(Т) 2- тапсырма «Есепті шығар» әдісі арқылы жүзеге асады.
3) Кесте бойынша есептер құрастырып шығар.
А) Балалар 18 кг алма жинады. Оларды 6 жәшікке тең бөліп салды. Әр жәшіктегі алма массасы неше кг?
Ш: 18:6=3 Ж: 1 жәшікте 3 кг алма.
Ш: 6*7=42 Ж: барлығы 42 кг алма.
Ш: 54:9=6 Ж: 54 кг алма 6 жәшік.
Ш: 42:6=7 Ж: 1 жәшікте 7 кг алма.
Ә) Балалар әрқайсысында 6 кг-нан 7 жәшік алмұрт, әрқайсысында 8 кг-нан 6 жәшік алма жинады. Барлығы неше кг жеміс жинады?
Ш: 6*7+8*6=42+48=90
Ж:барлығы 90кг жеміс жинады.
Б) Есептің қысқаша жазылуын толықтырып шығар.
Өрік -9кг-нан 5 жәшік
Шабдалы -3кг-нан 7 жәшік ?кг
Ш:9*5+3*7=45+21=66
Ж:барлығы 66 кг жеміс.
4) Сурет пен кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығар.
Бір қорап дәптер 40 теңге тұрады. Ал қорапта 5 дәптер болса, онда 1 дәптердің бағасы неше теңге? Бағасын біле отырып, 56 теңгеге осындай неше дәптер сатып алуға болатынын анықта.
Ш: 40:5=8 56:8=7
Ж: 1 дәптер 8 тг. 56 теңгеге 7 дәптер алуға болады.
5) 5 дәптер үшін 35 тг төледі. Осындай 8 дәптер қанша тұрады?кестедегі есепке қара. Есеп сұрақтарына жауап беру үшін нені білу керектігін түсіндір. Бір дәптердің бағасын қалай білеміз? 1 дәптердің бағасын біле отырып, осындай 8 дәптердің құнын тап.
Ш: 35:5*8=56
Ж: 8 дәптердің құны 56 тг.
Дескриптор:
- Кесте бойынша есептер құрастырып шығарады.
- Есептің қысқаша жазылуын толықтырып шығарады.
- Сурет пен кесте бойынша есеп құрастырып, оны шығарады.
(Д) 3- тапсырма «Есепте» әдісіарқылы жүзеге асады.
6) Есептердің берілуін салыстыр.Кесте бойынша есеп құрастырып шығар.
А)56 теңгеге 7 дана өшіргіш сатып алды. Осындай бағадағы 6 дана өшіргіштің құны неше теңге болады?
Ш: 56:7*6=48
Ж: 6 дана өшіргіштің құны 48 тг.
Ә) жалпы массасы 56 кг болатын салмақтары бірдей 7 дана қарбыз сатып алды. Осындай салмақтағы 6 дана қарбыздың жалпы массасы неше кг болады?
Ш: 56:7*6=48
Ж: 6 дана қарбыздың жалпы массасы 48 кг.
9) Жарқын Ғалиядан «Біздің сыныпта неше қыз бар?»-деп сұрады. Ғалия біраз ойланып: «Ең үлкен екі таңбалы саннан сегіз екі рет жазылған санды азайттым. Шыққан санға ең кіші екі таңбалы санды қосқада, біздің сыныптағы қыздардың саны шығады» –деді. Сыныпта неше қыз бар?
Ш:99-88+10=21
Ж: Сыныпта 21 қыз бар.
Дескриптор:
- Есептердің берілуін салыстырады.
- Кесте бойынша есеп құрастырып шығарады.
- Сыныпта қыз балалар санын анықтайды.