№4 Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жерге орналастыру объектісінің картасын құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Елді мекендерді жерге орналастыру картасын құрастыру әдістемесімен студенттерді жан-жақты таныстыру.
Практикалық жұмыстың міндеттері:
1. Жерге орналастыру объектісін құрастыруға қойылатын талаптар.
2. Елді мекеннің картасына сипаттама беру.
Жұмыстың мазмұны
Жерге орналастыру объектісінің картасы (жоспары) жерге орналастыру объектісінің көлемін, орналасуын, шекарасын сипаттайтын графикалық және мәтіндік формада берілген құжат болып табылады. Карталар іс жүзінде жерге орналастыру объектісінің орналасуын және жергілікті жерде бекітілуін сипаттау нәтижесінде жасалынады. Жергілікті жердің картасы мемлекеттік жылжымайтын мүліктің елді мекендер кадастры ретінде болады да, ол болса дистанционды аймақтаудың және өлшеу мәліметтерінің нәтижесінде тиімді құрастырылады.
Жерге орналастыру объектісі Бәйтерек ауылдық округінің территориясының шекарасының жоспары
Елді мекендердің аумағының картасындағы мәліметтерді сипаттау. Елді мекендердің картасын сипаттау бөлімдер бойынша жасалынады.
Елді мекендер сол жердегі адамдардың тұрақты қонысы. Олай болса елді мекендер әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттар жиынтығынан тұрады және өзіне тән география атауы болады. Сондықтан елді мекендердің жағдайын жақсарту үшін жерге орналастыру жұмыстарын тиянақты орындау қажеттігі пайда болады. Сол кезде елді мекеннің тұрғындары қоршаған ортаның жақсарғанын білетін болады.
Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты қалыптасады. Елді мекен кеңістіктік орналасуы (тығыз, бытыраңқы), халық шаруашылық қызметі, мөлшері (тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және тағы басқа сипаттары бойынша әр түрлі болып келеді. Көп жағдайда елді мекен мен ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |