(МК;Ө;Ж;Қ)
1-жаттығу. YouTube cайтынан (Илья Ильин әлемнің 4 дүркін чемпионы) видеосын оқушыларға көрсету. Оқулықта берілген мәтінді мәнерлетіп оқыту. Оқығаны бойынша талдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Мәтіндегі жазылуы қиын сөздерді тапқызып, олардың жазылуын есте сақтатуға бағытталған жұмыстарды жүргізу. Тақтамен жұмыс ұйымдастыру.
Дескриптор:
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсінеді, мазмұндай алады.
(МК;Ө;Қ)2-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2-жұмыс дәптеріне орындату. Оқушылардың өлеңді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.
Заттың сынын бідіретін сөздердің астын сызғызып, оларға сұрақтар қойғызу.
3-жаттығу. Оқулықтағы жаттығу жұмысын №2-жұмыс дәптеріне орындату. Оқушылардың берілген тапсырманы қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.
Дескриптор:
Заттың сынын білдіретін сөздерді ажыратады.
(Ө; Қ) №2-жұмыс дәптерімен жұмыс ұйымдастыру. Дәптердің 41-бетіндегі тапсырманы орындату.
Бір суретте қоян түлкінің алдында отыратындай етіп, ал екіншісінде түлкінің артында отыратындай етіп аңдарды бояңдар. Жұмыстарын топта жариялатып, дәлелдеулер жасату.