Сабақтың тақырыбы: 3D-панорама және виртуалды тур
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- виртуалды тур, 3D панорама туралы ұғымдарын қалыптастыру;
- виртуалды тур және 3D панорама қасиеттері, ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы мәліметтермен жан - жақты таныстыру;
- виртуалды тур және 3D панораманы қалай жасауды үйрету.
Дамытушылық:
-студенттердың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;
- логикалық , виртуалдық сауаттылығын, компьютерлік іскерлігін дамыту.
Тәрбиелік:
- студенттерге виртуалды тур, 3D панораманы тек пайдалы жағынан күнделікті өмірде тиімді пайдалануға баулу;
- студенттердің адам ретінде жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамда өз орнын табуға ықпал ету; - болашақ ұрпақты заманауи технологияның беретін мүмкіндіктерін қолданып заман талабына сай өмір сүруге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |