«Алтын қақпа» ойыны. Қателікті тап!
Тас қақпа:
Мендельдің үшінші заңы бойынша дараларды дигибридті будандастыру нәтижесінде фенотипі бойынша 2 түрлі белгі көрініс береді. (4 түрлі белгі көрініс береді)
Күміс қақпа:
1. Екі бірдей белгісі бойынша будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.
2. АаВв дигетерозиготалы дарадан мынандай 4 түрлі гамета түзіледі: АА, ВВ, Аа, Вв.(АВ, Ав, аВ, ав).
Алтын қақпа:
Бекітуге арналған есеп: Адамдарда қара түсті шаш сары түсті шашқа қарағанда доминантты, қоңыр көз- көк көзге қарағанда доминантты. Сары шашты көк көзді ер адаммен гетерозиготалы қоңыр көзді сары шашты әйел адамның некесінен болатын балалардың фенотипі мен генотипін және ата – анасының генотипін жазыңдар.
Берілгені: Шешуі:
А-қара шаш P aaBb x aabb
а-сары шаш G aB, ab ab
В-қоңыр көз F1 aaBb aabb
в-көк көз сары шашты, сары шашты,
қоңыр көз көк көз
Жауабы: Фенотипі бойынша: сары шашты, қоңыр көзді және сары шашты, көк көзді балалары болады.
Генотипі бойынша: гетерозиготалы және гомозиготалы рецессивті.
Ата-анасының генотипі: гетерозиготалы және гомозиготалы рецессивті
ЕСЕП: Қарбыздың сырты жасыл және жолақ-жолақ болады, ал формасы жағынан – сопақша және домалақ болып келеді. Сопақша келген жасыл гомозиготалы қарбызды, домалақ жолақ – жолақ гомозиготалы қарбызбен будандастырған. F1 – та домалақ жасыл қарбыздар пайда болған. F2 қандай?
ШЫҒАРЫЛУЫ: Есептің мазмұнына қарай түсі жағынан жасыл, ал формасы жағынан домалақ белгілердің доминантты екенін байқадық.
I. Жасыл түс – А
Жолақ – жолақ түс – а
II. Домалақ форма – В
Сопақша форма – в
I. P ♀ AА вв x ♂ аaВВ
G Ав аВ
F1 Аа Вв
II. P ♀ Aа Вв x ♂ АaВв
ЖАУАБЫ: Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. Демек, 9 A – B – жасыл түсті, домалақ формалы. 3A – вв жасыл түсті, сопақша формалы, 3 ааВ – жолақ – жолақ, домалақ формалы, 1аавв жолақ – жолақ, сопақша формалы.
|