Берілген сұрақтарға жауап жаз. Бір-біріңнің жауабын тыңда, ақылдас.
1.Екісөзділік, екіжүзділік деген не?
2.Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек?
Денің таза болмаса,
Тіл тазасы не керек? –
деген нақыл сөз бізді неге шақырады?
3. Биі көп елді дау аралайды,
Дауы көп елді жау аралайды, -деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсіндірер едің?
4.Әйеліңмен дос бол – берекең кіреді,
Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі,
Білімдімен дос бол – ақыл-кеңес береді,-деген нақыл сөз сені неге үретеді деп ойлайсың?
5. Қатынды теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Қатынды тепсең – сағы сынар,
Баланы ұрсаң – бағы сынар.
Қатын ашынса, қатты айтар,
Бала ашуланса, бетің қайтар, - деген нақыл сөз бізді неден сақтандырады? Сағы сынар, бағы сынар деген тіркестердің мағынасы қандай?
6.Біреуден алған аманат –
Берсең, жақсы саламат.
Жанжал қылсаң, бақ кетер,
Ақыры қалар жаманат, -деген нақыл сөз неден сақтандырып тұр?
|
Оқушылар берілген сұраққа өз жауаптарын білдіреді, жаңа тақырыпқа назар аударады
Шешендік нақылға берілген ақпаратты оқып, тест сұрақтарына жауап береді.
Жұптық жұмыста берілген шешендік сөз үлгісінің мәнін бір-біріне ұғындырады
|
|