көрмелеу. Презентациялау.
6) Кітапханаға саяхат (Қосымша әдебиеттермен жұмыс), (Иллюстрациялар)
Қорытындылау. (Тақтамен жұмыс).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет