Жаңа сабақты меңгеру. 1. Бейнематериал қарау: «Экология және Қазақстан»
Сұрақ қою.
1. Адам табиғатқа қалай әсер етеді?
2. Адам іс-әрекеті қоршаған ортаға зиян болуы мүмкін бе? Мысал келтіріп көрейікші
2. Терминмен жұмыс Техносфера – адамның техникалық және техногенді нысандар арқылы (ғимараттар, жолдар салу, т.б.) түпкілікті өзгерткен биосфераның бір бөлігі.
Антропогенді фактор – адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер етеін факторлар
Мониторинг - қоршаған табиғи орта жағдайының антропогендік факторлардың әсер-ықпалынан өзгеруін болжау мен бағалау жүйесі
«Географиялық диктант» - қалып қойған сөздерді толықтырыңыз.
Жер бетінде адам тіршілік ете бастағанан табиғи 1аумақтық кешен өзгеру үстінде. Қазіргі уақытта географиялық қабыққа адам әсер етпеген бірде-бір аумақ жоқ. Табиғатқа жасанды әсер етудің зардаптары қоршаған ортаны ластаумен қатар, 2экологиялық проблемалардың пайда болуына әсер етті. Экологиялық проблемалардың бірі – 3антропогендік ықпалдар. Табиғи ортаны ластаушылардың бірі – 4автокөлік. Себебі көліктен шығатын 5200 компоненттен тұратын газдар адам организміне жағымсыз әсер етуде.
БҰҰ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 6халықаралық ұйым (ЮНЕП) құрды. Оның басты мақсаты – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми негізін жасау.
Қоршаған ортаның бастапқы жағдайы, оның қазіргі уақыттағы ластану қаупі, орта сапасының өзгеру болжамдары туралы ақпарат алу мақсатымен ғаламдық 7мониторинг желісі жасалады.
Сабақты бекіту Тапсырма. Мына суретті мұқият қарап экожүйеге сипаттама бер.
Адам әсерінен табиғат қалай өзгереді?
ауылшаруашылығының табиғатқа әсері
өндірістердің қоршаған ортаға әсері
қоршаған ортаны жақсарту шаралары
Дискриптор:
-Ауылшаруашылығының табиғатқа әсерін анықтайды:
- өндірістердің қоршаған ортағаәсерін анықтайды.
-қоршаған ортаны жақсарту шараларын жасай алады
Бейне материал: youtube.com
Дәптерге жазып алу
Берілген мәтін ішіндегі қалып қойған сөздерді толықтырады.
1-қосымша
Сабақтың соңы
5мин
Дискриптор: Тиісті сөздерді орнына қойып дұрыс жаза алады. Диктантты сауатты орындайды.