Сабақтың тақырыбы №1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау"



Дата04.11.2023
өлшемі21,5 Kb.
#122125
түріСабақ
Байланысты:
6-сабақ


Физика пәні бойынша 9 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан Оқу тілі : Қазақ

Сабақтың
тақырыбы

№ 1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау"

Сабақтың нөмері

№ 6

Мақсатты

9.2.1.7 теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтау;
9.1.3.2 эксперименттің нәтижесіне әсер ететін факторларды талдау және экспери-ментті жүргізуді жақсарту жолдарын ұсыну;
9.2.1.8 теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың және жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оларды түсіндіру




Қысқаша
Тезист конспект

көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін есептеу. Ол үшін шардың белгілі бір t уақытта жүріп өтетін s орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді.Бастапқы жылдамдықсыз (v=0) тең үдемелі қозғалыс кезінде s=болатындықтан, s пен t-ны өлшеп алып, шардың үдеуін анықтауға болады. Ол

a=.







Сілтемелер



физика 9 – сынып . Атамұра баспасы 223-бет §5.
https://www.youtube.com/watch?v=0yAVZAB-SgM






Тапсырмалар

1.Тұрғы арқылы науаны көкжиекпен кішкене бұрыш жасайтындай етіп бекіту керек (33-сурет).
2.Метроном дыбыс берген бойда шарды науаның жоғарғы басынан жіберіп, ол цилиндрге барып соғылғанға дейін метрономның неше рет соққанын санаңдар. Тәжірибе жүргізерде метрономды минутына 120 рет соғатын етіп қойыңдар.
3.Науаның көкжиекке көлбеулік бұрышын өзгерте отырып, шарды жіберген мезеттен бастап, оның цилиндрге барып соғылуына дейін метроном 4 рет соғатындай етуге болады (соғу арасы үш толас).
4.Шардың қозғалыс уақытын есептеңдер.
5.Өлшеуіш таспаның көмегімен шардың s орын ауыстыруының ұзындығын табыңдар. Науаның көлбеулігін өзгертпей (тәжірибе шарты өзгермеуі тиіс), метрономның төртінші соғуы мен шардың металл цилиндрге соғылуы дәл келетіндей етіп алып (ол үшін цилиндрді аздап қозғауға болады), тәжірибені бес рет қайталау керек.
6.s= формуласы бойынша орын ауыстыру модулінің орташа мәнін, ал содан соң үдеу модулінің орташа мәнін табыңдар: a=.

7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар:




Тәжірибе номірі

S,m

S, m

Метрономның соғу саны

t,c

a, м/c

1.
2.


3.
4.
5.

















Ешбір өлшеу абсолют дәл болмайды. Өлшеу құралдарының жетілмеуіне және басқа себептерге байланысты, қалай да қателік кетеді. Қателіктерді мейлінше азайту үшін тәжірибе шартын өзгертпей,өлшеу жұмыстарын бірнеше рет қайталап орындаған жөн. Содан кейін олардың арифметикалық орташа мәні есептеледі. Бұл жұмысты да осылай орындау ұсынылады.







Кері байланыс

Орындалған тапсырмаларын оқушылар Kundelik.kz , электрондық почта , google classroom , WhatsApp мобильді қосымшалары арқылы жібереді.






Әзірлеуші : Хасен З №59 МГ физика пәні мұғалімі . Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет