5-тапсырма. Берлігін хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып, сұраулы сөйлемдердің неше жолмен жасалатынын түсіндіріңіздер Қазіргі заманғы технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бұл көпсатылы адам машина басқару жүйесі. БАЖ-ды күрделі технологиялық процестермен жасағанда техникалық құралдар мен бағдарламалық жасаулардың дамуымен бірге жетіле түсетін автоматты ақпараттық жүйелер пайдаланылады. ТПБАЖ және диспетчерлік басқару. Жаңа ғылыми идеялар мен техникалық құралдардың пайда болуына байланысты ТПБАЖ дамуын үш кезеңге бөлуге болады. Уақыт барысында объектілер мен басқару әдістері, автоматтандыру құралдары және басқа компоненттердің мінездемесі өзгереді. Олар қазіргі басқару жүйесінің мазмұнын құрайды.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі қандай жүйе?
Күрделі технологиялық процестермен жасағанда нелер пайдаланылады?