Сабақтың тақырыбы : Электронды үкімет Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 11



Дата16.06.2022
өлшемі24,21 Kb.
#36929
түріСабақ
Байланысты:
Антиплагиат№1


Бөлімі:
Ортақ тақырып:
11.4А Сандық сауаттылық
Педагогтің аты-жөні:
Абдукадиров Э.А.
Күні:
Сыныбы: 11-А
Қатысушылар саны:11
Қатыспағандар саны:1
Сабақтың тақырыбы:
Электронды үкімет
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.3.4.7 - электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау
Сабақтың мақсаты (бағалау критериі)
• электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттайды
• электрондық үкіметті қолданады
• электронды үкіметтің артықшылығы мен кемшілігін ажратады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну, қолдану
Сабақтың барысы:
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
5 мин
Ұйымдастыру:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқытудың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарландыру.
4. Оқушыларды сандар арқылы топқа біріктіру.
(Оқушыларды бірден онға дейін санатып жұп сандарды бір топ, тақ сандарды екінші топқа біріктіру)
5. Өткен сабақты қайталау
Өткен сабақ quizizz да түзілген тест сұрақтары арқылы қайталанады:
1. ЭЦҚ деген не?
2. ЭЦҚ ны қай жастан бастап алуға болады?
3. ЭЦҚ сертификатының мерзімі қандай?
4. ЭЦҚ -ны берумен қандай мемлекеттік орган шұғылданады?
5. Әрбір сертификат иесінің қолында қанша ЭЦҚ кілті бар?
Өткен сабақты қайталау соңында тест талқыланады.
-сәлемдеседі.
-сабақ тақырыбы және сабақ мақсаты мен танысады.
-бірден онға дейін санап топқа бірікеді
-компьютер арқылы quizizz қа кіріп тест орындайды
Оқушылар өзін-өзі дұрыс жауап арқылы бағалайды.
Сабақтың презентациясы
MS PowerPoint,
1-3 слайд
https://quizizz.com/admin/quiz/62aa03b8dca950001e3ec93b?source=quiz_page
Ортасы
10 мин
Топтық жұмыс:
1. «Миға шабуыл»
Оқушылардың жаңа тақырып туралы бар білімін, түсінігін анықтау мақсатында тақырыпқа сай сұрақтар қойылады.
-Электрондық үкімет туралы не білесіз?
-Интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер порталы туралы не білесіз?
-Бұл портал қандай қызметтер ұсынады?
-Тіркелу үшін не қажет?
-Тіркеуден кейін қызметті қалай алуға болады?
2. «Концептуал карта құру»
Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, жаңа тақырыпқа сай әртүрлі ұғымдарды қабылдауға ыңғайлы болуы үшін, екі топқада «Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау» тақырыбында тұжырымдамалық карта құру тапсырылады.
Оқушылар слайдта шыққан сұрақтарды топпен талқылайды және жауап береді
Оқушылар топ болып тақырып бойынша концептуал карта құрады?
Оқушылар өзара кері байланыс береді.
Концептуал карта құру критерийі
-анықтамалар алу
-төлемдер төлеу
-құжаттар тапсыру
-құжаттар тіркеу
-ашық үкімет
-смартфон мобилді қосымшасы
-құжаттардың электрон нұсқасына мысалдар келтіреді
Сабақтың презентациясы
MS PowerPoint,
4-5 слайд
https://www.youtube.com/watch?v=uIO1fj1gF20
Қағаз және маркер
10 мин
ҚБ тапсырмасы:
1. Жеке жұмыс:
1. Электрондық үкімет порталында тіркелу.
Egov.kz порталында виртуалды көмекшіні іске қосыңыз және электрондық үкіметтің порталында қалай тіркелуге болатындығын біліңіз.
2. Алдын ала берілген ЭЦҚ ны қолданып порталға кіріңіз.
3. Тізімнен бір қызметті таңдаңыз (мысалы: наркологтың анықтамасы).
4. Қызмет нәтижесін көрсетіңіз
Мұғалім жеке оқушыларға бағдар береді
Оқушылар компьютерде браузерден пайдаланып электронды үкіметке тіркелу және қажет құжатты алуды орындайды.
Бағалау критерийі
Egov.kz электронды үкімет порталына тіркелу
Дескриптор:
-браузерден пайдаланады;
- Egov.kz порталын ашады;
- Egov.kz порталында жеке кабінетке «Кіру» арқылы ЭЦҚ қолданып кіреді
- онлайн қызметтер мен танысады
- қажетті құжатты алады және натижесін көрсетеді.
Сабақтың презентациясы
MS PowerPoint,
6 слайд
(https://www.youtube.com/watch?v=Tu4XFDr2klM).
2. ЕББҚЕО (жеке қажеттілігіне арналған тапсырма)
Жеке жұмыс:
1. Копьютердің жұмыс столынан кез келген браузерді ашыңыз.
2. Браузер адресіне Egov.kz деп жазыңыз
3. Нашар көрушілер режімін таңдаңыз
4. Қаріп өлшемін таңдаңыз
Egov.kz порталында виртуалды көмекшіні іске қосыңыз және электрондық үкіметтің порталында қалай тіркеуге болатындығын біліңіз.
5. Алдын ала берілген ЭЦҚ ны қолданып порталға кіріңіз.
6. Тізімнен бір қызметті таңдаңыз (мысалы: наркологтың анықтамасы).
7. Қызмет нәтижесін көрсетіңіз.
Порталға кіреді және порталдың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған функцияларын, порталдың виртуалды көмекшісін пайдаланады және электронды үкіметке тіркеліп, қажет құжатты алуды орындайды.
Бағалау критерийі
Egov.kz электронды үкімет порталына тіркелу
Дескриптор:
-браузерден пайдаланады;
- Egov.kz порталын ашады;
- Egov.kz порталында жеке кабінетке «Кіру» арқылы ЭЦҚ қолданып кіреді
- онлайн қызметтер мен танысады
- қажетті құжатты алады және натижесін көрсетеді.
8 мин
Функционалдық сауаттылыққа тапсырма
Топтық жұмыс. «Ойлан, топтас, бөліс»
1. Электронды үкімет порталының артықшылықтары, жеңілдіктерін атаңыз?
2. Электронды үкімет порталының кемшіліктері, қауіптерін атаңыз?
Оқушылар электрон үкімет порталын кеңінен пайдалануға және порталды қолдана отырып дербес мәліметтерін қорғауді бір-бірлерінен үйренеді.
Оқушылар топ болып берілген тақырыптарға постер жасайды және қорғайды
Топтар өзара кері байланыс береді.
Слайд 4-5
2 мин
Жеке жұмыс:
Оқушылар жаңа тақырыпқа сай тапсырмаларды слайдтан орындайды. ЕББҚЕ оқушыға тапсырма қағазға үлкен әріптермен шығарып алдына қойылады.
No1 тапсырма
1
Мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелерін біріктіру
А
2007-2010 жылдар
2
Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер іске қосылды
Ә
2015 жыл
3
Электрондық үкіметтің инфрақұрылымы құрылды
Б
2011-2013 жылдар
4
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметі порталы іске қосылды
В
2004 жыл
5
Электрондық үкіметтің басталуы
Г
2006 жыл
Дұрыс жауап: 1-Ә, 2-Б, 3-А, 4-Г, 5-В,
No2 Тапсырма
Электрондық үкімет өмір сүруінің қай кезеңінде азаматтар алдымен түрлі коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды:
o ақпарат сатысында;
o интерактивті кезеңде;
o транзакциялық сатысында;
o трансформациялық сатысында;
o «белсенді» үкімет кезеңінде;
o жоғарыда көрсетілгендердің кез келгенінде;
Дұрыс жауап: транзакциялық кезеңде
Оқушылар слайдта көрсетілген тапсырмалардың дұрыс жауаптарын дәптерге жазады
ЕББҚЕ оқушы тапсырманы қағаздан орындайды және жауаптарын дәптерге жазады
Слайдта көрсетілген дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды
ЕББҚЕ оқушы қағазда берілген дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалайды
Слайд 6-7
Тапсырмалардың қағаз нұсқасы
3 мин
Жаңа тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
«Серпілген сауал» әдісі
Жаңа тақырыпты түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасына сұрақтар лақтырылады.
1. Электрондық үкімет дегеніміз не?
2. Қазақстанда электрондық үкімет порталы қашан іске қосылды және ол идея кімнен шыққан?
3. Электрондық үкіметке тіркелу жолдарын атаңыз?
4. Электрондық үкіметтен ЭЦҚ арқылы анықтаманы қалай аламыз?
5. Электрондық үкімет іске қосылғандан кейін қайсы бағыттардағы қызметтерді алу кезеңдері жеңілдеді?
Оқушылар қағаздағы сұрақтарға жауап береді және екінші топ оқушысының жауабы толық болмаса толықтыруға дайындалып отырады
Топтар өзара кері байланыс береді.
Сұрақтар жазылған түрлі түсті қағаздар.
3 мин
Үйге тапсырма:
Тапсырмаларды деңгей бойынша аяқтаңыз:
А деңгейі. «Әр түрлі елдердегі электрондық үкімет» атты шағын зерттеу жүргізу. Нәтижені презентация түрінде жасаңыз.
В деңгейі: Ашық үкіметтің бөлімдерінің біреуін таңдаңыз. Уәкілетті және рұқсат етілмеген пайдаланушылардың мүмкіндіктерін, әрекеттерін сипаттаңыз.
С деңгейі. Ашық үкімет порталының пайдаланушысына жадынама жазыңыз.
Тапсырманы дәптерлеріне жазып алады
Слайд 9
Сабақтың соңы
4 мин
Оқушылар сабақ соңында рефлексия жасайды:
“Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі
* Бүгін мен...............білдім
*................. қызықты болды.
*..................қиын болды.
*................. тапсырманы мен орындадым.
*.................. екенін түсіндім.
*Мен енді.............білемін.
Оқушылар өзіне түскен сөйлемді аяқтайды және жаңа сабақтан үйренгенін айтады
Слайд 10

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет