І. Өткен сабақты пысықтау.
Бүгінгі сабақта ет тағамдарын дайындау технологиясын, әдет-ғұрыпқа байланысты табақ тарту жолдарын қайталап,бесбармақ әзірлеу жолдарын үйренеміз.
Ет
1. Ет тіршіліктің нәрі
Тіршілік көзі
Төрт түлік мал
жылқы
ешкі
қой
түйе
сиыр
2.Етті аспаздық өңдеу түрлері
Қуырылған
Бұқтырылған
Пісірілген
Ет өнімдері
Қақтап пісірілген
Котлет массасы
Шабылған ет
II. Қонақтарды күту
Ата-бабамыздан қалған аса қастерлі салтымыз ,әрі дәстүріміз,қонақжайлылық және мейманды қабылдау
І. Қонақтарды қабылдау рәсімі:
А) Қонақты қарсы алу,амандасу,хал-жағдай сұрасу.
Б) Шай жабдығына кірісу;
В) Қонақтың өзіндік сыбағасын дайындау.
ІІІ.Табақ тарту дәстүрі.
Қазақ халқының дастарқанының өзіндік тарихы және дәстүрі бар.
Қазақтың ұлттық тағамадарының дені еттен жасалады. Келген қонаққа арнайы мал сойлады. Сойылатын малды таңдай білудің өзі өнер. Піскен етті ұсыну үшін немесе басқа да той табағын жасау үшін ет аспаздық бөліктерге бөлінбестен, жіліктелген күйінде дастарқанға қойылады.
Қазақта қонаққа тартылатын табақтың түрлері көп.
V.Табақ түрлері:
1 Бас табақ (Аса қадірлі қонақтарға тартылады)
Еттің кәделі мүшелері: бас, жамбас, ортан жілік, белдеме,сүбе қабырға,жылқыдан – қазы, қарта, жал – жая.
2. Сый табаққа бас табақтың кәделі мүшелері салынады.
3. Ортан табаққа ортан жілік, жауырын, тоқпан жілік ,қабырға, омыртқа салынады.
4 Күйеу табақ – асықты жілік, төс.
5. Келін табақ – ұлтабар, жүрек, бүйрек, жақ, тіл, қабырға.
IV.Ет мүшелерінің тартылу рәсімі
Ет
түрлері
Бас,жамбас. Қадірлі қонақтарға тартылады.
Төс Күйеу балаға тартылады
Қабырға,құйымшақ Ұзатылған қызға тартылады.
Сүбе, қабырға,жақ Келіндерге тартылады.
бас Әйелдарге тартылмайды.
Жаңа сабақ:
,(Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы жаңа сабақты өту)
Бесбармақ
Бесбармақ-бұл тағам өзінің дайындалуы жағынан бүгінгі қазақ халқы үшін, кешегі көшпенділер үшін өте жеңіл әрі ыңғайлы болып келген . Сонымен қатар ол өте дәмді,хош иісті, жоғары калориялы және бір аста екі тағам (бірінші және екінші) біріктірілген.
Бесбармақ-бұл піскен ет пен сорпадан пісірілген бидай ұны қамырынан жасалған нан жұмсағы жиынтығынан ( ет,нан,сорпа тұздығы,бұрыш,тұз) тұратын ас. Тұздықты бөлек береді. Сорпа астың қою бөлігі желініп болған соң бөлек беріледі.
Бесбармақ дайындау үшін:
Бесбармақты дайындау үшін қой,ешкі,(киік, қара құйрық, архар,бұғы,елік және басқалар),құстар (тауық,қаз,үйрек және жабайы қанаттылар және т.б.) еттері пайдаланылады. Жас еттермен қатар сүр еттер, қазы-қарта, жал-жая да қосылып беріледі.
Бесбармақ үшін ет сүйегімен де, сүйексіз де сіңірінен тазартылған түрінде де пісіріледі. Пісіру уақыты, ет түрлеріне қарай 2-2,5 сағат.
Бесбармақтың мөлшері әр сыбағаға байланысты(массасы 500г) 25% ет, 40% қамыр жұмсағы (нан), 30% сорпа және 5% тұздық құрамына кіретін жиынтық есебінен келетіндей етіп дайындалады.
3 .Бесбармақтың қамырын дайындау құрамы:
Бесбармаққа салынатын қамырды ұннан, судан, тұздан және жұмыртқадан дайындайды. Су орнына сорпаны пайданануға болады. Қамыр кеспе дайындалатын қамырдан жұмсақтау болады. Дайын қамырды беті тегіс үстел үстіне немесе тегіс тақтай бетіне жазады да төрт бұрыш, ромбы түрінде кеседі. Мөлшері 10х10 см.Жазынды қамыр жұқа болса,тіпті жақсы, әрі дәмді келеді.
4 Тұздық дайындау үшін:
Бесбармаққа тұздық дайындау үшін пиязды майдалап турап, үстіне ет сорпасының бетіне қалқып шыққан майды құяды. Дәмін жақсарту үшін қызанық ,аскөк қосуға болады.
5. Бесбармақты ұсыну:
Бесбармақты шұңғыл табаққа алдымен піскен қамыр жұмсағын (нан) , сосын үстіне ірі туралған ет кесегін , пияз тұздығын салып береді. Бесбармақты кесеге не тәрелкеге салып сыбағалап беруге де болады.
Қазіргі уақытта шабылған көк қосып, ал тұздыққа қара не қызыл бұрыш қосып, сорпасын бөлек кесемен береді.
Сыйлы қонақ келгенде немесе тойға арнайы, бесбармаққа қой басын бөлек тәрелкеге салып, жанына пышақ қойып береді.
6. « Бесбармақ» дайындаудың калькуляциялық картасы.
Шикізаттың
атаулары
|
Мөлшері
|
Бағасы
теңге-
тиын
|
Сомасы
теңге-
тиын
|
1 сыбаға г
|
100 сыбаға г
|
Қой еті
Нан
Сорпа тұздығы
Бұрыш
Тұз
Пияз
Лавр жапырағы
|
500 г.
750 г.
550 г.
2 г.
30 г.
40 г.
6 г.
|
5,0 кг.
7,5 кг.
5,5 литр
0,02 г.
0,3 г.
0,4 г.
0,06 г.
|
1000-00
100-00
100-00
15-00
30-00
50-00
10-00
|
50000-00
7500-00
5500-00
3-00
90-00
200-00
6-00
|
Шикізат жиынтығының құны : 63299-00
Бір сыбағаның құны : 632-99
Бекіту:
1. Бесбармақ әзілеудің жолдарын,оған жұмсалатын еттердің, қамырдың,тұздықтың мөлшерін атаңыз?.
2.Бесбармақ нешінші тағамға жатады?
3. Бесбармақтың құрамына қандай азық- түліктер енеді?
4. Бесбармақты қалай ұсынады?
Бағалау: оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма:
Бесбармақтың «Жайлау» түрінің жасалу жолы,калькуляциясын жасау.
Балықтан әзірленген бесбармақтың түрі,техникалық картасын сызу.
Айтмурзаева Балхия
№ 9 колледжінің аспаз пәнінің мұғалімі. Оңтүстік Қазақстан облысы,Төлеби ауданы,Көксәйек ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |