Сабақтың тақырыбы: Анықталмағандықты көрсету. Статикалық көрсету. Қателіктің таралуы.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге статикалық көрсету. қателіктің таралуы туралы негізгі түсінік беру.
Күтілетін нәтиже:
Сипаттама алады.
Мəліметтер (лазерлік, ультрадыбыстық, көру негізінде) диапазон негізінде сипаттама алады.
Алынған сипаттамалар негізінде белгіліерді ерекшелеу түрін меңгереді.
Өнеркəсіптік роботтардың функционалдық мүмкіндіктерінің кеңеюі қосымша жабдықтау мен механизмдерді пайдалану есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Салу (тиеу) жəне алу (түсіру) операциялары үшін роботтарды пайдалану өнімділікті арттырады. Роботтарды қолайсыз ортада пайдаланудың артықшылықтары бар, оларды станоктарда қызмет етуге пайдаланудың негізгі себебі болып еңбек ақы шығынының тікелей төмендеуі табылады. Көбінесе өнімділікте артады, себебі роботтар адамдарға қарағанда ұзақ уақыт жұмыс істей алады.
Роботтарды жасаудағы мақсат – адамға ауыр, қажытатын, денсаулығына зиян қызмет түрлерін солардың міндетіне беру болып саналады. Өндірістік үрдістерді атқаруда адамның қозғалыс жəне басқару функцияларын орындайтын роботтарды өнеркəсіптік роботтар деп атайды. Машинажасау, аспапжасау жəне сол сияқты өндірістерді кешенді автоматтандыру, еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын жоғарылату мəселелері осы өнеркəсіптік роботтардың көмегімен шешіледі. Əдеттегі автоматтандыру құралдарынан əмбебаптығы мен қайта икемделу мүмкіншілігі бойынша ерекшеленетін өнеркəсіптік роботтар роботтандырылған технологиялық кешендерді, қайта икемделуі тез икемді өндірістік жүйелерді жəне икемді автоматтандырылған өндірістерді құрастыруда негізгі əмбебап қондырғы болып саналады.
Өнеркəсіптік робот дегеніміз - өндіріс салаларында қолданылатын программаланған автоматты манипулятор.
Манипулятор – кеңістікте объектілерді қозғалту кезіндегі адамның қолының функцияларына ұқсас, жұмысшы органымен жабдықталған, қозғалту функцияларын орындайтын жабдық.
Орындау операцияларының сипаты бойынша барлық өнеркəсіптік роботтар əртүрлі өндірістік-технологиялық белгілері бар үш топқа бөлінеді:
Технологиялық (өндірістік) роботтар – технологиялық үрдістің негізгі операцияларын орындайды. Олар иілу, пісіру, бояу, құрастыру жəне т.б. осы тəрізді операцияларды орындайды, өндіретін жəне өңдейтін машиналар ретінде технологиялық үрдісте тікелей қатысады.
Қосымша роботтар (көтергіш-транспорттық) – алу-көшіру (алып бару)-қою тəрізді іс- қимылдарды орындайды. Оларды негізінен негізгі технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету кезінде қосымша операцияларды автоматтандыру үшін, дайындамаларды, бөлшектерді, аспаптарды жəне жабдықтарды орналастыру-алу операциялары үшін, сондай-ақ транспорттық-складтық жəне т.б. операцияларда қолданады.
Əмбебап роботтар - əртүрлі технологиялық операцияларды – негізгі жəне қосымша орындайды, яғни олар өздеріне алғашқы екі топтың белгілерін қосып алады. Осы термин өнеркəсіптік роботты орындайтын операцияларының сипаттамалары бойынша да, арнаулы бағыт дəрежесі бойынша да сипаттайды.
Бақылау сұрақтары
Роботтарды жасаудағы негізгі мақсат қандай?
Манипулятор анықтамасы?
Орындау операцияларының сипаты бойынша барлық өнеркəсіптік роботтар əртүрлі өндірістік-технологиялық белгілері бар қандай топтарға бөлінеді?
Достарыңызбен бөлісу: |