Сабақтың тақырыбы: " Тәуелсіз елім -Қазақстаным "


Алихан: М.Мақатаев "Қазақстан"



бет5/5
Дата26.03.2023
өлшемі22,96 Kb.
#76221
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1547091476

Алихан: М.Мақатаев "Қазақстан"
Жақсаттанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім ием де сен. Адам болып күн кешу қиын маған, Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем. Сен менің сүйегіммен қанымдасың, Жанымдасың,ұятым, арымдасың. Саған деген махаббат дамылдасын, Тек сенің топырағыңды жамылғасын. Өзіңше түсің де ерек, ісің де ерек, Сырым бар саған айтар ішімде көп. Қомағай көзімді бір тойдыра алмай, Қорқамын бәрі осының түсім бе деп. Қазақстан! Пай,пай,пай! Ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай. Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, Өлмейтін, махаббатым, арманым-ай!
Нұрәли: Қ. Жұмағалиев "Туған өлкем"
Қазақстаным, Өзіңнен алдым Бұрқанған асау жыр басын. Өзіңсің менің мұңдасым, Досым, Сырласым. Керіліп жатқан кермиық Далам, Сен барда Мынау әлемде Түнектен аман нұр басым.
Қазақстаным, Өзіңмен бірге Дүниеге келген егізім! Қойныңнан табам Ықылым күннің мен ізін... Көлбеген көлдер, Шөлдеген белдер, Өр таулар- Бәрі бар сен де, Тулайды арда теңізің.
Қазақстаным, Қып-қызыл құм да, Жап-жасыл нуда баршылық. Қиырсыз түзге Аспанның асты таршылық Еткендей- Толқып қарайсың, Көңілің аршылып...
Аяулым:
Еңіреген талай бабам ел деген, Тәуелсіздік бізге оңай келмеген. Үлесі бар онда сансыз ерлердің, Өр намысын жауға қолдан бермеген.
Орындалып ата-баба арманы, Азат қыран көгімізде самғады . Оған куә табыс толы жиырма жеті жыл, Әр сәтінің ғасырға тең салмағы .
Гүлайым:
Татулықты ұран қылып күнде біз, Берекемен бірге болды іргеміз. Халқымызды күллі әлемге танытқан, Елбасымен қашандағы біргеміз!!!
Ашық болсын қазағымның аспаны, Биіктесін мәртебесі - асқары. Көк байрағы мәңгі тулап көгінде, Ел намысын қорғап жүрсін жастары!
Тамерлан:
Тәуелсіз елім
Ғажайып халқы бар, Бауырмал салты бар, Тәуелсіз қазақпыз Шыңдарға шар ұрар.
Бабалар ерлігін, Дәріптер ел бүгін. Салтанат құруда, Еркіндік теңдігім.
Ринат: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен қазақпын , бір биік белеспін мен, Еуропа да, Азия да емеспін. Аралықпын жетінші құрылықтай, Бірақ барша адаммен тең емеспін.
Ән "Қазақстаным"- хормен
Қорытынды: Тәуелсіздік күні - Қазақ елінің тарихындағы ең атаулы күн, қазақ халқының сан ғасырлық арманының орындалған күні. Егемендік алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі еді, бейбітшілікте өмір сүретін мемлекет ретінде танытты. Осы Тәуелсіздікті тұғырында нық ұстау үшін сапалы білім мен тәрбие керек. Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! деп бүгінгі "Тәуелсіз елім - Қазақстаным " атты тәрбие сағатымыз аяқтаймыз. Келгендеріңізге р а х м е т !!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет