Сабақтың мақсаты: Мәтіндегі грамматикалық категория мен мазмұнды категорияның қызметін анықтау. Негізгі сұрақтар, тапсырмалар


Тақырыбы: Мәтіннің лексикалық құрамына талдау. Тапсырмалар



бет2/4
Дата23.10.2022
өлшемі57,97 Kb.
#45069
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Көрк.мәт.линг.талдау 6

Тақырыбы: Мәтіннің лексикалық құрамына талдау.
Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі сөздердің мағынасы.

  2. Мәтінді құрайтын сөздердің мәтіннің тақырыбына мағыналық қатысы.

  3. Мәтіндегі ауыс мағыналы сөздер, олардың жасалу жолдары (метафора, метонимия, синекдоха).

Сұрақтар:

  1. Мәтіндегі кірме сөздер, диалектизмдер,

көнерген сөздер, олардың шығарма тақырыбына, мазмұнына қатысы.

  1. Мәтіндегі омонимдік, синонимдік, антонимдік қатарлар, олардың қолданылу сыры.

  2. Көркем шығармаға лексикалық талдау жасау.

Қосымша әдебиеттер: [1.7:1], [1.7:2], [1.7:4], [1.7:8], [1.7:11], [1.7:12], [1.7:13], [1.7:14]


Тапсырмалар:

  1. Мәтіндегі сөздердің мағынасы.

  2. Мәтінді құрайтын сөздердің мәтіннің тақырыбына мағыналық қатысы.

  3. Мәтіндегі ауыс мағыналы сөздер, олардың жасалу жолдары (метафора, метонимия, синекдоха).

Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы әр түрлі бағытта топтастырылып келеді. Өткен ғасырдың 50-жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыдан топтастыру орын алды. Сөздерді мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. деп семантикалық топтастыру - беретін ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделді . Сөз мағынасын топтастыру мағынаны әр түрлі аспектіде қараудан туындайды. Мәселен, сөздің негізгі және тұрақты мағынасы дегенде деректі атаулардың аталым дәрежесі, ал сөздің нақты және абстакті мағынасы дегенде адам ойының танымдық және абстрактілену дәрежесі ескеріледі. Контекстік мағына сөздің сөйлемдегі, мәтін ішіндегі динамикасына қатысты болса, сөздің көп мағыналылығы ауыс мағынаның полисемиялық деңгейге жетуі, одан әрі омонимденуі тұрғысынан қаралады. Қазақ тіл білімінде сөз мағыналарын топтастырудың академик В.В.Виноградов ұсынған тура және номинативті мағына; фразеологиялық байлаулы мағына; синтаксистік шартты мағына деген классификациясын кеңінен пайдаланылып келеді [18.9]. Мәселен, І.Кеңесбаев, Ғ.Ғ.Мұсабаевтар В.В.Виноградовтың жоғарыдағы топтастыруын басшылыққа ала отырып, сөз мағыналарын:


1) сөздің негізгі мағынасы;
2) сөздің тұрақты мағынасы;
3) сөздің нақты (конкретті) мағынасы;
4) сөздің контекстік мағынасы және көп мағыналылығы;
5) сөздің абстакті мағынасы;
6) сөздің тура мағынасы;
7) сөздің ауыс мағынасы;
8) сөздің грамматикалық және лексикалық мағынасы деп бөледі [14, 35].
Профессорлар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев сөз мағынасын сөздердің шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіруіне, тарихи пайда болуына, өзара тіркесімділігіне, стилистикалық қызметтеріне қарай топтастырып, қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарын:
1) сөздің негізгі атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы;
2) сөздің ауыс мағынасы;
3) сөздің нақты және дерексіз мағыналары;

4) сөздің түпкі және туынды мағынасы;


5) сөздің еркін және байлаулы мағынасы деп бөледі.
6) сөздің бейтарап және терминдік (кәсіби) мағыналары;
7) сөздің бейнелі және поэтикалық мағыналары деп жіктейді[35.75-86].
Профессор Б.Сағындықұлы сөз мағынасын сөздің жеке тұрғандағы және өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскендегі қалып-күйіне байланысты сөздің сөздік мағынасы және сөздің тілдік мағынасы деп екі үлкен топқа бөліп алып, ары қарай сөздік мағынаны өз ішінен: 1) лексикалық мағына; 2) лексика-грамматикалық мағына деп екіге бөледі. Тілдік жүйе негізінде қалыптасқан мағына элементтерін тілдік мағына деп атай отыра ғалым оны іштей парадигмалық және синтагмалық мағыналар деп екіге бөліп қарастырады, лексикалық мағынаның құрамдас бөліктері ретінде денотаттық мағына мен сигнификативтік (пайымдық) мағынаны атап көрсетеді [10, 8-18]. Сөз мағынасына сөздің белгілі бір лексика-грамматикалық топқа, мәселен сөз табына телінуі де әсер етеді. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз - оның жеке тұрып білдіретін, өзіне ғана тән, қоғам таныған мағынасы [38.8], тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны [18.10]. Сөздің лексикалық мағынасы - дыбыстық кешеннің ақиқат өмірдегі құбылыстардың бірімен белгілі бір тілде сөйлеуші ұжым арқылы белгіленген байланысы болып саналады [20.65].
“Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз - грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Ол сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады” [35.73].
Тілдегі көптік, септік, тәуелдік, шақ, жақ, етіс т.б. тілдік категориялардың әрқайсысы өзді-өзіне тән грамматикалық мағына арқалайды. Сөз қай сөз табына қатысты болса, сол сөз табына тән грамматикалық мағыналар оның лексикалық мағынасына әсер етеді. Әрбір сөз табының өзіне тән семантикалық ерекшелік белгілі бір сөз табына қатысты жеке сөздердің лексика-грамматикалық мағынасынан нақты түрде көрініс табады.
Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын тілдік құбылыс. Сөздің бастапқы атауыш немесе тура мағынасы сөздің басқа мағыналарына негіз болады. Сөздің затты, құбылысты тікелей атаудан туындайтын мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады. Ол мағына затты, құбылысты тікелей атап көрсететіндіктен кейде сөздің тура мағынасы деп те аталады. Тура мағынада қолданылатын сөздердің басқа сөздермен байланысы, ара - қатынасы сол өздері белгілейтін ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланысқа сәйкес келеді және олардың қолданыс аясы өте ауқымды, әрі еркін болады. Мысалы, келу етістігі Мен ауылдан кеше көлік жалдап келдімдеген сөйлемдегі әр сөзбен тіркесіп жұмсала береді. Сол сияқты табудеген сөз жоғалған нәрсені (малды, затты, бұйымды) табу, жұмбақтың шешімін табу сияқты еркін тіркес жасауға актив қатысады.

Атауыштық тура мағынадағы сөздер басқа сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп отыратындықтан, сөздің жеке тұрып беретін мағынасы еркін мағына болып та табылады. Мысалы, ай, күн, тау, жел, ағаш, орман сөздерінің әрқайсысында заттық ұғымдарды білдіретін денотаттық тура атауыш мағына да, еркін тіркесімділік сипатқа ие еркін мағына да бар. Сөздің жеке тұрып білдіретін, тілдің қазіргі деңгейінде тіл иесіне түсінікті тура, атауыштық, денотаттық мағынасы сөздің тұрақты негізгі мағынасы болып танылады.


Сөздің ақықат болмыспен, ондағы заттармен, құбылыстармен байланысып жататын мағынасын тіл білімінде денотаттық мағына деп атайды. Денотаттық мағына айналадағы заттың, құбылыстың адамның сезім мүшелеріне әсер етуіне негізделетін, көрнекті нақты ойлауға қатысты қабылдаудан туындайтын ұғым негізінде қалыптасқан ақиқат дүниенің обьективті бейнесі. Мәселен, лақты ешкі дегенде тыңдаушыға өзі көзімен көрген, сезіміне әсер еткен егіз лақ ерткен қара ешкінің, ақ лақты тоқал ешкінің, көк лақты ақ ешкінің, сұр лақ ерткен желіні жер сызған бөрте ешкінің т.б. бейнесі елестейді. Мұндағы ешкі, лақ деген жалпылама атаулар әр тыңдаушының көрнекі, бейнелі ойлауына байланысты ешкі, лақтың нақты бейнесін беретін белгі, нышандармен (тоқал, ақ, қара, бөрте, желінді т.б.) айқындалады, нақтылық сипат алады.Денотат дегеніміз белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері. Денотат көбінесе сөздің тура (атауыштық) мағынасында сақталады.Сөздің тура атауыш мағынасының негізінде туып өрбіген ауыс, нақты, абстракті мағыналары сөздің лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады және олар туынды атауыштық сипатқа ие.Сөздің атауыштық негізгі мағынасын басқа бір затқа, құбылысқа атау етіп ауыстырып қолданудан туындағын мағынаны сөздің ауыс мағынасы деп атайды. Мысалы, көз деген сөздің адам мен жан-жануарлардың дене мүшесінің бірін білдіретін мағынасы тұрақты, негізгі, бастапқы, тура, денотаттық, еркін мағына. Ал күннің көзі, бұлақтың көзі, көз жауын алады (жайнап тұр) дегендердегі көзсөзінің білдіретін мағыналары бастапқы тура мағына негізінде өрбіген ауыспалы мағыналар.
Тура мағынадан келесі бір ұғымды беру үшін ауысқан мағына біртіндеп солғындағанда, білдіретін ұғымда да азды-көпті реңкілік өзгерістер орын ала бастайды. Мысалы, Шалкиіздің:
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар - деп келетін жолдарда, немесе Махамбет ақынның:
Исатай деген ағамбар,
Ақ кіреуке жағам бар- дегеніне,немесе Доспамбет жыраудың:
Азаулының Аймәдет ер Доспамбет ағаның
Хан ұлынан несі кем?
Би ұлынан несі кем?

Азаулыдааға болған ерлер көп еді,- деген жыр жолдарына жүгіне отырып, Р.Сыздық қазақ тіліндеаға сөзі “жасы үлкен ер адам” деген тура, негізгі мағынасымен қатар ертеректе “бас, басшы, ел (ру, тайпа, халық) басшысы, әскери басшы (қол басы)” деген ауыспалы мағынада жиі қолданылып, терминдік сипатта жұмсалғанын, бертін келе, XVIII-XIX ғасырларда, бұл сөздің “қолбасшы, әскери басшы” мағынасы солғындап, ол ауыспалы мәнде қолданылғанда “жасы үлкен, сыйлы, құрметті адам” деген ұғымда жұмсала бастағанын айтады [64.16-18].


Сөздің затты, құбылысты дәлме-дәл, анық, айқын, даралап көрсетіп атайтын мағынасын нақты мағына, ал типтес заттарды, құбылыстарды жалпылап, жинақтап, дерексіздендіріп атаудан туындайтын мағынаны, сондай-ақ адам санасында қалыптасқан дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздердің мағыналарын дерексіз мағына дейді. Мысалы, алты сан алаш, сансыз көптіркестеріндегі, сондай-ақ батырлар жырларында кездесетін он сан қол, мың сан әскертүріндегі тіркестерде келетін сан сөзі бұл күндегі “есеп” мағынасында қолданып тұрған жоқ. О баста сан деген сөз “өте көп, мөлшерсіз көп” деген ұғымды білдірген. Жоғарыдағы тіркестер құрамындағы алты, он, мың сан есімдері де өздерінің тура (номинатив) мағынасын танытпайды, олар да “көп, белгісіз мөлшердегі көп” деген жинақтаушы, дерексіз мағынада жұмсалып тұр. Сонда алты сан алаш - “қаумалаған қарындас”, яғни қалың елі, ағайыны, артынан ерген қалың жұртшылық, мың сан әскер - “есепсіз көп әскер” [64.159].
Абстакті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны сигнификаттық мағына деп те атайды. Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммен, оймен байланыстырады. Мысалы, Балқаш, Ойыл, аққайын, қаратал, шырғанақ, ұлар, қосаяқ, бесік, киіз үй, барды, келді, айтты т.б. деген сөздердің мағыналарына нақтылық, ал өсімдік, өзен, үй жабдықтары, жүру, сөйлеудегендерге жалпылық, адамгершілік, жолдастық, сыйластық, махаббатдеген сөздердің мағыналарына дерексіздік сипат тән.
Сөздің ішкі мағыналарының дамып отыруына байланысты туындайтын синонимдік, омонимдік, антонимдік мағыналар да, түбір сөздің түпкі мағынасына негізделіп өрбитін туынды мағына да лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады.
Сөздердің лексикалық тіркесімділігі синтагмалық байланыс деп аталады. Синтагмалық байланыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді. Сөздердің логикалық-үғымдық, семантикалық, синтаксистік, тіркесімділік қабілетін анықтаушы тілдік мағына синтагмалық мағына деп аталады [73.14].
Сөздердің тіркесімділік қабілетіне байланысты мағыналардың синтаксистік шартты және фразеологиялық байлаулы мағына деп аталатын түрлері болады.
Сөздің сөйлем ішінде контекст ыңғайына қарай және нақты синтаксистік қызмет атқаруына байланысты туатын ауыспалы, тиянақсыз мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады. Бірақ мұндағы ауыспалылық бір заттың тура мағынасын келесі бір затқа атау етіп ауыстырудан емес, сөзді белгілі бір синтаксистік контексте мақсат көздеп жұмсаудан туындайды. Мысалы, Махамбеттің:

Хан емессің, ылаңсың,


Қара шұбар жылансың - дегеніндегі жылансөзі білдіріп тұрған «жауыз» деген ауыс мағына синтаксистік шартты мағына болып табылады. Өйткені ол жылансөзінің белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруынан, айталық, сөйлемдегі баяндауыштық қызметінен туындап отыр.
Сөздің синтаксистік шартты мағынасында жағымды немесе жағымсыз реңктегі эмоциональді-әкспрессивті сипат болады. Абай өлеңдерінде кездесіп жататын өмірдің шыжығы, қайғының уы, жастықтың оты, қырық жамаулы жүрек, көңілге ажым салу, ой көзбен тыңдау т.б. дегендердегі шыжық, у, ажым салу, от, қырық жамау,тіркесуге келмейтін сөздермен тіркесіп, бейне жасап, синтаксистік шартты мағынада қолданылып тұрған сөздер. Сол сияқты Атайы ердің тұсында, Тұлпары тұрар шарқ ұрып (Шалкиіз жырау) деген жолдардағы тұлпардың шарқ ұруы, яғни “бір орнында тұра алмау” дегенді білдірген тура мағынасында емес, “жаумен шайқасуға, ұрысқа дайын тұру” деген синтаксистік шартты мағынада жұмсалып тұр.
Сөздің фразеологиялық тіркес аясында, белгілі ғана сөздермен тіркесу қабілетіне қатысты туындайтын мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болады. Мысалы, Мұныңа ханым шыдаман! Арқаға қарай көшермін, Алашыма ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат сауырысын берермін, Алыста дәурен сүрермін (Жиембет жырау) деген жолдардағы Ат құйрығын кесу, Ат сауырысын беру фразеологизмдері құрамындағы сөздер өздерінің тура мағынасында емес, өзара жымдасып, біртұтасып келіп “теріс айналып кету”, “қарым-қатынасты біржола үзу” дегенді білдіріп, фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалған.
Қыпша бел, сұры қашу, құр атқа мінгендей, тас қараңғы, тас түйін, тықыр таяң кез, ауыр қол, аты шулы т.б. тұрақты тіркестердегі қыпша, сұры, құр, тас, тықыр таяң, ауыр, шулы сияқты сөздердің тіркесімділік қабілеті өте төмен, олар жоғарыдағы санамалы сөздермен тіркесу арқылы ғана фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалады. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты туындайтын лексикалық мағыналарының бейтарап, бейнелі, терминдік деген түрлері болады. Сөздің стилистикалық қызметімен ұштасатын мағыналардың бірі - поэтикалық мағына. Көркем шығарма тілінде сөзді көтеріңкі сипатта, белгілі бір мақсат көздеп, поэтикалық қызметте жұмсаудан поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына - теңеу, эпитет, метафора, гипербола, перифраз, литота, градация т.б. троп пен стильдік фигураның түрлері сияқты тәсілдерді қолдану арқылы соны да көркем, айшықты да әсерлі сөз өрнегін, айрықша бейнелі жаңа тіркестер жасаудан туындайтын мағына. Мысалы, Абай тіліндегі талаптың аты арындау (бір нәрсеге қатты талаптану, ұмтылу), соқтықпалы соқпақсыз жер (ақын өмір сүрген заман, орта), үміттің аты елеру (қатты үміттену), шенді шекпен жабу (қолына билік ұстату), дүниеге бой алдыру(өмірдің ырқына көну) т.б. жалпыхалықтық тілде қиыспайтын сөздерді қиыстырып, сөз мағыналарын ауыстырып, метафоралап, одан барып номинативтік атауды суреттеме атаумен алмастыру негізінде жасалған, поэтикалық мағына арқалаған мүлде тың, соны қолданыстар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет