«Бекітемін»
Оқу ісінің орынбасары: Тугарисова Г.Б.
Пәні:Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы. «Қыс»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қазақтың ұлы ақыны Абай
шығармаларымен және ақын ӛмірбаянымен таныстыру: табиғат туралы
лирикаларын түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері:Оқушылардың ӛз бетімен жұмыс жасап, белсенділік
таныта отырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру,сабаққа деген
қызығушылығын арттыру, сӛздік қорларын молайту.
Жаман әдеттен аулақ болуға, бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге,
туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен
ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы
білімдерін толықтырады.
Жеке ойларын ортаға салады, топқа ойын жеткізе алады және пікірін
дәлелдейді.
Әдісі:Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, интерактивті тақта. т.б.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық.
-Қазір жылдың қай мезгілі?( Қыс)
-Қыс айлары қандай айлар?( желтоқсан, қаңтар, ақпан)
-Ендеше, балалар, осы айларға байланыстырып топтың атын қояйық.
1-
Топ-«Желтоқсан»
2-
Топ «Қаңтар»
3-
Топ «Ақпан»
Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Бӛлімді «Бәйге» ойыны арқылы айту.Сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақ.
«Қыс бейнесі» тарауындағы қазақ халқының ұлы ақыны Абай
Құнанбайұлының «Қыс» атты ӛлеңін ӛтеміз. Абай ӛміріне қысқаша тоқталу.
Абай 1845жылан жылында туып,1904жылы, ұлу жылында,60 жасында Семей
уезінің Шыңғыс тауында дүниеден қайтқан. Шын аты Ибраһим болса да,
әжесі Зеренің еркелетіп қойған Абай деген есімімен аталып кеткен.
Ой қозғау
а) Әр топтағы оқушылар жеке орындарға отырып, Абай атамыздың атын
естігенде ойларына не келгенін жазады.
ә) Осы сӛздерді топпен талдап, талқылау.
б) Ұжымдық ортаға салу арқылы қызығушылығын ояту.
Дана
Зере, Ұлжан аудармашы
АА
Құнанбай мм ұлы ақын
Ағартушы жазушы
Сыншы.
Табиғат
суретшісі
-Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы біраз білетінімізді байқадық.
Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге
танытқан жазушы туралы кім біледі?
- Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов.
- Қандай шығармасы арқылы.
-"Абай жолы"романы арқылы.
Сұрақ- жауап әдісімен жүргізіледі.
1) Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?
2) Қар жауған соң айнала қалай ӛзгереді?
3) Қыста дала қандай болады? Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?
"Қыс" ӛленің мәнерлеп оқу. Ӛлеңнің ішкі мәнін сұрақ- жауап арқылы ашу.
- Автор қысты кімге теңеп тұр? ( Қысты адамға, кәрі шалға теңеп тұр).
- Шалдың киімдері қандай? ( Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)
- Киім деп отырғаны не?( Ол жауған қар, қатқан мұз.)
Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? ( Аяз атаға)
- Ӛлеңдегі шалдың мінезі қандай?( Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты.)
-Соқыр, мылқау дейтін себебі не?( Ол ештеңені кӛрмейді, аямайды, бәрін
тоңдырады.)
Түрі, түсі қандай?( Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)
"Түсі суық" дегенді қалай түсінесіңдер?( Қатал, ашулы адамның түсі суық
болады)
Сөздік жұмысын жүргізу:
Соқыр- мылқау- түк кӛрмейтін, аямайтын қаталдық: бұрқ- сарқ- қатты дауыл:
боран долданғанда- аяз, жел тым күшейгенде: шидем( шекпен)- қалың
киімнің ең сыртынан киетін жүннен тоқылған киім.
Сергіту сәті:
"Жер аппақ. Теп- тегіс, ағаштар кӛрпе жамылғандай, бүкіл орман
тыныштықта "дей келіп, 1-2 минут кӛздерін жұмғызып, осы айтылғандарды
қӛз алдарына елестету.Осыдан соң біртіндеп қӛздерін ашқызып, "Әне, қоян
кӛрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілді, орман
жәндіктерінің тіршілігі басталды",- деп балаларға түрлі елестер арқылы
оларға, эмоциялық әсер беру.
Абай
Құнанбаев
Құнанбаев
Қорытынды, бағалау
Тізбектеп оқу. Оқушыларға ӛлеңді мәнерлеп оқыту.
"Желсіз түнде жарық ай"әнімен сабақты аяқтау.
Үйге тапсырма.
Ӛлеңді мәнерлеп оқу.