Шырмалғыш сабақтар нəзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық,
құлмақ), мұртшалары болмайды.
Өрмелегіш жəне жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып,
өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім жəне т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке
тығыз жанаспайды.
Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды
қырыққабат жəне т. б.).
Сабақтың ішкі құрылысы.
1. Сыртқы қабық.
2. Тоз.
3. Камбий.
4. Сүрек.
5. Өзек.
а) Бір жылдық ағаш;
ə) Екі жылдық ағаш;
б) Үш жылдық ағаш.
1. Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық – өң, тоз, тін қабатынан
тұрады. Өң – түссіз (мөлдір), жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен
ағаштардағы өң түлеп түсіп, орнын тоз алмастырады. Тоз қалың болса да ішкі
жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда тыныс алуға қатысатын
пішіні төмпешікке ұқсаған жасушаларды жасымықша дейді. Жасымықшалар
өркендердің сыртынан бұртиып айқын білінеді.
2. Камбий – қабықтан кейінгі орналасатын қабат. Жас бұтақтың қабығын
сылып тастаса камбий жасушаларының қабықшасы жыртылады (бұзылады).
Қабықшасы жыртылған жасуша ішіндегі цитоплазма мен шырыны ағып
кетеді. Сылынған жерді саусақпен сипаса, шырышты дымқыл байқалады.
3. Сүрек – сабақтың едəуір бөлігін алып жататын камбийден кейін
орналасатын қабат. Жасушаларының пішіндері мен мөлшері біркелкі емес.
Ұзын, жіңішке жасушалары қосылып, түтікше құрайды. Түтікшенің
айналасын беріктік қасиет беретін қалың қабықшалы сүрек талшықтары
қоршайды. Камбий жасушалары дамылсыз бөлінетіндіктен, ағаш діңі жуандап
өседі.
4. Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі
болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Өзек жасушалары өзек
сəулелерін құрайды. Өзек сəулелерінің жасушалары сабақтың барлық
бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Қоректік заттар өзек сəулелері
арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі. Өзек сəулелері де камбийден
түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |