Сабақтың мақсаты. Ірі азықтардан сынама алып, санитариялық гигиеналық баға беруді үйрену



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі34,05 Kb.
#135103
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың мазмұны.
1.Біркелкілігі: Сапалы ірі азықтар біркелкі, құрамында механикалық қосындылар, улы, көгерген, шіріген шөп болмауы керек. Азықтың құрамы сақталуы керек. Егер бір жерде бірнеше азық түрі болса. Онда әрбір азық түрін бөлек бағалайды.
2. Ылғалдылығын анықтау: 3 сынама азықты майдалап турап 5г өлше, арнайы бюкстарда кептіргіш шкафта 40мин (130 0С) кейін қайтадан өлшейді. Бөлінген ылғалды грамм және процент есебінде анықтайды. 3 сыныманың орташа ылғалдылығын есепке ала отырып азықтың ылғалдылығын шығарады.
Анықтау жолы: шөп сынамасын (3) майдалап турап, араластырып, 5 г арнайы бюкстарға өлшеп салып кептіргіш шкафқа (130 0С) қояды. 40 мин кейін кептіргіш шкафтан алып қайтадан өлшейді.
Ылғалдан % құрамын мына формуламен есептеп шығарады:
Х (А-В)* 100 (15)
А
Мұндағы А-кептіргенге дейін азық салмағы, г

В- кептіргенен кейін азық салмағы, г


100- процент


3.Ас тұзын анықтау: Толық кептірілмеген шөп жақсы сақталу үшін оны үстіне тұз себеді.


Анықтау жолы: 1 г майдаланған шөпті колбаға салып үстіне 50-100мл дист. Су құйып 2 мин араластырады. Ертіндіні сүзеді де аз мөлшерде АgNО3 қосады. Егер осы кезде хлорлы күмістің тұнбасы сынамада шөптің бары анықталады.
4.Шөптің шаңдылығын анықтау. Анықтау жолы. 100 мл дист. Су стаканға құйып үстіне 10 г ұсақталған азық сынамасын салады да стаканды араластырады. Егер осы кезде ертінді тұманданса шаңның бары анықталады. Мұндай азықпен малды азықтандырғанда коньюктивит, трахеит, және т.б. мал ауруларын тудыруы мүмкін.
5.Алколоидтарды анықтау. Алколоидтардың құрамында енгіздер бар, бұлар қышқылдар мен реакцияға түсіп суда ерімейтін еншенді тұздар түзеді.
Анықтау жолы: 1г құрамында алколоиды бар азықты майдалап турап колбаға салады, үстіне 7 мл сірке қышқылын құйып қайнатады, 15минут суытып, араластырады. Ерітіндіні сүзеді, бір-екі фильтратты таза зат әйнегіне тамызып 1-2 тамшы Бушард ертіндісін қосады. Осы кезде қызыл-қоңыр түсті тұнба түзілсе алколоидтың барлығы анықталады.
6.Биологиялық сынама қою.
Анықтау жолы. 50-100г азықты спиртпен экстракциялайды. Спиртті экстрактыны су моншасында беткейінде арнайы сарғыш түске боялған тамшылар пайда болғанша қайнатады. Оның үстіне 1-2 мл эфирды қосып шайқайды. 0,5 мл эфир экстрктысын бақаның тері астына егеді. Егер экстрактыда алколоидтар немесе глюкозидтер немесе глюкозидтер бар болған жағдайда бақаның аяқ – қолдары тырысады.
7.Шырынды азықтарды санитарлық-гигиеналық бағалау



  1. Органолептикалық зерттеу

Сүрлемдік азықты бағалаған кезде оның түсін, иісін, дәмін, құрылымын анықтайды. Сапасы жақсы сүрлемнің түсі сары, жасыл, ашық – қоңыр болады. Бұзылған жарамсыз сүрлем түсі бұлынғыр, көмескі-қоңыр болып келеді. Сапалы сүрлемнің иісі жемістердің, жаңадан піскен қара нанның, нан квасының иісіндей болуы тиіс. Бүлінген сүрлемнің иісі тұрыптың /редька/, шабақ балықтың иісіндей болады. Сапалы сүрлем дәмі сәл қышқыл немесе қышқылт болады, ал бүлінген сүрлем ащы немесе өте қышқыл болады. Консистенция – сапалы сүрлемнің ұсақталған бөлшектері, сүрлемге салынған өсімдіктің құрылымының консистенциясын сақтауы тиіс, сондай-ақ жылпылдақ әрі жұққыш болмағаны жөн.

2.Сүрлемнің жалпы қышқылдылығын анықтау


Колбаға 100 мл сүзінді құйып, оған 1% фенолфталеиннің спирттегі ертіндісісінің, 1-2 тамшысын қосып оны солғын қызыл түрге боялғанша 0,1н
аОН ертіндісмен титрлейді. Сүрлемнің қышқылдылығын градуспен белгілейді, сүрлемге салынған азықтың 100 грамынан алынған сүзінді суды нейтрализациялауға жұмсалған 0,1 поценттік сілті ертіндісінің әрбір 1 мл бір градусқа санайды. Жақсы сүрлемнің жалпы қышқылдылығы 260 төңірегінде болуы тиі. Жақсы сүрленген азықта 2-3 процент еркін қышқыл болса, оның 2/3 бөлігі сүт қышқылы мен 1/3 бөлігі сірке қышқылы болып табылады.

3.Сүрлемдегі аммиактың қоспаларын анықтау


10мл сүзінді алып, оған Несслер реактивінің 3-5 тамшысын қосады. Ашық сара немесе қызғылыт сары түс пайда болса, онда аммиак қоспасының бар екендігін, ал қызыл кірпіш түсті түнбалар бөлінсе оның едәуір көп екендігін білдіреді.
Егер сүрлеген азық дайындау барысында немесе сақтау барысында малдың нәсжісімен, садырамен былғынса, онда одан алынған сүзінді судың құрамында хлорид және сульфат болуы мүкін.

4.Қант қызылшасындағы нитритті анықтау


Қызылшамен уланудың себебі: буланған немесе қайнатылған қызылша 56 сағ соң улы қызылшаға айналады. Оның улылығы бірте-бірте арта, түсіп 12 сағ кейін нағыз күшіне енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет