Сызықтық-бұрыштық құралға техникалық қызмет көрсету: микрометрлер, сызғыштар, штангенциркульдер, рулеткалар. Штангенциркуль. Өлшем дұрыс болмаса, жұмыстың да дұрыс болмағаны. Өлшеуіш аспаптар детальдарды өлшеу үшін қолданылады. Өлшеуіш аспаптарға жататындар: сызғыш, метрлік, рулетка, циркуль, рейсмус, кронциркуль, нутромер, штангенциркуль. Сызғыш – ұсақ-түйек өлшемдерге арналған, ұзындығы 500 мм. Метрлік – ұзындығы 1000 мм қарапайым өлшеуіш құрал. Рулетка – оралмалы арнаулы өлшем, оның ұзындығы 1,5 м-30 м-ге дейін жəне одан да артық болады. Рулеткамен өлшемі анағұрлым артық келетін ұзындықтарды өлшейді. Циркуль – шеңбер сызуға арналған құрал, сонымен қатар өлшеу үшін де пайдаланылады. Рейсмус – белгіленген орында параллель немесе бір сызық жүргізуге арналған аспап. Кронциркуль сыртқы диаметрлерді жəне ұзындықтарды өлшеу үшін қолданылады. Кронциркульдің доға тəріздес сирақтарының арасын ажыратыпөлшейді. Алынған өлшем масштабтық сызғыштың бөліктерімен салыстырылады. Нутромер – ішкі диаметрлерді жəне ұзындықтарды өлшеуге арналған. Оның да өлшемдері сызғышпен салыстырылады. Штангенциркуль – əмбебап өлшеуіш аспап болып табылады. Онымен детальдардың ішкі жəне сыртқы өлшемдері тікелей өлшенеді. Мысалы, тостаған, келі – келсап т.б. Бұл аспаппен өте нақты, дəл өлшем бірліктерін анықтауға болады. Штангенциркуль штангамен тұтасқан қозғалмайтын еріндерден, рамамен, тереңдік өлшеуішпен жəне нониуспен байланысқан жылжыма еріндерден құралады. Нониус – миллиметрдің бөлшек үлестерін (1/10 – 1/50) көрсететін көмекші шкала. Детальдарды сырттай жəне іштей өлшеу үшін штангенциркульдың еріндері арасы ажыратылады. Қозғалатын ерінді тапжылтпай тежеп қою үшін винт қолданылады. Алынған өлшемнің бүтн миллиметрлері санын штангададағы бөліктер, ал миллиметрдің бөлшек үлестері санын нониустағы бөліктер көрсетеді. Слесарьлық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жабдықтарды жарамды күйінде ұстап жəне оларды дұрыс пайдалану үшін бақылау-өлшеу құралдарын қолданады. Олар: штангенциркуль, микрометр, əмбебап бұрыш өлшегіш, индикатор, шекті мөлшерлегіш жəне бұранда өлшегіштер. Штангенциркуль. Бұл құрал бөлшектердің сыртқы жəне ішкі көлемдерін 0,1мм дейінгі дəлдікпен өлшеуге арналған.