Ақпараттық мәтін
Үлестірмелі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
Кесте
Қорытынды
Кері байланыс Тақырып бойынша не білетінін, не білгенін жазады
Тақырып бойынша не білетінін, , не білгенін жазады
Оқушылар баға-лайды
Ұйымдастыру бөлімі: «Ақшаны сыйласаң ол да сені жақсы көреді»немесе «Тиыннан сом құралады» деген мақалдар біздің бүгінгі сабағымызға қатысты айтылғандай.Біздің барлығымыздың отбасымыз бар.Біз онда тәрбиеленеміз,демаламыз,еңбек етеміз,барлық қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз.Барлығының ортақ ісі – отбасын дұрыс ұстап,әр мүшенің дамуына мүмкіндік туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Отбасы табысты да барлығына ортақ.Оның мүшелерінің керегіне жұмсалады.Жұмыс істеп табыс табу арқылы отбасы қоры жиналады.олай болса «Отбасы бюджеті»біздің отбасымыздың экономикасы
Тапсырма Үй табысы деген не?
«Бюджет»- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады екен.Біз әр күнімізді,мерекені,жұмыстың бәрін жоспарлаймыз.Сол секілді ақшаны да санап,жоспарлы жұмсаған дұрыс.Үй бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыстарды және шығындарды тиімді құрастырып,есептеп отыру.
Бюджет қалай тиімді болады?Ол үшін отбасылық кірістерді және шығыстарды дұрыс құрастыру қажет.
Кірістер дегеніміз – барлық ақшаларыңыз.Шығыстар дегеніміз жаратылып жатқан ақша.Кірістерге шәкртақы,зейнетақы,айлық жалақы,құнды қағаздар,жәрдемақы.т.б жатады.
Шығыстарға –салық,азық –түлікке жұмсалатын қаржы,киім- кешек,жиһазға жететін қаржы.
Тест сұрақтары,дәптерге орындау. 1.Отбасылық бюджет ол-
А)Бергілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс және шығыс көзі.
Ә)ақшалай немесе заттай құндылық
Б)отбасылық кіріс және барлық бағалы заттар,қарыздар,кірістер,шығыстар және т.б қажеттіліктер жазатын журнал.
2.Табыс дегеніміз-
А) шығыс қажеттілігі үшін жұмсалатын қаржылар.
Ә)тепе –теңдікті сақтау үшін берілетін мүмкіндіктер
Б)өндірістен,жеке адамнан ақшалай заттай бағалы қағаздай алатын құндылықтар.
3.Болжам жасалынбаған шығыстар:
А) тамаққа
Ә)коммуналдық қызмет
Б) тұрмыстық мәдени шығын
4.негізгі сатып алу ережесі:
А)кездейсоқ сауда жасау.
Ә)заттың сапасын,кепілдік мерзімін көру
Б)ыңғайлылығы, қолайлылығы
В) сапасы,ерекшелігі
5.Зат қандай талаптарға жауап береді?
А)құны,бағалы
Ә)ыңғайлы,қолайлы
Б)ерекше,сапалы
6.Отбасылық қажетіліктің қайсысы материалдық шығынға жатпайды?
А)Тамақ пен киімге жұмсалған қаржы
Ә)білімге,қоғаммен араласуға
Б)үйге,жиһазға,тұрмыстық заттар жұмсалған қаржы
Тапсырма «Отбасы бюджеті»ойынын ойнаймыз.кімнің отбасында таразы басы қалай тартады екен?
1.Отбасының айлық жалақысы
2.Көлік ұшін жұмсалатын қаржы
3.Тамаққа жұмсалатын қаржы
4.Шәкіртақы,зейнетақы,жәрдемақы
5.Құнды қағаз
6.Жалданған пәтер үшін ақы алу.
7.үйірме,секция,репититорлық қызмет көрсету.
8.Сыйақы
9.Әр түрлі салықтар,комуналдық қызмет пен несие
10.Киімге,жиһазға жұмсалатын қаржы.
11.Жеке шаруа қожалығынан түсетін қаржы
12.Тұрмыстық мәдени қызметтер. (кино,театр,музей,туған күн, той)
13.Үнемдеу,жинақ соммалары
14.Жоспарланбаған шығындар.
Жауабы:1,4,5,6,8,11,13- кірістер
2,3,7,9,10,12,14 – шығыстар.
Егер тең болса тепе – теңдік жағдайда біреуі басым болуы да мүмкін.