қоғамдағы маңызды мәселелер тақырып болады: саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер;
сөз нақты, жинақы, тұжырымды құрылады;
экспрессивті, екпінді болады;
тыңдаушыларды немесе оқырманды сол мәселеге араласуға жетелейтіндей болып құрылады;
тақырыбына сай көркем әдебиет не ғылыми стильге жақын болады;
ауызша, жазбаша формада болады,ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стилінінің сипаттарына ие болады.
Оқушыларға ережені дауыстап оқыту;
Ережені іштерінен оқып шығуға уақыт беру;
Өз түсінгендерін ортаға салғызу;
Ережені талдату және жаттығу жұмысы арқылы бекіту
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
№8-тапсырма.
Рөлдік ойын. Мәтін мазмұнына сүйеніп, Асан Жолдасовтың атынан «Пифагор» мектебі туралы жарнама жаса. Асанның сөзін бірінші жағдаятта досыңа; екінші жағдаятта басқа мектептің оқушыларына; үшінші жағдаятта теледидардан берілген жарнама түрінде айт.Публицистикал стильде айтылған сөздердің мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін өзге стильдермее салыстыра талда. Өз сөзіңде екі мақал-мәтел, үш фразеологизм қолдан. Сынып «Ең үздік Асан» рөлін анықтасын.
Айтылым-жазылым:
Берілген тапсырманы рөлдік ойындарға еніп орындайды.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым және айтылым –жазылым дағдысы қалыптасады.