-этил спиртінің өндірісте алу әдістерін дұрыс түсініп, реакция теңдеулерін құрастырады, талдау барысында терминдерді дұрыс қолдана алады.
Дескрипторлар
Этанолды алуға арналған қондырғыны құрастырады.
Қант, ашытқы, жылы су, әк суын қолдана отырып, этанолды алу жоспарын топта талдап, жоспарлайды.
Этанолды алу тәжірибесін орындайды.
Диаграммадағы бос орындарды толтырады.
Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады.
Гидратация әдісімен этанолды алу ерекшеліктерін анықтайды
Ферментация және гидратация әдістерінің ерекшеліктерін салыстырады
Гидратация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады
Кілт сөздерді қолдана отырып, тірек сызбаны интерпретациялай алады
Құндылықтармен байланыс
Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.
Алдыңғы оқытылған тараулар
10.2A Органикалық химияға кіріспе
10.3В Алкендер
Биологиядан алған білімдері: ферментация