Сабақтың мақсаты Сіздің меңгеретініңіз: Географиядағы сандық әдістердің маңызымен танысасыз Сіздің білетініңіз



Дата17.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#83522
түріСабақ
Байланысты:
3 сабақ

Сабақтың тақырыбы


Географиядағы сандық әдістер
Ой қозғау
Берілген кестеге қарап географиядағы сандық әдістердің маңыздылығын атап көріңдерші?
Сабақтың мақсаты
Сіздің меңгеретініңіз: Географиядағы сандық әдістердің маңызымен танысасыз
Сіздің білетініңіз:
Нақты мысалдар негізінде сандық әдістерді қолдануды үйренесіз
Географиядағы сандық әдістердің маңызы
Сандық әдістер - мәліметтерді талдауда қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы болып табылады.
САНДЫҚ ӘДІСТЕР
Картометрия әдісі - картадағы қашықтықты, ауданды, координаталарды,биіктік,
тереңдік, ұзындық,көлем, бағыт және т.б өлшеуді білдіреді.
Теңгерім әдісі – өзгермелі жүйелердегі кіріс пен шығыс арасындағы тәуелділіктерді есептеу арқылы талдау жасауға, болжауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелерді сипаттау үшін шығыс-кіріс, өндіру-тұтыну сандық көрсеткіштері есептеліп, талданады.
САНДЫҚ ӘДІСТЕР

Статистикалық әдіс-зерттелетін құбылыс пен нысанның жай-күйі мен өзгерістерін сипаттау үшін құрастырылады.


Рангтерге жіктеу әдісі- нысандарды сандық деректері бойынша топтастыру үшін қолданылады. Бұл әдіс дүниежүзі елдерінің әртүрлі көрсеткіштер жиынтығы бойынша жасалатын рейтингтерін құрастыруда қолданылады. Мысалы әлем елдерінің туу коэффиценті бойынша топтарын анықтау. (18 бетте толық берілген). Ол үшін туу коэффицентінің ең жоғары және ең төмен көрсеткіштері алынады.
Х= max - min /3
X= 46%0 - 8%0 /3
X=12,6
  • 8 – 20,6 (туу деңгейі төмен)
  • 20,7-33,3 (туу деңгейі орташа)
  • 33,4-46 (туу деңгейі жоғары)

ЧАРТ
Тәжірибе
1-тапсырма. Берілген ақпаратты пайдаланып,жанартаулардың биіктік реттілігін сақтап график тұрғызыңыз.
Ғаламшардағы ең биік жанартаулар:
 
Котопахи –Оңтүстік Америка – 5897 м
Орисаба – Солтүстік Америка – 5700м
Ключи Шоқысы – Евразия – 4750м
Камерун – Африка – 4070м
Фудзияма – Азия – 3776м
Этна – Европа – 3340м
Гекла – Европа – 1491м
Килауэа – Гавай аралдары – 1247м
Кракатау – Азия – 813м
Бағалау дескрипторы:
  • Жанартауларды биіктігі бойынша анықтайды;
  • Биіктік реттілігін сақтайды;
  • Биіктігі бойынша график тұрғызады

СПИДОМЕТР
Тәжірибе
2-тапсырма. Қазақстан халқының динамикасын көрсететін диаграмманы сандық әдістерді пайдалана отырып сипаттаңыз:
Бағалау дескрипторы:
- Халық санының минимум кезеңі аталса;
- Халық санының максимум кезеңі анықталса;
- Халықтың жалпы динамикасы сипатталса;
- Динамикадағы өзгерістер себебі аталса;
Тәжірибе
3-тапсырма Табиғат апаттарының құрлық бойынша таралуы және одан келген шығын көлемі. 2002 ж

Жер шары аймақтары

Табиғи апаттардың саны

Адам шығыны

Африка

51

661

Америка

181

825

Азия

261

8570

Австралия және Мұхиттық аралдар

69

61

Еуропа

136

459

Дүние жүзі

698

10 576

1.Табиғат апаттары мен адам шығыны қай аймақта жиі орын алады?
2.Орын алу себебі неде?
3.Алдын алу шаралары?
4.Болашақта қандай өзгеріс болуы мүмкін?
Бағалау дескрипторы:
  • Табиғат апаттары мен адам шығыны жиі орын алатын аймақты атайды.
  • Орын алу себебін анықтайды.
  • Алдын алу шараларын ұсынады;
  • Болашағына болжам жасайды.

Сабақты бекіту
  • Географиядағы сандық әдістердің артықшылықтары қандай?
  • Географиядағы сандық әдістердің жіктелуін атаңыз.
  • Теңгерім әдісін түсіндіріңіз.
  • Статистикалық әдіске мысал келтіріп көріңіз.

Үй тапсырмасы
1. Тақырыпты толық оқып шығу
2. Оқулықтағы 3-қосымшаны пайдаланып, ЖІӨ көрсеткіштері бойынша Азия елдерін рангтерге жіктеу. Рангтер саны 3 немесе 5 болуы мүмкін.
3. Оқулықтағы 3-қосымшаны пайдаланып, ЖІӨ көрсеткіштері бойынша көшбасшы 10 елді бейнелейтін диаграмма құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет