Сабақтың тақырыбы : 115-сабақ. Дара және күрделі сан есімдер



бет1/2
Дата10.02.2023
өлшемі59,5 Kb.
#66730
түріСабақ
  1   2

Еңбекшіқазақ ауданы,
«Алтынбике Бертаева атындағы орта
мектеп-Лавар бастауыш мектебімен» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Бакиева Минаш Абзийевна
ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Бөлім:

Табиғат құбылыстары. Байқоңырым – мақтанышым.

Мұғалімнің аты-жөні

Бакиева Минаш Абзийевна

Пәні:

Қазақ тілі

Күні:

17.08.2022

Сынып:

4 сынып «А»

Сабақтың тақырыбы:

115-сабақ. Дара және күрделі сан есімдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

4.1.1.1 – тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту.

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаған мəтіннің негізгі тұстарын белгілейді, соған сүйеніп оның
мазмұнын айтады.
Дара жəне күрделі сан есімдерді ажыратады.
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

Дара жəне күрделі сан есімді біледі.
Тыңдаған мəтіннің негізгі тұстарын белгілейді.
Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
10 мин

Қызығушылы-


ғын ояту

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күн біз үшін
Сəттілікке толсын!
Топқа бірігу.
«Түстер ассоциациясы» стратегиясы бойынша топқа бірігу.
1-топ – көк түс. Көк түсті көргенде қандай ассоциация
болады? (мөлдір су)
2-топ – сары түс (күн, жарық, шөл дала)
3-топ – ақ түс (тазалықтың белгісі, адалдық)

Оқушылар шеңбер құрып, өлеңді хормен айту арқылы бір-
бірлеріне сəттілік тілейді.

Оқушылар топ болып орындарына отырып, топ ережелерін


құрастырады.




Бағдаршам
түстерінің
қималары






Сабақтың ортасы
30 мин



54-жаттығу. Тыңдалым. (Ұ) Ж)
Бағалау критерийлері: Мəтіннің негізгі тұстарын белгілеп алып, соған сəйкес мəтіннің мазмұнын айту.
Мəтіннің мазмұны бойынша өзара диалог құрау.
Мəтіннен сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қою. Дара жəне күрделі сан есімдерді салыстыру.
Жаңа ақпарат.
Сан есім дара жəне күрделі болады.Дара сан есім бір сөзден тұрады: он, жеті.
Күрделі сан есім екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады:он жеті, бес жүз отыз бес.

Мəтінді тыңдайды.
Мəтіннің мазмұнын айтады.
Мəтіннің мазмұны бойынша өзара диалог құрайды.
Мəтіннен сан есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды. Дара жəне күрделі сан есімдерді салыстырады.

ҚБ.Үш түсті(жасыл, сары, қызыл) же-тон арқылы балалар-дың дұрыс жауаптары бағаланады

Аудиожазба 115-сабақ

Жаңа сабаққа кесте ілінеді





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет