Мұғалім түсіндірмесі: Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын және жаңа сабақ туралы мәлімет беріп өтеді.
«DEAL» тәсілі арқылы: БТ.1-тапсырма:«Адам денесіндегі тері аурулары» тақырыбындағы бейне баянды көру және топта талқылау. https://youtu.be/AaPGXckI80s
D-адам денесіндегі тері рецепторларының түрлерін атайды және тері ауруларын анықтайды;
E-тері ауруларының алдын-алу шараларын қарастырады;
Дискриптор:
Тері рецепторларының түрлерін атайды;
Тері ауруларын анықтайды;
Тері ауруларының алдын-алу шараларын қарастырады;
Саралау: Дереккөздер:Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады, нақты айтқанда қабілеті жоғары оқушылар «Адам денесіндегі тері аурулары» тақырыбындағы бейне баянды тамашалау арқылы тері ауруларының алдын-алу шаралары туралы өз ойларын тұжырымдап, жеткізе алады;
БТ.2-тапсырма: 2-топ: Бактерия тобы. Тапсырма: «Венн жүйесі» арқылы: A-адам терісіндегі жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды талдаңыз, 1айырмашылығы мен 1 ұқсастығын табыңыз.
Жұқпалы аурулар Жұқпалы емес аурулар Дискриптор:
Адам денесіндегі жұқпалы ауруларды анықтайды;
Адам денесіндегі жұқпалы емес ауруларды анықтайды;
Теріде кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың айырмашылығын талдайды;
Теріде кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың ұқсастығын табады;
Саралау: Диалог және қолдау көрсету-тапсырманы орындау барысында жоғары деңгейлі оқушыға төмен деңгейлі оқушыға көмектесуге нұсқау беремін.
БТ.3-тапсырма: 3-топ: Саңырауқұлақ тобы. L-зертханалық жұмыс жүргізу арқылы қолдың сыртқы және алақан бетіндегі тактильді және суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін зерттейді;
Дискриптор:
Терінің сезімталдығын зерттейді;
Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан түйреуіштің көмегімен тактильді нүктелерін табады;
Терінің осы бөлігінен мұздың көмегімен суықты қабылдайтын нүктелерді анықтайды;
Тактиль және суық қабылдайтын рецепторларды санап, орналасу жиілігін салыстырып, зерттейді;