Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын білдіреді.
Дәптермен жұмыс
«Сұрақ ілмегі» әдісін пайдалану арқылы жеке жұмыс жүргіземін. Бұл әдіс барысында есеп шығаруда кездесетін барлық сұрақтарды ортаға саламын.
Тапсырма 1. Координаталар басынан мына нүктелерге дейінгі қашықтықты табыңдар:
1) М(− 4; 3);
2) N(− 3; 1) ;
3) К(4; − 4);
Дескриптор: Білім алушы
-екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады;
-нәтижесін дұрыс есептейді;
Қ.Б. Есепті «Көршіңді сына» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын
Саралау. 2-тапсырманы орындату мақсатында «Бірге ойлаймыз» әдісін қолданамын. Екі оқушы бір-біріне қолдау көрсетеді
Тапсырма 2.Үшбұрыштың А(2; 1), В(− 6; 7) және С(2; − 2) төбелері берілген. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Дескриптор: Білім алушы
- үшбұрыштың әрбір қабырғасын екі нүктенің арақашықтығы формуласымен дұрыс есептеп табады;
-периметрдің формуласын пайдаланады;
-нәтижесін дұрыс есептейді;
Достарыңызбен бөлісу: |