Сабақтың тақырыбы : Эпиграфтар ( тақырып мазмұнын ашатын )


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



бет3/6
Дата07.10.2024
өлшемі68,49 Kb.
#147063
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Т сағаты өзгерген 2

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағаты

«Алғашқы медициналық көмек»

Күні




Класс жетекші:

Ақшабаева И.М

Класс:

Қатысушылар саны: 15

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ауырмайтын ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жолда апат болған жағдайда және алғашқы медициналық көмек көрсетуді меңгерту



Құндылықтарды дарыту

Алғашқы көмек көрсету туралы түсіндірме жұмысын жасау

Ресімдеу

презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта

Үлестірмелі материалдар

Медициналық дәрі-дәрмектер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



-Қайырлы күн оқущылар!
-Қалдарын қалай?
-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Алғашқы медициналық көмек».

«Сәлеметсің бе» «Амансың ба»


«Саумысың» деген сөздерді ғажайып сөздер ретінде әңгімелесу.


Неліктен олай деп ойлайсындар?


«Денсаулық дегеніміз не?»


Амансың ба деген сөз нені білдіреді?


Адамның байлығы не?


Денсаулық болу үшін не істеу керек?


Бейне баян көреміз.





Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді


Көрнекілік



Сабақ басы (13 мин)



Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Педагог өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтың өзіне бір құшақ гүл – «Тілек шоғы» болып оралады.

«Бәріміз – біріміз үшін, біріміз-бәріміз үшін»деп деніміз сау болсын деп тілейік!


Жолда жүру ережесі?


Қауіпсіздік мектебі?


Жаманнан жирен?


Жарақаттың алдын алу?


- Міне, осы сұрақтар не жайлы айтады? Жарақат алу деген не? Қандай жағдайларда жарақат алу мүмкін? Оның алдын-алу жолдарын білеміз бе? Сол жөнінде мәліметтермен таныс боламыз, тәжірибе түрінде көрсетеміз.



Бір біріне жол ережесі туралы сұрақ қояды

слайд

Ортасы (20 мин)



Жарақат алудағы алғашқы көмекті жүргізу жолдарын білуіміз керек. Жараланудың барлық түрінде де қан тамырларына зақым түседі. Соның салдарынан көбіне денеден қан шығатынын байқаймыз. Жарақат кезіндегі зақымдалған тамырлардан қанның ағуы қан кету деп аталады. Оның болымсыз және күшті әсері өмірге қатерлі болуы мүмкін. Қан денеден орташа кеткенде, ағзаның ішкі бірнеше толықтырушы қасиеттері: жүрек қызметінің, тыныс алудың күшеюі, шеткі қан тамырларының жиырылуы іске қосылып өзі тоқтата алады. Ал денеден қан көп кеткенде жүрек қан тамырларының қызметі мүлде нашарлап, адамның өліп кетуі де ықтимал.
Зақымдалған тамырдың сипатына қарай қанның ағуы артериялық (күре тамырлық), веналық (көктамырлық), капиллярлық (қылтамырлық) және паренхиматоздық болып бөлінеді. Артериялық қан кету жүректен ағза мен ұлпаларға қан баратын ең ірі тамырлардан аққан қанды айтамыз, ірі күре тамырлардан аққан қан жараланған жерден атқылап немесе фонтанша ағады, түсі ашық қызыл, өздігінен тоқтамайды, жарақаттанған адамның өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көктамыр деп жүрекке қайта бара жатқан қан айналымын айтады, оның түсі қара қошқыл болады, ол үздіксіз, баяу ағады. Қылтамырлық қан кету ұсақ тамырлардан ағады, ол тамшылап ағады, өздігінен тоқтайды. ^ Алғашқы медициналық көмек:
Уақытша қолда бар құралдармен қан ағуды тоқтату.
Қан ағуды тоқтату тәсілдері: 1) Аяғын жоғары көтеру, бұл жағдайда қан миды қоректендіреді; 2) Қанды артериядан жоғарырақ саусақпен қысып тоқтату қажет. Мұны бірнеше әдіспен атқаруға болады. Егер білек жараланса - онда қанды тоқтату үшін артерияны иық сүйегіне, қолтық жағынан қатты қысып басады. Артериялық қан сирақтан ақса - тізе шұнқырындағы күре тамырды қысады. Самай күре тамырын бас бармақпен, құлақтың алдынан, самай сүйегіне басады. Ұйқы күре тамырын зақымдалған жерден мойын омыртқасына қысады. Одан кейін жараға тазартылған таңғышты қаттырақ байлайды, оның үстіне бинттің, мақтаның қалың нығыз кесіндісін салып орайды. Бұғана асты тамырды - бұғананың астындағы шұнқырда, бірінші қабырғаға қысады. Кәрі жіліктің күре тамырын - бас бармақтың білезігінің жанындағы сүйекке басады. Шаптың төңірегіндегі санның күре тамырын түйілген жұдырықпен сан сүйегіне қысады таңғышпен қатты таңып тастау.
Зардап шегіп, ес-түссіз жатқандарға алғашқы медициналық көмек көрсету. 1. Осы әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті бақылайтын өнеркәсіптерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылатын мөлшерді анықтайды. 2. Көмек көрсетуші: адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін; алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін; зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі. 3. Көмек көрсетуші: зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай; жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете; «ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай; қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата; жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала; сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра; жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете; зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана; зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай; алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады

Оқушылар мұғалімді тыңдап, бір-біріне алғашқы көрсетіп үйренеді



Дәрі-дәрмек

Көрнекілік








Соңы



- Осымен өз білгенімізше алғашқы медициналық көмек бере аламыз ба?

- Қане, кім не әкелді? Медициналық көмек беру жолдарын білу парыз.


- Мәселен жарақат алған жағдайда не істей аласыңдар?



Оқушылар кері байланыс ретінде сабақтан түсінгендерін бөліседі







з




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет