Технологиялық үрдістер қандай саты болып есептеледі?
3-тапсырма. Автоматтандыру саласындағы терминдердің мағынасын түсініп, меңгеріңіздер Лингвистикалық жабдықтау - лингвистическое оборудование.Есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;
Құқықтық жабдықтау- правовое оборудование. Ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттерінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;
Эргономикалық жабдықтау – эргономическое оборудование. Ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.
4-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді аяқтаңыз Технологиялық үрдістерді сапалы түрде жүргізу үшін, автоматты ... . Автоматтандыру нәтижесінде технологиялық үрдістер автоматты... . Автоматтандыру нәтижесінде технологиялық үрдістер автоматты... . ТҮ АБЖ –ні енгізудегі негізгі мақсат- технологиялық үрдістерді басқару сапасының жоғарылауы нәтижесінде... .
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қосып жазыңыздар Қазіргі заман... көлемді өндірістер..., нысан... толық басқару... шешімін қабылдау үшін қажетті ақпарат... жинау мен өңдеу... автоматтандырылған үрдісін жүзеге асыратын автоматтандырылған, адамды-машиналы жүйелерсіз елестету мүмкін емес. Аталған жүйелерді ТҮ АБЖ деп атайды. ТҮ АБЖ өндірілетін өнім... сапалық және сандық сипаттамасын анықтайтын, берілген технологиялық және технико-экономикалық критериялар бойынша технологиялық кешендер... автоматты басқару... қамтамасыз етеді.