Топтық жұмыс: Мәтінмен танысып топта талдау. 5 минут. І топ. «Нейрон» тобы – Жұлынның құрылысы менқызметі
ІІ топ. «Аксон» тобы –Аралық және ортаңғы ми, артқы ми
ІІІ топ. «Дендрит» тобы – мишық, сопақша мидың құрылысы мен қызметін қарастырады.
Постер құру. 3 минут.Оқушылар А3 қағазғасурет қиындылары және маркер көмегімен постер дайындайды.
Қорғау. Әр топ 2 минуттан. (Барлығы 6 минут)
Топтардың таныстырылымдары
ҚБ. Мұғалім оқушылардың білімдерін үш түсті қағазды үлестіру арқылы бағалайды.
Жасыл – Жарадың, тек қана алға!
Сары – Жақсы
Қызыл – Әлі де жұмыстануың керек!
№2 видеоны көрсету. (1:30 минут)
ІV.(Ж) Алған білімдерін бағалау, қалыптастырушы бағалау
жұмысы.
Тапсырма-1 а) Жүйке жүйесінің бөліктерін атаңыз
----------------------------------------------------------------
b) Жұлын бөліктерін қызметіне қарай сәйкестендіріңіз
Жұлын құрылысының бөліктері
Атқаратын қызметі
Сұр зат
Мидан бұлшықетке жүйке импульстерін жіберіп, оларға жиырылуға, белгілі бір қимыл жасауға команда береді
Ақ зат
Олар арқылы миға сезімтал жасушалар – рецепторлардан ақпарат келеді
Алдыңғы тамыршалары
Бұлшықет пен дене мүшелеріне бағытталған жүйкелер
Артқы тамыршалары
Май қабығы – миеленмен қапталып, «көбелек тәрізді» бөлігін қоршайды
Жұлын жүйкелері
«Көбелек» тәрізді бөлігі,қимыл– қозғалыс және аралық нейрон денелерінен тұрып өткізгіштік қызмет атқарады
С) Егер хирург ота жасаған кезде жұлынның алдыңғы өскіндеріне зақым келтіріп алса не болады?
-------------------------------------------------------------------------