2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдістемелерін қолдана отыра анықтайды.Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:
- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетті ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;
- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;
- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.
3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:
- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;
- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;
- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;
- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Садуахасова А.Б. Психологиялық қызметті ұйымдастыруға арналған әдістемелік материалдар жинағы. Оқу әдістемелікнұсқау. - Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2011№. - 58 б.
2. Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы: Қазақ университетi, 1992. - 112 бет.
3. Көмекбаева Л.К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. - А, 2003 ж.
4. Битянова М.Р. Организация психологической работы в школе. - М.: Генезис, 2000. - 298 с.
5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. - М.: Владос, 2000.
6. Психологиялық қызмет Ережелері проекциясы // Өзгеріс - Перемена, Қарағанды, 2002.