Жаңа тaқырыпқа түсу
Жаңа сабақты оқулықты пайдалану арқылы бастаймын. Әр топ өзіне берілген бұлшықет типі туралы мәлімeт алады. Топтық жұмыс жүреді.
Бұлшық ет талшығының құрылысы.
Миоцит
Қаңқа бұлшық еттері көп ядролы жасушалардан тұрады. Олар бір-бірімен бұлшық етті жиырылуға келтіретіп, қозу импульсі өтетін плазматикалық мембранамен байланысқан. Миоциттің диаметрі ұзындығына қарағанда қысқа. Оның ұзындығы түрлі бұлшықтарда 5 тен 100 мм дейін жетеді, диаметрі ұзындығына қарағанда едәуір төмен 10 нан 100 мкм дейін. Мұндай ұзындықтың қалыңдықтан басым болуын ұршық тәрізді торшада оны талшық деп атауға мүмкіндік береді. Бұлшық ет талшығы көптеген жеке торшалардың қосындысынан болады. Себебі миоцит (едәуір күрделі торша) құрамында бірнеше ядролар бар. (сурет 1)
Сурет 1. Бұлшықтың құрылымдық схемасы (по Woledge R. et al., 1992).
Миофибриллалар
Миоцит құрамында (көлденең қимасында) 103 миофибрилл бар. Бұлшық ет жасушасы көптеген қысқару талшықтарынан тұрады. Олар – бір-біріне параллельді орналасқан миофибриллдер деп аталады (Сурет 1). Қысқаруға бейім миофибриллдер диаметрі жуықтағанда 1мкм-ді құрайды. Миофибриллдердің бойымен саны көп саркомерлер орналасады ( грек. сөзінен sarx - ет, meros – бөлік ), бір-бірімен тізбек тәрізді жалғанады. Көрші саркомерлер бір-бірімен десмин ақуызы арқылы «желімденеді», өз кезегінде десмин актин жіпшелерімен актин-десминді торлы байланыс түзеді.
Саркомер құрылысы
Миоцит шекараларының реттілігіне байланысты көрші миофибриллдердің саркомерлері беттеседі. Микроскоптан қарағанда, көлденең жолақты (қаңқалық) бұлшықтың белгілі бір реттілікпен орналасуы олардағы ашық немесе (изотропты-I) және қара (анизотропты-А) жолақтардың бір текті реттілігіне байланысты (сур.2). Анизотропты дисктер екілік сәуле сынумен қабілетті: қарапайым жарықта қараңғы болады, ал поляризацияланған жарықта-көлденеңінен мөлдір (ашық түсті), ұзынынан мөлдір емес.
Изотропты дисктерге екілік сәуле сынуы тән. І-дискінің орталық бөлікте қараңғы көршілес саркомерлермен арасындағы байланысқа тән. Бұл қараңғы жолақ 80-160 нм Z-сызығы деп аталады. Ол миофибриллдер арасындағы көрші саркомер арасындағы шекара қызметін атқарады. Электронды микроскоптан көрініп тұрғандай, әрбір саркомер жіңішке (актинді) және (миозинді) филаменттерден тұрады. Олар протофибриллалар деп аталады, олардың саны орташа бір миофибриллде 2500-ді құрайды. Протофибриллдер бір – біріне параллельді орналасады (сур.3 қараңыз). А дисктерінде оларды миозин жіпшелері жабады. А дискінің ортасында ашық бөлік (Н жолақ) басталады, онда тек миозинді жіптер байқалады. Демек, анизотропия құбылысы актинді және миозинді филаменттердің бірдей кездесуімен сипатталады. Көлденең қиынды бойында саркомерде жіпшелер қашанда гексагональді жұйе құрайды, мұнда әрбір миозинді протофибрилла алты актинді, ал әрбір актинді үш миозинді протофибриллалармен әрекеттеседі (сур.3). Жіңішке және жуан филаменттер әсерлері көлденең көпірлер арқылы іске асады, ондай көпірлер миозинді молекулалар бастарынан құралады. Олар миозин жіпшесінің ұзынынан бойлай 120° бұрыш жасап орналасқан көршілес миозин көпірлерінің арасындағы арақашықтықтары 43 нм тең. Ұзынынан бойлай орналасқан көпір химиомеханикалық түрлендіргіш қызметін атқарады. Актин мен миозин филаменттерді бір – бірінен қатаң арасында параллельді 13 нм арақашықтық сақталады. Босаңсыған күйде бұлшық ет тропомиозин молекуласымен қапталған тропомиозин екі жіпшелі массалары 34 және 36 кДа молекулярлы субірліктерден құралады. Ұзындығы 41нм қадамы 7 нм молекуламен бұратылған.
Сурет 3. Саркомердің құрылысы: а-тігінен қимасы, б-жуан және жіңішке жіпшелердің қиылысындағы көлденең қимасы, в-жуан және жіңішке жіпшелердің қозғалысы нәтижесіндегі саркомер ұзындығының өзгеруі.
Әр топ өз тақырыбы бойынша постeр қорғайды. Талқылау кeзiнде айтылым қалыптасады.
Адам дeнесінің бұлшық еттерiн жіктеу кезінде cуреттер берiліп,жазылым дағдысы қалыптастырады.
Бағалау критерийі
|
Дескриптоp
|
1.Бұлшық еттердiң құрылыcы мен мaңызын талдау.
|
1.Бұлшық ет ұлпасының маңызы мен құрылысын түсіндiре алады.
2.Бұлшық eттің сурeтін салып,құрaм бөлігін жазады.
3.Бұлшық еттің топтары мен қажуын cипаттай алады.
|
|