Сабақты қорытындылау. Рефлексия



Дата03.11.2022
өлшемі2,41 Mb.
#47153
түріСабақ
  • Сабақты қорытындылау.
  • Рефлексия

  • Рефлексия латын тілінде reflexio – кері оралу мағынасын білдіреді.
  • Шет тілдері сөздерінің сөздігі рефлексияны өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану, өзін өзі тану деп түсіндіреді.
  • орыс тілінің түсіндірме сөздігі рефлексия сөзінің мағынасын өз ісіне талдау ретінде түсіндіреді. (самоанализ)
  • Заманауи педагогикада рефлексия астарында өз қызметіне және оның нәтижесіне талдау түсінігі жатыр.

Рефлексия түрлері

  • Көңіл күйі мен эмоционалдық жағдайының рефлексиясы;
  • 2. Сабақ барысындағы жұмысының рефлексиясы;
  • 3. Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы;

Көңіл күйі мен эмоционалдық жағдайы рефлексиясының тәсілдері

  • Түрлі түсті үлестірмелер, эмоция спектрінің бейнелері;
  • Бет- жүздері бейнеленген үлестірмелер;
  • Көңіл күйді білдіретін түрлі- түсті бейнелер
  • РЕФЛЕКСИЯ
  • САБАҚТА ӨЗІМДІ ЖАҚСЫ СЕЗІНДІМ, БӘРІН ТҮСІНДІМ
  • САБАҚТА ӨЗІМЕ СЕНІМСІЗ БОЛДЫМ,
  • АЗДАП ҚИНАЛДЫМ
  • САБАҚТА ЕШТЕҢЕ ТҮСІНБЕДІМ
  • Оқушылар бағдаршам түстеріне сәйкес кері байланыс жасайды
  • “Бағдаршам” рефлексиясын қолдану
  • Тақтада күн орнатылған, балаларға сары жәнекөгілдір түсті сәулешіктер таратылады.
  • Сәулешіктер күнге жапсырылуы керек:
  • сары түсті – маған өте ұнады, өте көп қызық
  • ақпараттар алдым;
  • көгілдір түсті – сабақ қызық емес, мен үшін
  • маңызды ақпараттар болған жоқ.
  • «Күншуақ» рефлексиясын қолдану
  • «Алма ағашы»
  • рефлексиясын
  • қолдану
  • Қызыл алмаға түсінгендерін, жасыл алмаға қиналатын сұрақтарын, сары алмаға түсінбегендерін жазып, ағашқа орналастырады.
  • «Тілектер тізбегі» рефлексиясын қолдану
  • Өзара әрекеттестік нәтижесі негізінде
  • немесе тапсырма орындау алдында өзіне және
  • өзгелерге тілек айту ұсынылады. Бір-біріне
  • символ тапсыруға да болады.
  • Жай күйі
  • +1
  • 0
  • -1
  • Жай күйі
  • қызығушылығы артты
  • жалықты
  • белсенді
  • селқос
  • қауіпсіз
  • қорғансыз
  • өздігімен орындай алады
  • бағынышты
  • қанағаттантанды
  • қанағаттанбады
  • жетістік сезімі
  • жеңіліс сезімі
  • тілдесу қуанышы
  • жалғыздық сезімі
  • сенімділік
  • сенімсіздік
  • көңілі көтерілді
  • көңіл күйі түсті
  • жаңалықты сезінді
  • үйреншікті сезім
  • 0-ден 0,4 (0,4 қоспағанда) – төмен;
  • 0,4-тен 0,6 (0,6 қоспағанда) – нормаға жақын;
  • 0,6 және жоғары– жоғары.
  • Сабаққа көңілі толу өлшемі

“Бір сөзбен” рефлексиясын қолдану

  • Ыза
  • ашу
  • қуаныш
  • немқұрайлылық
  • қанағаттану
  • қанаттану
  • Іш пысу
  • үрей
  • тыныштық
  • сенімділік
  • сенімсіздік
  • ләззат алу
  • Оқушылар ұсынылған 12 сөздің ішінен өз жай күйлерін нақты жеткізе алатын 3 сөзді таңдап алу керек

«Жетістік сатысы» рефлексиясын сабақта қолдану

  • Білемін...
  • Түсінемін…..
  • Қолымнан келеді…..
  • Оқушыларға өздерінің оқуға көзқарасы мен сабақ үстіндегі қатысу деңгейін білдіретін сөздердің тұсына
  • + таңбасын қою ұсынылады.
  • 1. Мен сабақ қызықты___________________жалықтыратындай
  • болды деп ойлаймын.
  • 2. Мен
  • көп нәрсе үйрендім _______________________ештеңе меңгермедім.
  • 3. Мен өзгелерді тыңдадым
  • мұқият __________________зейінсіз.
  • 4. Пікірталасқа мен белсенді қатыстым
  • жиі ________________________сирек.
  • 5. Сабақ үстіндегі өз жұмысыма
  • көңілім толды______________________көңілім толмады.
  • «Таңдау» рефлексиясын қолдану
  • «Аяқталмаған сөйлем» рефлексиясын қолдану
  • Бүгін мен … білдім.
  • Мен үшін …. қызық болды.
  • Мен үшін …. қиын болды.
  • Мен… тапсырмалар орындадым.
  • Мен … екенін түсіндім.
  • .....менің қолымнан
  • келді.
  • Мен енді… жасай аламын.
  • Мен…сезіндім.
  • Мен ...туралы білім алдым.
  • Мен .... үйрендім.
  • Мені ... таң қалдырды.
  • Мен....өзімді сынап көремін.

Оқушылардың әрқайсысына сабақтағы жұмысын мінездейтін фразалар жазылған үлестірмелер таратылады. Оқушы өзінің жұмысына тиісті фразалардың астын сызу арқылы баға беруі керек.

  • Оқушылардың әрқайсысына сабақтағы жұмысын мінездейтін фразалар жазылған үлестірмелер таратылады. Оқушы өзінің жұмысына тиісті фразалардың астын сызу арқылы баға беруі керек.
  • Сабақ Мен сабақ үстінде Қорытынды
  • 1. қызық 1. жұмыс істедім 1. түсіндім
  • 2. жалықтырды 2. демалдым 2. көбірек білдім
  • 3. Маған бәрі бір 3. басқаларға 3. түсінбедім
  • көмектестім
  • «Сабақта өзіңді бағала» рефлексиясын қолдану
  • «Білемін – білмеймін – білгім келеді» рефлексиясын қолдану
  • Білемін
  • Білмеймін
  • Білгім келеді
  • Оқушылар сабақ бойынша нені түсінгендерін жазады.
  • Сабақ бойынша нені түсінбегенін жазады.
  • Осы тақырып бойынша тағы нені білгісі келетінін жазады.

Бұл рефлексия – оқушыларға оқылған материал жайында түсінігін көркем түрде бағалауға мүмкіндік беретін шығармашылық тәсіл. «Синквейн» сөзі француз тілінен шыққан, “5”дегенді білдіреді.

  • Бұл рефлексия – оқушыларға оқылған материал жайында түсінігін көркем түрде бағалауға мүмкіндік беретін шығармашылық тәсіл. «Синквейн» сөзі француз тілінен шыққан, “5”дегенді білдіреді.
  • Бұл 5 жолды өлеңді құрастыру ережесі :
  • 1- жол – тақырып немесе заттың аты (1 зат есім)
  • 2- жол – заттың сыны (екі сын есім);
  • 3- жол – іс-әрекетті білдіретін сөздер (үш етістік);
  • 4- жол – тақырыпқа қатысты бір сөйлем,
  • 5- жол – тақырыптың мазмұнын кеңіте түсетін
  • бір синоним сөз.
  • «Синквейн» рефлексиясын қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет