8.Б/С2. шығармадағы материалдық жəне рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
8.А/И1. композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар үшін: Шығармадағы материалдық жəне рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады, шығармаға талдау жасайды.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
7 мин.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Өткен білімді еске түсіру
Оқушыларға алдын-ала дайындалғар карточкалар таратылады. Әр оқушы өзіне берілген карточкадағы тапсырмаларды орындау арқылы өткен сабақ бойынша түсінгендерін жазады. Мұғалім кімнің қандай деңгейде жауап бергеніне байланысты оқушыларды бағалайды.
Жаңа білім
Оқушыларға жаңа сабақта қандай мақсатқа жету керек екенін білу үшін интерактивті тақтадан оқу мақсатЖаңа сабаққа байланысты слайд, видео, көрсетіледі.
Интерактивті тақтадан көрсетілген мәліметтерді тамашалайды.
Мақсаты:Оқушылардың тыңдалым дағдысы қалыптасады.
Интерактивті тақта, слайд, видео.
Бекіту
№1 тапсырма:
Әр топ «Оқырман пікірі» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Әр топқа көрсетілген материал бойынша 3 сұрақтан беріледі. Мәтін мағынасына байланысты қойылатын сұрақтар: • Сізге ұнаған жолдар қайсы? • Сіздің ойыңызша, толғаудағы ең маңызды мәселе не? • Толғауда сізді таңғалдырған жолдар болды ма? • Толғауда қандай кейіпкерлер бар? • Кейіпкер туралы автор ойына қосыласыз ба? Шығарманың тақырыбына байланысты қойылатын сұрақтар: • Толғау тақырыбы мазмұнға сай деп ойлайсыз ба? • Толғауды қайта жазатын болсаңыз, қандай жаңалық қосқан болар едіңіз?