Кезеңдері
|
Мұғалімнің әрекеті
|
Оқушылардың әрекеті
|
Ресурстары
|
Ұйымдастыру
5 минут
|
Шаттық шеңберде:
1) Жаттығу: Оң қолымен басын алақанымен сәл соғып, ал сол қолымен ішін қатар сипау. Одан кейін қолдарын ауыстырып сол қолмен басын, оң қолмен ішін сипау керек.
2) "Менің көңіл-күйім неге ұқсайды" тренингі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
|
Жаттығуда нұсқау бойынша жұмыс істейді.
Тренингте ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (ауа-райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Мысалы: Менің көңіл-күйім көк аспандағы ақша бұлттарға ұқсайды. Ал сенікі ше ?
Жаттығу мен тренингтен алған әсерлермен бөліседі.
|
Тренингтер жинағы.
|
«Ой шақыру»
7 минут
|
1)"Мозаика" бойынша топқа бөлу. Мұғалім, Әліппе, Бесік, Қалам - суреттерін құрастыру арқылы оқушылар ды топқа бөлу.
1-тапсырма: 1 минут ішінде суреттегі бейнені, өмірмен байланыстыру
|
Мұғалім. Қай кезде де, қандай жағдайда да алдында тұрған баланың бойындағы ұшқынды от етіп жандырып, білімімен сусындататын жандар.
Әліппе. Әріптерді танып, жазуды үйреткен, одан кейін қиялын дәптер бетіне түсірген,ана тілін сүйюге, жаңалықтарға жаны құмар етіп үйреткен оқулық.
Бесік. Оның жанында анасы сәбиіне бесік жыры арқылы өз махаббаты мен жылуын сыйлап, өмірге деген құншылысын дамытады.
Қалам. Ұшқыр қиялын жетелеп, арманын қағазға түсірген, талай туындыларды өмірге әкелген қандай ғажап құралсың !
Топ көшбасшысын, баяндаушысын, бағалаушысын, уақыт бақылаушысын сайлайды.
Бейнеролликке байланысты өз пікірлерін білдіреді.
|
Флипчарт, түрлі түсті маркерлер, «Үш ана» бейнероллигі, АКТ
|
«Миға шабуыл !»
5 минут
|
2) «Үш ана» М.Шаханов бейнефильді көрсету
Бейнефильмге байланысты әр топқа «Жіңішке және жуан» сұрақтар
|
«Жіңішке және жуан» сұрақтарға жауап береді.
|
Бейнефильм,
А4 беті, маркерлер, АКТ
|
Топтық жұмыс
7 минут
|
1-топ «Ана тілі» туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу
2-топ «Сырым шешеннің Малайсарыға айтқаны» сахналық көрініс
3-топ «Тіл, Отан туралы» ән айту. Қазақ биін билеу, күй тарту.
4-топ «Банктегі жағдай» көрінісін көрсету.
|
1-топ: Ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
2-топ: Сахналық көрініс көрсетеді.
3-топ: Ән айтып, би билеп, күй тартады.
4-топ: Көрініс көрсетеді.
|
Ноутбук, mp4-әндер жинағы, ақындардың өлеңдер жинағы, шапандар, бөрік, тақиялар, домбыра
|
Түйінді пікір: ХХІ ғасырда ана тілін қалай қорғау керек?
12 минут
|
Топ тапсырмаларын орындалуы тамашалайды. Әр топтың тапсырмасын сұрақтар қою арқылы талдатады.
|
Әр топ өз тапсырмасын орындайды, сұрақ қояды, сұрақтарға жауап береді. Басқа топ бағалаушысы жұмыстарын бақылайды.
|
Бағалау парағы, маркерлер
|
Жобаны бағалау
4 минут
|
SWOT талдау кестесі бойынша талдатады. Әр топтың тапсырмасын орындау шеберлігі талқыланады
|
Жасалған жоба бойынша SWOT талдау жасайды.
|
SWOT талдау кестесі, қалам
|
Сергіту сәті
3минут
|
Оқушыларды шаттық шеңберде: "Атамекен" әнін шырқауға шақырады.
|
Туған жер туралы пікірлерін білдіреді, өз ойларын ортаға салады .
|
Ноутбук, mp4
|
Кері байланыс
2 минут
|
|