Сабақтың өту барысы. Жайлы жағдай орнату. «Біз қандаймыз»



Дата31.05.2022
өлшемі18,78 Kb.
#36050
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Алғыс айту парызым


«Алғыс айту -парызым»
Сабақтың мақсаты: алғыс және ризашылық сөзінің мән-мағынасын түсіну.
Өзінен үлкендерге деген сыйластық қарым-қатынасын дамыту.
Әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: суреттер, сиқырлы сандықтар, тапсырмалар.
Сабақтың өту барысы.
1.Жайлы жағдай орнату.
«Біз қандаймыз»
Біз қандаймыз,қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Ажырамас іргеміз,
Біз сыныптас достармыз.
Дәл бүгіннен бастап:
Біз жігерліміз,
Біз өзімізге сенімдіміз,
Біз әрқашан көңілдіміз!
Біз әрқашан әдептіміз!
2. Бүгінгі күн — нұрлы күн
Жарық шашқан әлемге
Ризашылық күн бүгін
Алғыс айтайық бәріне!
3.Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Алғыс айту – парызым»
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығында 1 Наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланған екен.
-- Алғыс кімге, не үшін айтылады? ....
Әрине, ата – анаңа, атаңа, апаңа мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, досыңа көмегі үшін жалпы кез - келген жақсылық пен көмекке алғыс айтылатынын білеміз.
4. Топқа бөлу. Сөздегі әрбір екінші әріпті сызып таста. -Қандай сөз шықты?
РӘИБЗПАЕШВЫДЛМЫҰҚ
Орны ауысқан сөздерден сөз құра. -Қандай сөз шықты?
ЛЫҒСА
1-топ **Ризашылық 2-топ **Алғыс


5.Топқа тапсырма.
1-топқа:
–Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Өзің кімге қандай жағдайда алғыс айттың? (Тобыңмен ой бөліс)
2-топқа:
-Адам өзінің ризашылығын қандай сөздермен білдіреді?(Топта анықта)
6. «Ақ сандық» пен «Көк сандық»
Кезектесіп сандық түстерін таңдайды. Сөйлемді оқып аяқтайды.
*Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген .....
*Ризашылық- адамның басқа адамнан көрген ......
*Ризашылық- адамның жақсы көңілі, алғыс білдіру .....
*Алғыс –адамның адамға жасаған ....
*Алғыс- адамның адамға ризашылық .....
*Алғыс-жасаған істеріне жоғары ......
7.Түсініктемені ілу, оқыту:
Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
8.Мұғалім:
Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен.
Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.
Оқушылар алға шығады.
9. 1-оқушы:
Жан әке, Сіз жүргенде көзіңді сап,
Өсеміз бәйтеректей өзің құсап.
Ортада Сіздер барда дара шыңдай,
Бізге ашық кең пейілді сезім құшақ.
10. Оқушы: Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып әкелерімізге де басымызды иіп, рахме-тімізді айтамыз!
**Әкелеріне арнап жазған тілегін оқиды.
Әкеме, атама рақмет! Thank you Father and grendfather!
Cпасибо папе и дедушке!

11. Ән: Әкетайым
12. 2-оқушы:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, атқан таңмен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

13. Баубек Бұлқышевтың «Ана» мәтінін 3-оқушы кезекпен айтады.



1.Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па,шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!


2.Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың,ең бір ұстазың бар.Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап, уанбай, жылап іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат.Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бір-ақ жанды білесің. Ол – ана.


3.Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен –ақ басталады. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі ыстық.Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!


14. Оқушы:
Бүгінгі ризашылық күнін пайдаланып аналарымызға да басымызды иіп, рахметімізді айтамыз.
** Аналарға арнап жазған тілектерін оқиды.
Анама, әжеме рақмет! Thank you mother and grendmather!
Cпасибо маме и бабушке!
15. Ән: «Ақ мамам»
16. Мұғалімнің сөзі. Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза
болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.
17. Топтық жұмыс.
1-топ. Ұстазыңа алғысыңды қалай білдірер едің?


2-топ. Досыңа алғысыңды қалай білдірер едің?
Әр топ кезектесіп берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады.
Қорытындылау.
-Балалар, жылы сөздеріңді, ризашылық сезімдеріңді ешқашан ешкімнен аямаңдар. «Рақмет» деген қасиетті сөзді жиі айтып жүріңдер.
Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңе сақтаңдар. Табиғат Анаға мейірімді күні үшін, аппақ қары үшін,
жақын адамдарыңа жасаған қайырымдылығы үшін, жасаған жақсылығы үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Оқушылар алға шығады.
Хормен:
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
Ризамыз ата-анаға!
Ризамыз бәріне!
Ризамыз! Ризамыз! Ризамыз!


Рақмет ! Thank you! Cпасибо!


Үйге тапсырма. Эссе «Алғыс айту - парызым»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет