Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру



бет19/21
Дата27.09.2023
өлшемі249,59 Kb.
#110992
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
1 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу
1 есеп. 1-сынып оқушысында дене шынықтыру сабағынан 100 м-ге жүгіруден кейін, өздігінен қайтқан тырыспа-селкілдек және әлсіздік ұстамасы дамыды. Тырыспалар «жарылыс сипаттағы» кез-келген физикалық жүктемелерге қайталанады. Инсулин сөлденісі мен ҚПГ деңгейі қалыпты, физикалық жүктемеден кейін сүт қышқылының деңгейі өзгермейді. Бұлшықеттік биоптатты бояғанда және электрондық микроскоппен қарағанда сарколемманың астында және миофибрилдердің арасында гликогеннің жиналғанын көреміз. Науқастардың бұлшықеттерінде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптағыдан 10% төмен болады. Әлсіздік және тырыспа-селкілдек ұстамасынан кейін зәрде миоглобин анықталады.
Сұрақтар:
1. Ұстамалардың себептері қандай болуы мүмкін?
2. Науқасқа қандай ұсыныстар беруге болады?
2 есеп. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготты егіздерде бауырдың ұлғайғаны (гепатомегалия), ашқарынға қан плазмасындағы глюкозаның (ҚПГ) деңгейі төмендегені (гипогликемия) байқалды. ҚПГ мөлшері адреналин енгізгенге шамалы жоғарылайды. Бауыр жасушаларында фосфорилаза деңгейі күрт төмендеп, гликоген мөлшері жоғарылаған.
Сұрақтар:

  1. Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды? Жауапты негіздеңіз.

  2. Осы дерттік үрдістің мүмкін болатын себептері қандай?

  3. Гепатоциттерде осы дерттік жағдайдың түзілу тетіктері қандай?

  4. Гепатомегалия, гипогликемия және адреналинге әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?

3 есеп. 72 жастағы артериалық гипертензиямен зардап шегетін науқас Б.,, соңғы екі жыл ішінде аяқтарындағы мұздау, жансыздану және жүрген кездегі сосын тыныштық жағдайында мазалайтын (көбінесе түнде мазалауға байланысты, ұйқысы да бұзылды) балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. 6-шы айында оң сирағында емге берілмейтін және ауырмайтын жара пайда болды. Науқас дәрігердің қабылдауында жоғарыда аталған шағымдарға, сонымен қатар аузының құрғауына, қатты шөлдеу сезіміне, жиі және көп мөлшерде кіші дәретке шығатынын айтты.


Қарап тексергенде: сирақ терісі құрғақ, бозғылт, ұстап көргенде суық. Артерияларды (табан, шап) сипап қарағанда пульсі білінбейді. Қан талдауында: холестерин, фибриноген, тромбоцит деңгейлері жоғарылаған, ашқарынға ҚПГ деңгейі 8 ммоль/л.
Сұрақтар:
1. Осы науқаста көмірсу алмасуының бұзылысы бар екенін болжауға болады ма ?
2. Ангиопатия дамуы мен көмірсу алмасуының бұзылысы арасындағы патогенездік байланысы қандай?

4 есеп. Ішімдік көп ішетін 45 жастағы науқас соңғы айларда әлсіздік, бас айналу, шөлдеу сезімін байқады. Олар таңертеңгілік уақыттарда айқын білінеді (әсіресе таңғы ас ішпегенде). Әдетте әлсіздікті ішімдік ішумен байланыстырады. Алдыңғы кеште психоэмоциялық жан күйзеліске ұшырады (отбасылық жағдайлар). Таңертең ентігу, күрт әлсіздік, тершеңдік байқады. Көлікте есін жоғалтты.


«Жедел жәрдем» бригадасы шақырылды. Науқасты тексергенде тері жабындылары бозғылт, АҚ 70/45 мм сын.бағ., тахикардия (минутына 120 соққы), тыныс алудың бұзылысы (Чейна-Стокс тынысы дамыды). Науқас ауруханаға жатқызылды.
Сұрақтар:
1. Жағдайды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер қажет?
2. Науқаста көмірсу алмасуы бұзылысының қандай түрі дамыды? Науқаста кома және дерттің осы түрінің дамуында әлкөгөлдік уланудың маңызы қандай?
3. Осы дертті қандай жағдайлармен ажыратуға болады?

5 есеп. 60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, көп кіші дәретке шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады. Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны көрсетті (17 ммоль/л, рН –7,32, СҚ — 3,2 ммоль/л


Сұрақтар:
1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Осы жағдайдың негізгі патогенездік тізбегі қандай? Науқастағы қандай әйгіленімдер сіздің ойыңызға сәйкес келеді?
3. Осы жағдайдың емдеу ұстанымдары қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с. 568-620

  2. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 251-269

  3. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60.

  4. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 129-139.

  5. Патологиялық физиологиядан сынамалық тапсырмалар/ Т.П. Ударцева мен Н.Н.Рыспекованың редакторлығымен шыққан, ауд. М.Б.Байбөрі. – Алматы.: изд-во «Эффект», КазНМУ, 2007.- 163 - 174 беттер

Қосымша

  1. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 111-127.

9 тақырып. ӨСПЕ ӨСУІ


Сабақтың мақсаты:

  • Өспе патофизиологиясы сұрақтары бойынша білімді қалыптастыру.

  • Есептерді шешкенде теориялық білімін қолдану

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  • Тақырыптарды талқылау барысында медициналық терминдерді қолдануды және пікірсайыс жүргізу машығын үйрету



Оқыту міндеттері:

  • Өспе пайда болуында физикалық және химиялық жайттардың рөлін, өспе өсу патогенезін зерттеу

  • Теориялық материалдарды талқылауда медициналық терминдерді қолдануды үйрету

  • Ситуациялық есептерді шешуде теориялық білімін қолдануды үйрету



Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Өспе туралы түсінік, анықтамасы. Қатерсіз және қатерлі өспелер, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  • Өспелер этиологиясы. Өспелердің пайда болуында химиялық, физикалық,

  • биологиялық канцерогендердің маңызы.

  • Өспелердің пайда болуында жүйкелік, эндокриндік, иммундық жүйелердің маңызы.

  • Өспелердің пайда болуында тұқым қуалаушылықтың маңызы.

  • Өспе өсуінің патогенезі.



Оқыту әдістері: оқытушының бақылауымен және қатысуымен студенттер арасында сабақтың негізгі сұрақтары бойынша пікірсайыс өткізу және сөйлесу, бейнеқойылымдарды көру, «мылқау» кестені толтыру, ситуациялық есептерді шешу.
Бақылау тәсілдері: Ауызша сұрау, ситуациялық есептері бойынша қорытындыны тексеру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет