Сабақтың мақсаты: ХХ ғ. екінші жартысында кеңес қоғамында орын алған елеулі оқиғаларға талдау жасап, объективті баға беру



Дата13.01.2023
өлшемі17,51 Kb.
#61203
түріСабақ
Байланысты:
6 семинар


6 Кеңестік қоғамның саяси және әлеуметтік- экономикалық дағдарысы


Сабақтың мақсаты: ХХ ғ. екінші жартысында кеңес қоғамында орын алған елеулі оқиғаларға талдау жасап, объективті баға беру.
Сабақтың сұрақтары:

  1. Соғыстан кейінгі экономикалық даму проблемалары. Бейбіт өмірге өтудің қиындықтары мен қарама-қайшылықтары.

  2. Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында.



Әдебиет

  1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

  2. Аяғанов Б. Дағдарыстың тағдыры: 70-80-ші жылдардағы Республика қоғамдық-саяси өмірінің даму үрдістері.//Ақиқат.1996.№1. 44-47-бб.

  3. История Казахстана: народы и культуры: Учебное пособие.-Алматы, 2001.

  4. Қозыбаев М. История и современность. – Алматы, 1991.

  5. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). Т.1-2. – Алматы, 1998.

  6. Кунаев Д.А. О моем времени. – Алматы, 1991.

  7. Новейшая история Казахстана: сборник документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). – Алматы, 1998.

  8. Омарбеков Т. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. Көмекші оқу құралы. – Алматы, 2003.

  9. Смаилов К. Н.С.Хрущев: ағы мен қарасы.// Ақиқат. 1994. №4. 46-48бб.



Бірінші сұрақта Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдарда дамуына сипаттама беру қажет.

  • Республикадағы қоғамдық-саяси жағдай қандай болды? Соғыстан кейін халықтың психологиясында қандай өзгерістер болды?

  • Ғылым мен мәдение саласында қандай саясат жүргізілді?

  • Зиялылардың қатаң бақылауға алынып, қудалауға ұшырауына не себеп болды?

  • Репрессиялардың жандануын немен түсіндіресіз?

  • «Лагерлік экономика»(Карлаг, Степлаг т.б) дегеніміз не?

  • Ұлтаралық қатынастар саласында қандай келеңсіз жағдайлар орын алды?

  • Соғыстың экономикалық зардаптары қандай болды?

  • Экономиканы бейбіт өмірге көшірудің қиындықтары туралы айтыңыз.

  • Халық шаруашылығын қалпына келтіру жоспарының ерекшеліктеріне тоқталыңыз. Кеңес экономикасының қысқа мерзімде қалпына келтірілуін немен түсіндіресіз?

  • Халықтың әлеуметтік жағдайына сипаттама беріңіз.

  • Ядролық полигон салынуының әлеуметтік салдары қандай болды?

Қорытындылай келе, КСРО мен Қазақстанның соғыстан кейінгі қоғамдық саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына баға беріп, ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.


Екінші сұрақта алдымен елдің қоғамдық-саяси өмірінде болған өзгерістер туралы айтып беріңіздер.

  • Бұл кезеңді неліктен «жылымық» жылдары деп атайды?

  • Хрущевтің «жылымық» жылдарының мәні неде? Қандай игі бастамалар көтерілді?

  • КОКП-ның ХХ съезі және оның тарихи маңызы қандай?

  • Елдің сыртқы саясатында қандай өзгерістер болды?

  • Декмократизациялау үрдісінің аяқталмай қалуын қалай түсіндіресіз?

Қоғам өмірінің маңызды саласы – экономикада да маңызды өзгерістер болды. Осы салада қолға алынған бастамалар мен олардың нәтижелері мен салдарын ашып, баға беру қажет. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап іздеңіз:



  • Өнеркәсіпті ұйымдастыру және басқару саласында ұандай реформалар жүргізілді? Өнеркәсіп пен көліктің дамуында не өзгерістер болды?

  • Ғылыми-техникалық прогресстің экономика дамуына ықпалы қандай болды? Жауабыңызды дәлелдермен бекітіңіз.

  • Экономика дамуының экстенсивті және интенсивті даму жолдарына сипаттама беріңіз.

  • Жаңа қалалардың пайда болуы туралы айтыңыз. Урбанизациялау үрдісінің дамуы қалай жүрді?

  • Хрущевтік әлеуметтік қиял туралы не білесіз?

  • 50-жж. басында ауыл шаруашылығнда қандай жағдай қалыптасты? Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу (1953 ж. қыркүйек) туралы айтып беріңіз.

  • Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің мақсат-міндеттері қандай болды?

  • Тың игерудің игі нәтижелеріне тоқталыңыз.

  • «Тыңның» экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салдары туралы айтып беріңіз.

Рефераттар мен пікірталас(дискуссия) тақырыптары


1. Соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері мен қарама-қайшылықтары.
2. Ызғарлы жылдар іздері: соғыстан кейінгі саяси репрессиялар
3. Н.С.Хрущев, Л.И.Брежнев, Д.А.Қонаев, М.С.Горбачев: саяси портреттер.
4. Қазақстан экономикасында тоқырау болды ма?
5. Диссиденттер қозғалысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет