Сабақбойынша рефлексия Сабақмақсаттары Немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма? Барлық оқушылар оқу мақсатынақол жеткіздіме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақ кезеңдерінде Уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан Ауытқулар болдыма жəне неліктен?
Жалпыбағалау
Сабақтаеңжақсыөткенекінəрсе (оқыту мен оқуғақатысты)? 1: 2:
Сабақтыңбұдан да жақсыөтуіне не оңықпалетереді (оқыту мен оқуғақатысты)? 1: 2:
Осы сабақтыңбарысында мен сыныптуралынемесежекелегеноқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтарытуралыненіанықтадым, келесісабақтарда не нəрсегеназараударуқажет?
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 10 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы:
Дигибридті байланыстырудың цитологиялық негіздері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақта мақсаты
Барлық оқушылар: дигибридті будандастыру кезіндегі бұршақ тұқымының пішіні мен түсінің тұқым қуалауы туралы білімін арттыру.
Оқушылардың басым бөлігі: дигибритті будандастырудың цитологиялық
негіздерімен таныстыру.
Кейбір оқушылар: Мендельдің үшінші тәуелсіз ажырау заңдылығымен таныстыру.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Бір-бірінен үш немесе одан да кеп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастырудыпюлигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердін ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады..
Қарастырылатын сұрақтар: 1.Мендельдің неше заңы бар?
2.Не себепті Мендель өз тәжірибесіне бұршақ өсімдігін алды?
3.Бірінші заңы қалай аталады?
4.Екінші заңы қалай аталады?
5. Көптік аллельдер дегеніміз не?
Құндылықтар
Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.
Ұйымдастыру бөлімі. Ынтымақтастық атмосферасы. «Тәтті конфеттер». / Конфет түстеріне қарай оқушылар екі топқа бөлінеді/
«Қапшықтағы фасоль» әдісі арқылы оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
ФБ: Фишка -
«Аспалы көпір» әдісі.
Кеше Бүгін Лотерия ойыны. - 1.Мендельдің неше заңы бар?
2.Не себепті Мендель өз тәжірибесіне бұршақ өсімдігін алды?
3.Бірінші заңы қалай аталады?
4.Екінші заңы қалай аталады?
5. Көптік аллельдер дегеніміз не?
Фишка
YouTube сайтынан алынған видео.
Интербелсенді тақта
Сабақтың ортасы 5 минут
3 минут
2 минут
8 минут
4 минут
Г.Мендель бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заң ашқан болатын. Ол кезде жасушаның мейоздық бөлінуі, ДНҚ-нің редупликациялануы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы және т.б. ашылмаған еді. Кейіннен цитология ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдары цитологиялық тұрғыдан қайта қарастырылды.
Атап айтқанда, моногибридті және дигибридті будандастырулар жасушаның мейоздық бөлінуі тұрғысынан толық дәлелденді.
Таяқша тәрізді хромосомаларда тұқымның сары және жасыл түсін анықтайтын А және а гендері, нүкте тәрізді хромомсомаларда тегіс және бұдыр қабықты анықтайтын В және b гендері орналасқан делік. Олай болса, аналық дарадағы екі қызыл таяқша тәрізді хромосомаларда АА; екі қызыл нүкте тәрізді хромосомаларда ВВ гендері; аталық дарадағы дәл сондай көк түсті хромосомаларда аа және bb гендері орналасады. Бұл даралардың әрқайсысынан тек бір-бір сортты гаметалар түзіледі. Гаметаларда мейоздық бөлінуге байланысты ұқсас хромосомалардың әр жұбынан бір хромосомадан ғана бар. Мұндай гаметалар қосылғанда дигетерозиготалық, яғни белгінің екі жұбы бойынша да гетерозиготалы АаВb генотипі қалыптасады. Генотипі дигетерозиготалы организмнен мейоз кезінде хромомалардың экватор жазықтығында кездейсоқ орналасу ретіне байланысты олардың әр жұбынан бір-бір ұқсас сыңардан екі жақ полюске тартылады. Полюске жеткен ұқсас немесе екі жұп хромосомадан төрт түрлі үйлесім түзіледі. Соған сәйкес төрт түрлі гаметалардың қалыптасу мүмкіндігі болады.
Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуы да кездейсоқ жүреді. Міне, соның нәтижесінде екінші ұрпақта F2 9 түрлі генотип түзіліп, 4 түрлі фенотип көрініс береді. Бұл фенотиптердің екеуі ата-аналық дараларға ұқсас келеді. Олар - сары және тегіс, жасыл және бұдыр тұқымдар. Қалған екі түрлі фенотип ата-аналарына мүлде ұқсамайды. Олар - сары және бұдыр, жасыл және тегіс тұқымдар. Мұны мейоз кезіндегі қосылу(конъюгация) құбылысына байланысты гендердің алмасуының нәтижесінде түзілген жаңа үйлесімдер деп түсінуге болады.