Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар : жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметін сипаттай алады



бет3/5
Дата05.04.2022
өлшемі3,48 Mb.
#29954
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
жапырақ қмж

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы оқу, жұпта жұмыс жасау арқылы өзіне және айналадағыларға құрмет, ынтымақтастық; жұмыстарды өзара және жеке тексеру кезінде әділдік құндылығын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Жапырақтағы газ алмасу процесстерінің (оттегі мен көмірқышқыл газының алмасу реакциясын)кейбір элементтері химия пәнімен байланысты.Физика – судың сұйық күйден буға айналуы.

Алдыңғы білім

Жаратылыстану 5.4.2.5.Фотосинтез үдерісін түсіндіру; биология (7.1.А бөлімі) Өсімдік және жануарлар жасушасының құрам бірліктері.

Сабақтың барысы

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

  • Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

  • Ширату жаттығуы:

Үй тапсырмасын тексеру: «Конферттегі сұрақ»

1.Өсімдіктің қандай мүшелері су мен минералды заттарды сіңіріп,тасымалдайды?

2.Сүрек паренхимасы дегеніміз?

3.Қанайналым жүйесіне түсініктеме беріңіз?

4.Ашық қанайналым жүйесіне жататын жануарларды ата?

5.Тұйық қанайналым жүйесіне жататын жануарларды ата?

6.102 беттегі 1-тапсырмаға жауап бер.

7.Қанайналым жүйесінің қай элементі барлық жануарларда ұқсас қызмет атқарады?

8.Ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарық (күн) әсерінен органикалық зат түзу, жасушадағы артық суды буландыру,газ алмастыру, органикалық заттарды қорға жинау, көбеюге не қатысады?

ҚБ: "мадақтау" сөздер арқылы "Жарайсың", "Өте жақсы", "Керемет".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет